Жастар жұмыссыз қалмайды

Жастар жұмыссыз  қалмайды

Ақтөбе облысында жастар жұмыссыздығының алдын алу және жұмыспен қамту деңгейін арттыру бағытында бірқатар іс-шаралар іске асырылып жатыр. Жыл басынан бері облыста 13 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылса, оның үштен бірі – жастар.

Ақтөбе облысы бойынша еңбек мобильдігі орталығының басшысы Алтынай Маханованың айтуынша, жыл басынан бері өңірде 1 120 жас тұрақты жұмысқа орналасқан. 

– Субсидияланатын уақытша жұмыс орындарына, яғни жастар практикасы, ұрпақтар келісімшарты, алғашқы жұмыс орны жобалары бойынша 2,5 мыңнан аса жас орналастырылды, – дейді ол. 

Бүгінде өңірдегі 15-35 жас аралығындағы жастардың жұмыссыздық деңгейі – 2,5%. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен (3,5%)  төмен.

– Қазіргі уақытта Еnbek.kz. порталында Ақтөбе облысы бойынша 1388 бос жұмыс орны жарияланды, оның ішінде білім және тәрбие саласында – 124, біліктілігі жоқ мамандықтар бойынша – 116, өндіріс саласында – 61, медицина және фармацевтика саласында – 105, қаржы және бухгалтерлік есеп саласында 41 бос жұмыс орны жарияланды, – дейді Алтынай Маханова. 

Облыста тұрақты түрде бос жұмыс орындары жәрмеңкелері, «Қамқор» акциясы, әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер, семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, университеттер мен колледж студенттерімен кездесулер өткізіліп, жастарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар бойынша ақпараттар беріледі. 

Жақында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде оқу орны түлектері үшін мемлекеттік қызметке бос орындар жәрмеңкесі өтті. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Шілманов және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысқан жәрмеңкеде түлектерге мемлекеттік қызметтің әртүрлі саласы бойынша жүзден астам бос жұмыс орындары ұсынылды. Бүгінде өңірімізде 4 мыңнан астам мемлекеттік қызметші еңбек етіп жатыр, олардың әрбір төртіншісі – Жұбанов университетінің түлегі. Биыл өңірлік жоғары оқу орнын 3 мыңға жуық түлек тамамдағалы отыр, демек, өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің қатары толығады деуге болады. 

Айбек Шілманов өңірде мемлекеттік қызмет саласы жас мамандарға тапшы екендігін, мемлекеттік органдарда екі жүзге жуық бос орын бар екендігін айтты. Оның 80 пайызы аудандық және ауылдық деңгейде екен. Осы ретте жастардың ауылға баруын ынталандыру мақсатында «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында да мол мүмкіндік беріліп отырғандығын айтқан жөн. Биыл ауылға барған жас мамандарды көтермеақы және баспанамен қамту үшін бюджеттен өткен жылға қарағанда әлдеқайда қомақты қаржы қаралған. Мәселен, тек тұрғын үй алып беруге 960 миллион теңге бағытталмақ. 

Университет ректоры Лаура Қарабасова жастарға мемлекет тарапынан осындай мүмкіндіктердің беріліп отырғандығын айтып, қолына дипломын алып, үлкен өмірге аттанғалы тұрған жастарға өздеріне лайық жұмыс тауып, еліміздің дамуына еңбек етуіне тілектестігін білдірді.  

 

М.ТАБЫН
30.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 70
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 592
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 708
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 621
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 631

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8767
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8166
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11395
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9149
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10380