Жүрегі жұмсақ, жігері от батырлар

Жүрегі жұмсақ, жігері от батырлар

Астана – Атырау бағытына баратын жүрдек пойызға отырған едік. Кешкі уақытта вагон дәлізінде әңгімелесіп тұрмыз. Жанымыздан біздерді қаға-маға екі бойжеткен айқайға басып, қарқылдай күліп өте шықты. Әлі жата қоймаған жолаушылар купе есігінен «не боп қалды?» дегендей сығалап қарап жатты. «Адамдар тұр-ау, ұят болады-ау!» деп қымсынбаған қыздардың ерсі қылықтарына ренжіп қалған біздер де қушықтай тар купеге кіріп жайғастық.

Ертеңіне, түске жақын уақытта, дәлізге шықсам, иманжүзді екі жас жігіт: «Ассалаумағалейкум, аға!» деп, жылы амандасып жатты. «Уағалейкумассалам!» деп сәлемдерін алдым. «Астанаға нендей шаруалармен бардыңыздар?» дедім. «Паратаеквондодан республикалық спартакиадаға қатысып келеміз» деді.

Қызығушылық танытып, егжей-тегжейлі сұрақтар қойып, сұрай бастадым. Ұзын бойлы, сымбатты жігіт өзін: Нұрлан Домбаевпын деп таныстырды. Бала кезінен бері екі қолы шынтаққа дейін жоқ екен. Жанын жаралап алмайын деп, «қалай, неден болды?» деп сұрауға дәтім жетпеді. Маған жігіттердің көздеріндегі намыс оттары қатты әсер етті. Осындай от мінез қол-аяқтары балғадай кейбір «жаңбыр жаумай су болып» жүрген жігіттердің де бойларынан табылса екен деп тіледім.

Сөзге бапкерлері Асан Қасаев араласты. Ол Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жеңімпазы, ҚР-ның кубогының иегері екен. Яғни таеквондо спортының қыр-сырын жетік білетін білікті маман деген сөз. Қазіргі уақытта Ұлттық параолимпиадалық комитетте паратаеквондодан ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы болып қызмет атқарады. Оның айтуынша мүгедек жандарға арналған клуб 2010 жылдары ашылыпты. 

2017 жылы Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы, спорт шебері Бауыржан Төребаев пара-сурдо облыстық федерациясының негізін қалайды. Асан Қасаевты облыстық федерацияның аға жаттықтырушысы қызметіне алады. Сол кездегі мүгедектер клубының директоры Бауыржан Тахауов, аттасы Төребаев Бауыржанның сөзіне құлақ асып, көмек көрсетеді. Атыраудағы қазіргі  ШВСМ директоры Кисиков Рүстем де хабарласып, «саған бір жігіт жіберем көр» депті. Сөйтіп Нұрлан Домбаевты жібереді. Бауыржан Төребаев талантты жасты аға жаттықтырушы, Асановтың тобына қосады. Намысты жастың спорттағы жолы осылай басталған екен. Ол кезде спорттың бұл түрі Қазақстанда әлі дұрыс қолға алына қоймаған екен. Сол себепті  еліміздің параолимпиадашылары ірі халықаралық жарыстарға өздері тікелей барып қатыса алатын болған. Соның нәтижесінде 2016 жылы Польшада өткен Европа біріншілігінде Нұрлан Домбаев жасындай жарқылдап, жеңіс тұғырына көтеріліп, жеңімпаз атанады. Бұдан кейін де қайсар Нұрлан екі дүркін әлем біріншілігінде де топ жарып, алтыннан алқа таққан еді. Биыл «Токио  – 2020» параолимпиадалық ойындарда да көзге бірден түседі.

Әттеген-ай, қолда тұрған қола медальдың қас-қағым сәтте сусып, аргентиналық спортшының қанжығасында кетуі жанкүйер ретінде қынжылтады екен. Спорттық ойындар осындай «Әттеген-айларымен!» қызық қой. Нұрлан ініміз 3 дүркін республикалық жарыстардың жеңімпазы болыпты. Республикалық спартакиада ойындарында да талай топ бастаған серке жігіт! «Руым Беріштің бегісі Пыштанай батырдың ұрпағы болғандықтан маған осал болуға болмайды» деп қалжың-шыны аралас әңгімеге де ұста екенін байқатты. Өзі барған күн шығыс елінің әлеуметтік жағдайынан да біраз хабары барын аңдатып, мағыналы, көңілге қонымды әңгімелер айтып, біраз ойландырып тастады. «Аяғын ауыртып алып, дәрігерлік жәрдемге жүгініпті. Тіл білмегендіктен қиындық көрем бе?»  деп  ойлап едім, олай емес екен. Тәрбиелі, тәртіпті, отаншыл, намысты, еңбекқор ел оның да мәселелерін алдын ала шешіп тастапты. Бір түтікшені үрлетіп еді: «Сәлеметсіз бе, қай жеріңіз ауырады?» деп сарнап тұр! Ұшақтан түскенде, біздерге орысша амандасып еді. Біздер «Қазақпыз! Қазақстаннан келдік!» дегесін: «Сәлеметсіздер ме? Қош келдіңіздер!» деп жанға жайлы жылы қабақпен қарсы алып жатыр. Оларда адамның денсаулығына өте жауапкершілікпен қарайтыны тәнті етті. Біздегідей жайбарақаттық атымен жоқ. Бәс аяғы бірнеше сағаттың ішінде, томографияға да, рентгенге де түсіріп, бәрін жымиып жүріп реттеп берді. Осы  республикалық спартакиада ойындарында, Нұрлан мен қатар өнер көрсеткен Қазиев Жанболат та қара жаяу емес екен. 2017 жылдан бері жаттығып жүрсе де, осы аз ғана уақыттың ішінде жеткен жетістіктері де қомақты. Қазақстан спартакиадасында екі мәрте топ жарыпты және олар республика кубогының иегері де екен. Көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы әрі жүлдегері болып та үлгеріпті. Қуандық Сағындық және Ғибратжан Бақберген де болашақтарынан үміт күттіретін жас майталман паратаеквондо шеберлері! 2019 жылдан бастап жаттығу жасап жүр. Осы спартакиада ойындарында күмістен алқа тағып, мерейлері үстем болып, көтеріңкі көңіл күйде келеді екен. Жігерлері мұқалмаған жастардың ортасында отырып, әңгімелерін тыңдау да бір ғанибет. Олардың айтуынша, қазіргі таңда спорттың осы түрлері елімізде қарқынды дамып келеді. Негізі Атырау облысында таеквондо спортының іргесі мығым қаланған десек, артық айтқандық емес. Жаралы жандардың жан дүниесін түсініп, көңілдерін тауып, өнеге көрсетіп, жүрген жанкешті бапкерлер Бауыржан Төребаев пен Асан Қасаевқа және шәкірттеріне зор табыстарға жетулеріне тілектеспіз!

 

Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Астана-Атырау
14.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 40
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 17
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 53
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 155
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 159
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 341
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 342
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 959

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9036
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8432
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11660
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9415
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10641