Жас қазақ қаламгердің кітабы түрік оқырманына жол тартты

Жас қазақ қаламгердің кітабы түрік оқырманына жол тартты

Ыстанбұл, 2024 жылғы 25 мамыр – Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен талантты жас қазақ қаламгері Жамиля Бақтиярқызының жеті тілде басылып шыққан бестселлері «Бәйшешек» кітабының түрік тіліндегі нұсқасының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға Түркиядағы қазақ диаспорасының өкілдері, студенттер, сондай-ақ, әдебиет сүйер қауым қатысты.

Шынайылық және шабытпен жазылған «Бәйшешек» кітабы Жамиляның өміріндегі жастық шағына арналған. Кітапта автордың қайсарлығы мен өмір сүруге деген ерік-жігерінің арқасында 10 жыл бойы бірте-бірте бүкіл денесіне тараған ауыр дертпен күресіп, оны жеңе алғаны туралы баяндалады.

Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының Түркиядағы Өкілі Ержан Уаис «Бәйшешек» кітабында қиындыққа берілмей, төтеп беру мағынаның қаншалықты маңызды екенін, оқырманды шабыттандыратын оқиға екенін және шығарманың өмірді бағалай білуге және тұлғаның өзіне деген сенімін жоғалтпауға үйрететінін атап өтті.

Іс-шара соңында Бас консул Нуриддин Аманкул Жамиля Бақтиярқызының қайсарлығы әсіресе жас буынға жігер беретінін, сондай-ақ табандылық пен үміт болса жетістіктің жолы табылатындығының дәлелі екенін айтты.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
28.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 142
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 192
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 66
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 246
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 55

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20805