«АЭС-тен үрейленудің қажеті жоқ»

«АЭС-тен үрейленудің қажеті жоқ»

Бүгінде қоғамда атом электр станциясының құрылысына қатысты жоба қызу талқылануда. Бұл жобаға қатысты Орал қаласының тұрғындары да өз пікірлерін білдіруде. Мемлекет басшысы жуырда Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет. Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдау қажеттігін ұдайы айтып келемін. Стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керек деп санаймын» дей келе, 6 қазанда АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өтетінін хабарлады.

Қазіргі уақытта Орал қаласында АЭС құрылысын қолдау бойынша халықтық штаб құрылып, жұмыс жасауда. Оның құрамына елдегі жағдайға бей-жай қарамайтын партия және қоғам өкілдері, атап айтқанда, Қазақстандағы ахуалды жақсы білетін шаһарымыздағы белгілі тұлғалар, құрметті азаматтар, соның ішінде энергетика саласының бұрынғы тәжірибелі мамандары бар. Қалалық халықтық штабтың мүшелері мен сарапшылары облыс орталығындағы мекеме-ұйымдардың, үлкен кәсіпорындардың ұжымдарымен жүздесіп, Қазақстандағы атом электр станциясы құрылысының жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар көпті толғандырған сауалдарға жауап беруде. Негізінен бұл жерде адамдардың жай ғана пікірі емес, техникалық тұрғыда түсінігі бар және технологиялар мен отынның әртүрлі түрлерін қолдану арасындағы айырмашылық туралы ақпарат бере алатын мамандар жүргізетін түсінік жұмыстарының маңызы зор екені белгілі. Мысалы, Орал өңіріндегі энергетика жүйесінде ұзақ жылдар қызмет атқарған Виктор Графкин қазіргі уақытта Қазақстан үшін АЭС-тың қаншалықты тиімді екенін жан-жақты түсіндірді.

– АЭС-тан үрейленудің қажеті жоқ. Бүгінде қалдықсыз өндіріс, жабық цикл, уранды көмбей-ақ соңына дейін өндіру сынды жылдам электрондар әдісі қолданылады. Бұл дегеніміз – қалдықтардың сәулелену қаупі жойылады деген сөз. Қазақстанның оңтүстік өңірлері үшін электр энергиясының тапшылығы бойынша жағдай өте күрделі, ал үлкен АЭС құрылысы – осы тығырықтан шығаратын жол. Шағын станциялар Екібастұз сияқты шағын қалалар немесе ЖЭО үшін жақсы, алайда олар тұтыну қажеттілігін өтеуге қабілетсіз, – деді Виктор Владимирұлы.

Оралдық жас ғалым, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі Ербол Ербаев Беларусь еліндегі мемлекеттік аграрлық-техникалық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп, «Ауыл шаруашылығы жерлерін электрмен жабдықтау» тақырыбында автономды құрылғылармен, электрмен қамту жайын зерттеген болатын.

– Белоруссияда биогазды реакторларды қолданады. Қазір күн панельдері арқылы электр қуатын өндіру жанданған. Ол елде ауылшаруашылығы саласында жаңартылған энергияны пайдалану 25-30 пайызға жеткен. Беларустықтар өз-өздерін қуатпен қамтуға тырысуда. Одан мемлекет ұтады, қаржылық шығын жоқ, үздіксіз қуатпен қамтылу мәселесі шешіледі. Бүгінде елімізде атом электр станциясын салуға қатысты сан түрлі пікір айтылуда. Қалай болғанда да, жаңа технологиялы нысан салынбайынша, тұрақты қуатпен қамту қиынға соғады. Тек оны әбден ойластырып, шешім қабылдауымыз керек. Ғалым ретінде мұндай станция салуға қарсы емеспін, – деді Ербол Төлегенұлы.

Ал «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің ақпараттық орталығының директоры, жас маман Зәкір Хамзин: – Мемлекет басшысы 6 қазан күні республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойғанын білесіздер. Президент өз сөзінде «Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ» деді. Әрі осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізі қаланатынын жеткізді. Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуы тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек деген тұжырымды жастар да қолдап отыр. Қазір елдегі түбегейлі өзгерістерден, мемлекеттің дамуындағы маңызды оқиғадан біздер, жастар, тыс қалмауымыз керек, – деді.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы
19.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 149
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 147
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 659
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 779
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 692
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 702

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8842
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8239
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11466
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9223
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10449