ЖОШЫНЫҢ ЖҰМБАҚ ӨЛІМІ

ЖОШЫНЫҢ ЖҰМБАҚ ӨЛІМІ

Қаратау технология, білім және бизнес колледжінің жап-жаңа акт залында жақында ғана тағы да бір үлкен іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараның жоғары деңгейде өткізілуіне көп көмек көрсеткен колледж директоры Алмасхан Жүзжасаровтың еңбегі үлкен болды. Басшының қолдауы болғаны қандай істің болсын сәтті өтуіне бір себі тиетіні рас екен ғой. Президенттің тапсырмасы бойынша биылғы Жошы ханның 800 жылдығына арналған ғылыми конференциялар соны ізденістер өткізілуіне тапсырма берілгенін бәріңіз де білесіздер. 

Мемлекет басшысының игі тапсырмасын орындауға көптеген драматургтер пьеса жазып, Думан Рамазан атты драматургіміздің «Жошы хан» атты пьесасының қойылымын көруге Президент Қ.К.Тоқаевтың өзі де барғанын білесіздер және Ұларбек Дәлейұлының «Жошы хан» атты үлкен романы жарық көрді. Мұнан өзге де Жошының жұмбақ өлімі турасында түрлі ғалымдар, ғылыми мекемелер зерттеулер жүргізіп жатқаны да айқын. Осы тақырыпқа зерттеулер жасауға орта оқу орындары да белсене кірісті. Сәуір айының ішінде «Жошы ұлысына – 800 жыл» атты семинар колледжде өткізілген болатын, ал араға ай салып, «Жошы ұлысы – қазақ хандығы һәм қыпшақ хандығы» атты аудандық конференция өткізілді. Бұл конференцияға аудандық «Талас резервтік орталығынан» Орынбек Асылжан, Талас аудандық тарихи-өлкетану музейінен Серікбаева Эльмира мен экскурсия жетекшісі Байжанова Нұршат, колледж әкімшілігінен Жилбаева Баян, математика пәнінің оқытушысы Шыныбекова Нұргүл, жас маман Тұрдияр Меруерт және мен тарихшы ретінде баяндамалар жасадық. Бұл жолғы баяндамаларда тарихи жеке тұлға Жошының қилы кезеңдердегі ерлікке толы жорықтарына, оның барлық қазақ хандарының арғы бабасы болып келетіндігіне, оның тікелей ұрпағы ержүрек Бату ханның жорықтарына және қазақ даласын көркейткен ұлы істерін жалғастырушы Орда Ежен туралы студенттердің кең дүниетанымдарын кеңейткен келелі әңгіме өрбіді. Студенттер кең залға тұтас шақырылды. Олардың арасында да тарихи танымдарын кеңейтуге ұмтылған жастар көп болды. Мысалы Сағынтай Ерасыл атты студентіміз «Тәуелсіздік» атты жырды оқып, өлеңнен шашу шашты (бұл жиынға бастан-аяқ өзім жауапты болған едім, сондықтан қатты толқыдым). Баяндамаларда өте үлкен-үлкен мәселелер көтерілді. Мысалы Байжанова Нұршат өз баяндамасында Жошы ханның балалық шағынан бастап, әкесі және бауырларымен өзара араздығы туралы айтып берді. Бұл өте үлкен тақырыпта музей экскурсия жетекшісі Байжанова Нұршаттың өте үлкен дайындықпен келгенін дәлелдеді. Орынбек Асылжанның да көп еңбектенгені көрінді. Алтын орданың қилы тарихы туралы қызықты мағлұматтар келтірді. Нұргүл Шыныбекова «Орда Еженнің» қазақ хандарының бәрінің атасы» болғанын айтып берді, ал Меруерт Тұрдияр болса, «Моңғол кезіндегі Қазақстар тарихы» атты баяндама жасап, жастармен баяндамасын сұхбат түрінде жасады. Ең соңғы болып мен өзім де барлық баяндамалардың соңын ала студенттерге «Дешті-Қыпшақ» сөзінің мағынасы, монғолдардың күшеюіндегі қыпшақтардың ролі туалы айтып бердім. Сонымен соңын ала естелік фотоға түсу, кофе-брейк сияқты конференцияға тән ерекшеліктермен іс-шара, ғылыми ізденістер өз мәресіне де жетті.

Алима ЖҰМАБАЕВА
16.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6600
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 6032
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 9238
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 7022
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 8233