Алматы аспанында шарықтаған әсем ән

Алматы аспанында шарықтаған әсем ән

Жуырда Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театры Алматының айлы аспаны астында сахналаған ән кеші көрерменнің көңілінен шығып, көзайымына айналды. Бұл кештің ерекшелігі, менің ойымша, театр сыртында, су бұрқақ жанында сахналандырылған тұңғыш іс-шара болуында. Өте әсерлі тартымды өтті. 

Концерт көруге келген көрерменде шек жоқ. Бас-аяғы, шамамен, бес мыңға жуық. Мен өзім 60-тың табалдырығын аттаған шағыма дейін театр тарихында бір күнде мұнша көрерменнің жиналғанын естіп көрмеппін. Мәселе концерттің тегін өткенінде емес. Халықтың жанды дауыста айтылған әнге деген құштарлығында, сағынышында, шөліркегендігінде болса керек.

...Айлы түн. Сахнада төрттіктен құралған, жаңа атылған жанартаудай жарқылдап тұрған театрымыздың жас орындаушы әншілері. Абайдың әні «Желсіз түнде жарық ай». Не деген ғажайып көрініс десеңізші!!! Түнгі табиғат пен әсерлі әуен бірге қауышып, сүйсініп, елітіп, уыздай ұйыған, ән көктен төгілген нұрдай тыңдаушының жүрегіне жыр боп ұялап жатқандай. Тіпті ән мағынасын ұққандай жел екеш желдің өзі де бір мезет дымын ішіне тартып тынып қалыпты.

Жаяу Мұсаның «Ақ сисасы», Латиф Хамидидің «Қазақ вальсі» шарықтай шырқалғанда шабыттанбаған, қол соқпаған жан қалмады-ау, сірә.

Біздің ел опера өнері десе, ойын он саққа жүгіртіп, өзімізге жат көріп орнын ойсырата береміз. «Опера» деген итальян тілінен аударғанда ауыр еңбек дегенді білдіреді. Бұндайда қазақ не дейді? Өнердің жолы ауыр жол немесе ән айтсаң, жаныңды жеп айтасың демеуші ма еді?! Қазақ үшін «опера» деген атауы ғана жат екен. Болмаса кәдімгі қазақтың кең тынысты классикалық ән салу мақамы. Бұл тұрғыдан алар болсақ, бүкіл Арқаның мектебі – Ақан сері, Біржан сал, үкілі Ыбырай, Балуан шолақ, соның ішінде Жаяу Мұсаның, Мәдидің әндері де бірнеше операға арқау болғанын жақсы білеміз. Кезінде өзіміз айтып отырған операның Отаны – Италия елі қызығып, таң қалып сұраған «Біржан-Сара» операсының өзі Біржан салдың өз әндерінен құралған опера болатын. «Қыз Жібек» операсының өзі түгелімен қазақ халық әндерінен құралған. Және бір дәлел, Әміре Қашаубаевтың Париждегі жетістігі, бертіндегі Амангелді Сембиннің Ла Скала театр сахнасындағы өнері қазақ халқының әлемдік деңгейдегі опера жанрынан ойып тұрып орын алатындығының айғағы. Бұл дүниенің бәрі бізге дейін зерттеліп, жазылып, айтылып қойған, яғни жаңалық емес. Бірақ жалпы халыққа түсіндірілу жолдары кенжелеп, тіпті тұралап қалған жайы бар.

Мына бүгінгі еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін бірнеше мыңдаған көрерменнің елітіп, тұрған орындарынан тапжылмай, бір жарым сағатқа жуық тікесінен тік тұрып тамашалауы, құнығып тыңдауы көп нәрседен хабар бергендей...

Қазақ деген халықтың қанындағы, тектілігі, жанындағы қасиеті һәм табиғатындағы рухани байлығы болып табылатын, тыңдаған сайын тыңдаушының делебесін қоздыратын сайын даласындай кең тынысты ән өнері – қазақтың өзінің төл өнері, бүгінгі тілмен айтсақ, КОДы.

Жасыратыны жоқ. Республика сарайы, Халық арена, Алматы арена сахналарында өткізіліп жатқан әртүрлі эстрада жұлдыздарының шоу-концерттерінде жылы-жұмсақ креслода отырып көрсек те, концерт өз мәресіне жетіп аяқталмай жатып көрерменнің бірін-бірі баса-көктеп қайтуға асығатынын көргенде қарның ашатыны рас. Бірақ халықты алдай алмайсың ғой. Фонограммамен айтылған әндер, дүңкілдеген, зіркілдеген техниканың күшімен жасалатын әртүрлі әсерлі ырғақтар. Бәрі-бәрі тыңдаушының құлағын мезі етіп жібереді. Көзің көргісі келгенімен, рухани байлық ала алмаған аш-жалаңаш қамкөңіл еріксіз сыртқа ышқынады.

