АЛИМЕНТ ӨНДІРУ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

АЛИМЕНТ ӨНДІРУ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Әлеуметтік маңызы бар істердің санатына, осы таңдағы өзекті мәселелердің бірі-алимент өндіру туралы атқарушылық құжаттар жатады. Сот алимент өндіру туралы шешім шығарғанмен, оны орындайтындар аз. Көп жағдайда ерлі-зайыптылар ерікті алимент төлеуде табысын жасырып, аз мөлшерде төлеу үшін түрлі әрекеттерге барып жатады.  Алимент көлемі сот шешімі бойынша белгілі болады, алимент төлеуге міндеттелген ата-ананың бір ай сайын бір балаға табысының  4/1 бөлігін төлесе, екі балаға 3/1 бөлігін, одан көп балаға табысының жарты бөлігін төлеп отыруы керек.

Алимент өндіру оңай болмай тұр. Борышкерлер өз баласынан қашып жүр. Көпшілігі «жұмыссызбын» деген сылтауды желеу етеді.Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот кәмелетке толмаған балаларға алимент олардың ата - аналарынан ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға - төрттен бір, екі балаға – үштен бір, үш және одан да көп балаға-ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің жартысы мөлшерінде өндіріп алады. Бұл үлестердің мөлшерін болуы мүмкін азайтылуы немесе ұлғайтылуы ескере отырып, сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайлар. Сот ата-анасының біреуінен екіншісінің пайдасына ай сайын өндіріп алынатын тұрақты ақша сомасындағы алименттің көлемін анықтай алады.

Ата-анада тұрақты табысы болмаған кезде сот алиментті ай сайын мәжбүрлеп өндіріп алуды анықтай алады: жұмыссыз үшін, берешекті өндіріп алу кезіндегі ҚР орташа айлық жалақы мөлшерін ескере отырып; жеке кәсіпкер үшін салық және зейнетақы аударымдарын негізге ала отырып; өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар үшін есеп жұмыссызға ұқсас; бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдар үшін осы кезеңде жұмыс болмаған жағдайда 1 АЕК мөлшерінде. Сот шешімімен белгіленген мөлшерде алимент төлеу үшін табыс жеткіліксіз болған немесе алимент бойынша берешек болған кезде ұстап қалу банк шоттарындағы ақша қаражатынан жүргізіледі. Алимент төлеуге міндетті адамда қаражат жеткіліксіз болған кезде өндіріп алу заң бойынша өндіріп алынуы мүмкін мүлікке қолданылуы мүмкін. Сот шешімі бойынша алимент төлеуге міндетті адамның кінәсінен берешек пайда болған кезде алимент төлеуге міндетті адамның мерзімі өткен әрбір күн үшін төленбеген алимент сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуі көзделеді. Егер борышкердің  берешегі жиналып қалса, онда сот орындаушылар борышкердің көлігін алып қойып, оны сатып, қарызды өндіреді,дүние-мүлкіне тиым салады, Қазақстан аумағынан шығуына шектеу қояды, жүргізуші куәлігінің күшін жояды жіне т.б. шаралар қолданады. Бұндай шаралар борышкерге ой салады және алиментті уақытында төлеп тұруға түрткі болады.

Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде алимент мөлшері сот тәртібімен белгіленгеннен кейін тараптардың бірінің материалдық немесе отбасылық жағдайы өзгерсе, сот тараптардың кез келгенінің талап етуі бойынша белгіленген алимент мөлшерін өзгертуге немесе алимент төлеуге міндетті адамды оларды төлеуден босатуға құқылы. Алимент мөлшері өзгерген немесе оларды төлеуден босатылған кезде сот тараптардың назар аударарлық өзге де мүдделерін ескеруге құқылы. Ата-аналар ата-ана міндеттерін орындаудан жалтарған, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтарған жағдайда оларды ата-ана құқығынан айыруы мүмкін.

Баладан жазбаша бас тарту және бала асырап алуды тоқтату сияқты ата-ана құқықтарынан айыру өз баласын асырау міндетінен босатпайды. Егер, бұрынғы ерлі-зайыптылар баланы ерікті түрде күтіп-бағу туралы келісе алса, онда олар атқарушылық құжатты қайтару туралы өтінішпен жүгіне алады. Алименттен бас тарту туралы өтінішпен сот орындаушысына жүгіну қажет.

Төлемнен бас тартқаннан кейін қайтадан алиментті алуға талап ету мүмкін емес, өйткені тоқтатылған іс жүргізу қайта басталмайды. Егер, алимент төлеуге міндетті адамға қатысты қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны анықталса немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетті адам отбасында лайықсыз мінез-құлық көрсеткен жағдайда, сот кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамға алимент өндіріп алудан бас тартуға құқылы.

Айта кеткен жөн, алимент төлемейтіндердің құмар ойынға тігетін ставкалары да тексеріледі. Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады. Алимент төлемей жүргендердің жаңа кіріс көздерін анықтауда жаңа тәсілдер қолданылуда. Енді, алимент бойынша қарызы бар адамдардың электрондық әмияндары, букмекерлік компаниялардағы шоттары, биржалық саудадағы бағалы қағаздары, криптовалюталық операциялары, дропшипинг, желілік маркетинг, такси қызметтерінен түсетін пайдасы сияқты кірістері тексеріледі.

 

Боранбаева Мадина Досанқызы

Алматы облысы атқарушылық округінің жеке сот орындаушысы

02.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 104
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 104
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 622
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 740
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 652
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 661

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8796
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8197
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11424
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9178
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10410