Биыл алғаш рет Мұғалімдер күні мерекесі 5 қазанда мерекеленеді. Тиісті қаулыны ҚР Үкіметі биыл 10 наурызда қабылдаған болатын.
Мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, осы уақытқа дейін республикада Мұғалімдер күні қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді.
«Қадірлі ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңіз құтты болысын Біз үшін бұл мереке – саналы да сапалы білім беру үрдісіндегі әрбір оқытушының шынайы еңбегі мен мәртебесін атап өтетін күн болып табылады. Еліміздің өскелең жас ұрпағын біліммен сусындырып, әрқайсысы үшін үлкен өмірге даңғыл жол салып беретін ұстаздардың адал еңбегін бағалауға, пәк сезіммен айтып жеткізуге сөз жетпейтіні белгілі. Десек те, Сіздерді Халықаралық кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!