Жерге мембақылауды күшейту қажет

Жерге мембақылауды күшейту қажет

   ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу қызметімен танысты.  Министрге бүгінгі таңда топырақ, геоботаникалық зерттеу, топырақ бонитетін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны баяндалды. Корпорациядағылар: «Алынған топырақты зерттеу материалдарын салыстырмалы талдау елде топырақ құнарлылығының төмендеуі мен жайылымдық жерлердің тозу үрдісі күшейіп келе жатқанын көрсетеді. Негізгі себеп – жер пайдаланушылардың жер заңнамасының негізгі талаптарын сақтамауы. Егер мұндай үрдіс жалғаса берсе, 2040 жылға қарай дәнді дақылдардың өнімділігі шамамен 15 пайызға төмендеуі мүмкін»,— деп болжам жасады. «Ақпараттық жүйелерді шоғырландыру арқылы «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін (МЖК ААЖ, ЖМТ МДҚ) құру және енгізу» жобасы аясында Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрын әзірлеудің техникалық бөлігі аяқталғаны баяндалды. Бұл жобаны енгізу жер қоры және жылжымайтын мүлік объектілері туралы ақпараттың ашықтығын және халыққа қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Корпорация қызметінің нәтижелерімен танысқан Ауыл шаруашылығы министрі: «Топырақ құнарының нашарлауы ең алдымен жер пайдалануда орын алған жүйелі проблемаларға байланысты. Атап айтқанда, заманауи цифрлық технологияларға негізделген, жерді пайдалану процестеріне, жалға алушылардың жер заңнамасының талаптарын қалай орындайтынына нақты бақылау жүргізетін мемлекеттің нақты құралы әлі жоқ. Екінші жағынан жалға алушының Жер кодексінде қарастырылған міндеттемелері жалдау шарттарында көрсетілмеген. Осындай техникалық кемшіліктер де бар. Бұл жауапсыз жер пайдаланушылармен жалдау шартын бұзу үшін дәлелдерді жылдам жинауды қиындатады. Бұл тек егістік жерлерге ғана емес, жайылымдық жерлерге де қатысты. Сондықтан бүгінгі таңда біздің алдымызда осы жүйелік проблеманы қысқа мерзімде шешу міндеті тұр. Осыған байланысты, қазіргі уақытта Министрлік егіс айналымдарының сақталуына нақты бақылау жүргізу, жайылымдардың тозу дәрежесін анықтау үшін ғарыштық мониторингті және Жерді қашықтан зондтауды пайдалана отырып, егістіктердегі өсімдіктердің түрін айқындаудың заманауи әдістемесін әзірлеу мәселелерін пысықтауда. Екінші жағынан, жер пайдаланушының әрбір жер учаскесі бойынша топырақтың жай-күйі туралы тұрақты негізде нақты ақпарат болуы үшін республикалық Агрохимиялық қызметтің мүмкіндігін заманауи әдістемеге көшіру жоспарлануда. Осы мәселелерді шешу арқылы ғана біз жерді пайдалану процестеріне нақты бақылау жасап, басты байлығымыз жерді бақылаусыз және өрескел заңбұзушылықпен пайдаланатындарды тоқтата аламыз. Бұл біздің ведомствоның ең өзекті міндеттерінің бірі», — деп қадап айтты.

Ермек Сахариев
23.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» президенті маңызды мәлімдеме жасады
«Ордабасы» футбол клубының президенті Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы - 25.04.2024 18
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 28
КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУ БОЙЫНША  «ПЛОГГИНГ» МАРАФОНЫ ӨТТІ
Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 39

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1016
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7063
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10911
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7131
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7274