Жастардың өз орнын табуына қалай көмектесеміз?

Жастардың өз орнын табуына қалай көмектесеміз?

Қазақстан Республикасының Жастар саясаты туралы заңға сәйкес, енді 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына кіреді. Осыған байланысты жастар санатына жататын азаматтар саны қазір елімізде 6,2 миллионды құрады. Бұрын елімізде жастар санатын 14 пен 29 жас құрайтын. Сонымен қатар бұған дейін ресми түрде анықталмаған NEET жастар мәртебесі заң жүзінде бекітіліп, осындай жастарды қолдау тетігін енгізу мәселесі қолға алынатын болды. Жастар саясаты туралы заң жобасын мақұлдауға арналған Үкіметтің жалпы отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі:

– Елімізде жұмыссыз және оқудан шығып қалған жастардың көп екені белгілі. Бұл мәселе осы заң жобасында кеңінен көрініс тапқан. Жастар санатындағыларды төртке бөлуді қарастырып отырмыз. Біріншісі – жалпы жұмыссыз жастар. Оқудан шығып қалған, жұмыс істемейтіндер қатарын анықтаймыз. Халықты жұмыспен қамту орталықтарынан олардың дереккөздері алынады. Екінші санатта – жұмыс істей алатын мүмкіндігі шектеулі жандар, үшінші санатта – созылмалы аурулармен ауыратын немесе зиянды нәрселерге тәуелді еліміздегі белсенді емес жастармен жұмыс істеуді қолға аламыз. Соңғысы – үй шаруасындағы жастар. Оған көпбалалы, жалғызбасты аналар кіреді. Олардың саны анықталып, индексі жасақталады және жұмыспен қамту мәселесімен айналысамыз, – деді.

Жалпы «NEET жастар деген кімдер?» дегенге қысқаша жауап берер болсақ, ғылымда NEET термині ағылшын тіліндегі «Not in Empoloyment. Education or Training» ұғымының бас әріптерінен құралған. Қазақ тіліне аударсақ, «не жұмыс істемейтін, не оқымайтын, не өзге де істермен айналыспайтын адам» дегенді білдіреді (massaget.kz).

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен былтыр күзде бекітілген ұлттық 10 нақты жобаның «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасында NEET жастар санатын қолдау шараларына ерекше назар аударылып, осы санаттағы жастардың үлесін 5%-ға дейін төмендету туралы тапсырма берілген болатын. Жоба үш бірдей министрлікке (Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт, Білім және ғылым министрліктері) жүктеліп, 2021-2025 жылдарға арналған жобаны жүзеге асыруға 119 млрд теңге бөлу қарастырылған болатын. Жоба негізінде әсіресе NEET жастар санатын қолдау шараларына ерекше басымдық беру міндеті жүктелген-тін. Осы орайда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі:

– Мемлекет басшысы қоғамның саяси және экономикалық трансформациясы, сондай-ақ, табысты және әділ Қазақстан құру бағытында ауқымды міндеттер қойып отыр. Бұл процестердегі жастардың орны айрықша. Өйткені ел халқының 20%-дан астамы – жастар. Біз жастардың дамуына жол ашып, өмірден, қоғамнан өз орнын табуына мүмкіндік беріп, жағдай жасауымыз керек. Бұл заң жобасы осы бағыттағы мемлекеттік маңызы бар құжаттың бірі деп білемін. Сондықтан жастарымыздың білім алуы, жұмысқа орналасуы, денсаулығы, өзінөзі дамытуы, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне толыққанды қатысуы үшін тең мүмкіндік пен қолайлы жағдай жасау – кезек күттірмейтін көкейкесті мәселе, – деді.

Дегенмен бұған дейін де елімізде жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыс істеп келген бірқатар ауқымды «Дипломмен – ауылға!», «Серпін», «Баршаға бірдей тегін техникалық және кәсіптік білім беру», «Жас кәсіпкер» секілді жобалардың айтарлықтай нәтиже бермегенін ескерсек, әлі де ойлануға тура келеді. Былтыр Мемлекет басшысы ұсынған жастар арасындағы жұмыссыздықты жою, алдағы 5 жылда Қазақстанда беделді деген халықаралық 5 ЖОО филиалын ашу, мамандық таңдауда нақты қажетті мамандықтарға басымдық беру, халық тығыз орналасқан өңірлердің жастарына гранттар бөлу, әскери борышын өтеуге ынталандыру, «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысу мерзімін ұзарту, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында тиісті грантты 400 АЕК-ке дейін ұлғайту бойынша тапсырмалардың қалай жүзеге асып жатқандығы туралы нақты есеп берілген жоқ. Үкімет қандай да бір заң жобасын бекітердің алдында саладағы сабақтастықты ескерсе дейміз. Әйтпесе 30 жыл бойы аты бар да заты жоқ, күнде ашылып, жабылып жататын өндіріс орындары секілді, заң жобалары мен бағдарламаларда да қаншама игі ниеттер ұмытылып қалды. Сондықтан әділетті жаңа Қазақстанда алдымен сөз бен істің бірлігіне, сабақтастыққа көбірек мән берілсе екен дейміз. Әсіресе жастар саясаты секілді еліміздің болашағына қатысты мәселеде «Ұлтқа қызмет ету – ұрпақ мүддесіне қызмет ету» деген қағида ескерілсе дейміз. 

Арай АСПАН
29.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 15
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 20
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 2
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 8
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 12
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 10
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 17
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 20
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 249
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 244
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 869

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8941
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8333
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11561
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9319
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10545