Ал бүгінгі кеште табиғат аясындағы бүкіл сайраған сандуғаштар мен біртуар бұлбұлдарды саясына жиған саялы бақтай киелі сахнада, білікті дирижерлердің ұсынған ырғағында тербелген симфониялық оркестрдің әуезді үні, кез келген әніңді бірнеше дауысқа бөліп, түрлендіріп, құлпыртып, құбылтып орындайтын хор ұжымы, айдынға қонған аққулардай ішіне сыр жасырған балет бишілері, самалды күнгі қырдың қызыл қызғалдағындай жайқалып ескен қазақ билері мен көмейіне бұлбұл ұя салған мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шыққан опера әншілері мен майталмандарының тірі дауысы ғажап-ақ! Тыңдаушыны бірде шалқытып, бірде балқытып тұңғиыққа жетелейтін тылсым өнер!

Бұған ұқсас кештердің табиғат аясында – Медеу шатқалында, әйгілі Көктөбеде өткізіліп жатқанын жоққа шығара алмаймыз. Дегенмен, халыққа қолайсыз жері, қалталы азаматтар болмаса, жалпылама жандарға қолжетімсіз, оған қоса жол қашықтығы тағы бар. 

Кеңес дәуірі тұсында ұлттық өнерімізді кенжелетіп, тұмшалап, батыстың әуеніне баса назар аударған кезі көп болды ғой. Қазір де шекесінің қызып тұрғаны шамалы. Қазақ операларының көрермені аз, зал толмайды дейді. Әйтеуір сылтау көп. Көрермені аз болса, бүгінгідей бірнеше мыңдаған көрермен бір күнде қалай жиналды? Мәселе концерттің тегін болғандығында тұрған жоқ. Мәселе жарнаманың мүлдем жоқтығында болып тұр.

Ертеректе, 30-40 жыл бұрын «Қыз Жібек» сияқты көрсетілуі жеңіл спектакльдермен облыс-облыстарды аралап, Ермек Серкебаев ағалар басшы, Бибігүл Төлегенова апайларымыз қосшы дегендей, ауыл-ауылдарға дейін аралап концерт қоятын. Сонда ауыл адамдары опера театры келеді деп естіп, түсінбейтіндей түксиісіп қалып едік. Бақсақ, өзіміздің жанымызға жақын халық әндері мен билерінен құралған өнер екен ғой деп таңқалысып, таңдай қағысып жататын.

Ал, енді бүгін «Болар істің басына, жақсы келер қасына» дегендей, аталмыш театрға басшылық етіп жаңа директор болып келген Бөкебаев Бақыт мырза көп жылдарда кеткен кемшілігіміздің орнын толтырып, ескісін есіркеп, жаңасын жаңғыртып, көбінесе, көрерменге «Абай», «Біржан-Сара», «Қыз Жібек» операларының айтулы арияларымен қоса, қазақ халық композиторларының әндерін, билері мен күйлерін сахна арқылы халыққа ұсынуда өз тарапынан көп ықпал етті. 

Жаңа Қазақстанға жаңаша жаңалығымен келген Бөкебаев Бақыттай іскер азаматтарымызға жоғарыдан кішкене қолдау болса, көрерменнің көңілінен әлі талай жақсы істерімен шығары сөзсіз. 

Абай атындағы қара шаңырақтың құрылып, қалыптасуына нәубет жылдарында басын бәйгеге тіге жүріп, мұрындық болған Темірбек Жүргеновтей, бертінде қылышынан қаны тамған қилы заманды басынан кеше жүріп, қазақтың қолөнерін қызғыштай қорыған Өзбекәлі Жәнібековтей арыстарымыз баға жетпес ерліктері мен маңдай тер, табан еттерін сарп етті.

Аштық пен жоқтықта жүрсе де жаңадан құрылған театрының ауыр жүгін арқалаған қазақ операсының қара нарлары Қанабек Байсейітов, Құрманбек Жандарбеков, Күләш Байсейітова, Шара Жиенқұловалардай, бертін келе, Роза Жаманова, Рахима Жұбатырова, Байғали Досымжанов, ағайынды Абдуллиндерден бері жалғасып келе жатқан қасиетті аманат өнердің бүгінгі аманатын арқалаушылар жаңа ғасырға жалғастырушылары, заманымыздың заңғар әншілері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Талғат Күзембаев, Гүлзат Дәуірбаева, Жамиля Баспақова секілді жүз жылда бір туатын, ел байлығы, қазақ қазынасына сүбелі үлес қосып жүрген майталман әншілеріміздің орындауындағы, кез келгеннің тауын шағып, жігерін жасытатын, екінің бірі орындауға шамасы келе бермейтін әлемдік деңгейдегі ең қиын арияларды өте шеберлікпен орындап, көрермендердің сүйіспеншілігіне бөленіп, айды аспанға бір-ақ шығарды.

Жаңа маусымдарын осындай жақсы жаңалықтарымен шебер аша білген, тыңдаушыларының риясыз ықыласына бөленген дүлдүлдеріміз, аталмыш ұжымның аманат алдындағы абырой-беделдерің қашанда асқақтай берсін!

 

Қойшыбек КАРБАЕВ, көрермен, ақын, композитор
16.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 20
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 14
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 8
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 52
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 152
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 156
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 340
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 333
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 957

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9033
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8429
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11657
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9412
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10638