Жол азабын тартқан тұрғындар

Жол  азабын  тартқан  тұрғындар

«Жол таңдауда жалтаңдауға болмайды». Қарап тұрсаңыз, мәні мен мақсаты өзге бағытта айтылғанымен, бүгінгінің басты проблемасы саналар «жол мәселесінің» ахуалына дәлме-дәл келетіндей. Себебі ауыл мен қаланы, шаһар мен даланы, ел мен елді, жер мен жерді жалғап жатқан жолдың сапасы күн тәртібінен әлі түсер емес.

Алысты жақын, жақынды алыс қылу күре жолдың күтімі мен жағдайына байланысты екендігі рас. Сондай-ақ тұрғындар үшін жол мәселесі әрдайым өзекті. Бүгінге дейін жол азабын тартып отырған ауылдар аз емес. Ал қала маңындағы ауылдардың көбісінде жағдай жасалмаған. Мысалы Алматы Қазақстандағы ең үлкен мегаполис екені белгілі. Бүгінде қаланың ресми бекітілген территориясынан бөлек жапсарласып, жалғасып жатқан ауылдар көп. Соның бірі Қарасай ауданы Кемертоған ауылындағы жолдың сапасы сын көтермей тұр. Тұрғындардың басым көпшілігі қалаға келіп жұмыс істейтіні белгілі, ал бұл жерде қалаға жету тұрмақ, ауыл ішінде баланы мектепке дейін тасымалдау азаптың азабы болып отыр екен. Кемертоған елді мекенінде жолды жол деуге аузың бармайды. «Жол азабын жүрген білер» дегендей, «қашанға дейін қол қусырып отыра береміз?» деп, ойдым-ойдым шұңқырдан жабыққан ауыл тұрғындары ешкімге қол жаймай-ақ өздері жиналып, нағыз қазақы ауызбіршілікті көрсетіп, жолды өз қалталарынан жасауға мәжбүр болып отыр. Ауылдың 100 шақты үйі жиналып 1 шақырымға жуық жолды өздері төсеп жатыр. Жол жоқ болғаннан кейін қоғамдық көлік жүрмейді, көлігі жоқ тұрғындар жұмысқа жету үшін 5 шақырым жаяу жүреді екен, жаңа оқу жылы бастала салып балалардың мектепке қатынауы да үлкен қиындық туғызған. Бұл ауылда жол қашан болады? Күні кеше ғана Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз Жолдауында: «Сондай-ақ автокөлік жолдарының құрылысы мәселесі шешімін табуға тиіс. Қазір оның сапасы сын көтермейді. Тиісті жұмыстар уақытылы және сапалы жасалмайды. Жемқорлық белең алып тұр, бәсеке де жоқтың қасы. Мұның бәрі – осы салада әбден тамыр жайған кемшіліктер. Сондықтан жыл соңына дейін нақты шаралар қабылдау қажет. Міндетін адал атқармаған барлық компания заң бойынша жауапқа тартылады. Бұл мәселеге мен баса назар аударамын. Бақылауды күшейтіп, жаңа нормативтік құжаттар қабылдау керек. 2029 жылға дейін 4 мың шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізу қажет», – деді.

Осыдан екі ай бұрын Шығыс Қазақстандағы өрттен кейін сапарлай барған Президент Қ.Тоқаевқа Семейдің бір тұрғыны «Сіздің келер алдыңызда ғана асфальт төселген болатын» деп ағынан жарылған еді. Енді тура осындай жағдай Алматы облысында орын алып отыр. Бұл жақтың жолы жасалауы үшін де Тоқаев мырзаның келуін күтеміз бе?

 

РАУАН МУТАИР
07.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 38
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 95
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 38
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 43
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 37
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 90
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 95
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 290
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 284
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 905

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8982
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8377
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11602
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9360
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10586