Алматыда гастрономиялық туризмді дамытудың басты тетіктері айтылды

Алматыда гастрономиялық туризмді дамытудың басты тетіктері айтылды

Алматыда Қазақстандағы гастрономияны дамытудың өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Панельдік пікірталас кезінде қатысушылар ең маңызды екі мәселе – аспаздық саладағы кадрлар тапшылығы мәселесі мен жергілікті өнімдерді пайдалану қажеттілігіне баса назар аударды. Талқылау үшінші халықаралық  Almaty Food Fest 2024 гастрономия фестивалі аясында ұйымдастырылды.   

Қарқынды дамып жатқан гастрономиялық ландшафтына қарамастан, Алматыда кадр дайындау саласында бірқатар түйткілдер бар. Мамандандырылған аспаздық мектептердің жоқтығы мен бас аспаздардың біліктілігін арттыру бағдарламаларының жеткіліксіздігі өзекті мәселеге айналып отыр. 

Біз ара-тұра кәсіби білікті кадрлар тапшылығына тап болып тұрамыз, бұл бүкіл саланың дамуын тежеп отыр. Алматы әлемнің гастрономиялық картасында өз орнын нық бекітуі үшін болашақ аспаздардың сапалы білім алуына да, жұмыс істеп жүрген мамандардың біліктілігін арттыруға да жағдай жасалуы қажет. Мұның арқасында біз еліміздегі аспаздық саланы жаңа деңгейге шығара аламыз, - деп пікір білдірді Светлана Ханинаева, кәсіби бас аспаз, әрі Kazmyaso.Platforma-ның бренд-аспазы.

Пікірталаста көтерілген тағы бір маңызды мәселе – мейрамханаларда жергілікті азық-түліктерді пайдалану. Жасыратыны жоқ, әлемдегі гастрономиялық тенденцияларда жергілікті ингредиенттердің маңыздылығы артып келеді, өйткені олар өңірдің мәдени және ұлттық ерекшеліктерін көрсете отырып, тағамдарды аутентикалық, ерекше ете түседі. 

Қазақстан туристік картасының флагманы саналатын Алматы ең талғампаз гурмандардың аспаздық қажеттіліктерін өтеп, көңілінен шыға алады. Себебі мұнда жергілікті ингредиенттердің алуан түрі бар: асшаян мен саңырауқұлақ фермаларының өнімдерінен бастап, тұз қосылған шоколад, экзотикалық дәмдеуіштер мен соустарға дейін табылады. Сонымен қатар, жергілікті азық-түліктерді пайдалану көміртегі ізін азайту арқылы экологиялық тұрақтылыққа оң ықпал етеді, жұмыс орындары ашылып, жергілікті қауымдастықтарға да жақсы қолдау болады. Жергілікті ингредиенттер алыстан жеткізілмейтіндіктен, олардың сапасы жоғары болады, әрі балғын қалпын сақтайды, мұның арқасында тағамдардың дәмі мен тағамдық құндылығы жақсара түседі. Бұл қазіргі заман тұтынушыларының дұрыс тамақтануға деген сұранысын да қанағаттандырады. 

Әйгілі мейрамханалар жергілікті азық-түліктерді пайдалана отырып, өз тағамдарының бірегейлігінкөрсетеді, осылайша жергілікті және халықаралық гурмандардың назарын аударады. Оларды пайдалану асхананың өзіндік ерекшелігін паш етіп қана қоймай, жергілікті экономиканың дамуына да септігін тигізеді. Ecole Lenôtre-да біз жергілікті өндірушілерді қолдауға айрықша мән береміз, өнімдердің маусымдығын ескеріп, жаңа тұрақты тәжірибелерді үнемі енгізіп отырамыз. Мұның бәрі қоса алғанда, болашақтың асханасына апарар тетік болуы мүмкін, деп атап өтті Жан Пьер Алба, Ecole Lenôtre-ның даму жөніндегі директоры.

Айта кетерлігі, панельдік пікірталасқа бас аспаздар, мейрамхана бизнесінің менеджерлері мен жетекшілері, БАҚ пен блогерлік сала өкілдері, сондай-ақ, аспаздық колледждер мен «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандығы бойынша білім беретін ЖОО-дың оқытушылары мен студенттері қатысты.

Еске салсақ, дөңгелек үстел тамыздың 24-25 күндері Абай алаңында (Республика сарайының алды) өтетін халықаралық Almaty Food Fest 2024 гастрономия фестивалі аясында ұйымдастырылды. Бұл күндері іс-шараға келген қонақтар әлемнің сан түрлі асханаларының тағамдарынан дәм татып, фермерлердің өнімдері мен hand-made шеберлердің бұйымдарын сатып алып, ауқымды мәдени-сауықтық бағдарламаға қатыса алады. Бұдан бөлек, фестиваль қорытындыланатын күні, яғни 25 тамызда ШЫҰ-на қатысушы мемлекеттердің аспаздары арасында ерекше барбекю-байқау өтеді. 

Толық ақпарат пен фестиваль бағдарламасын Инстаграмдағы @ almatyfoodfest2024 парақшасынан оқи аласыздар

 

 

 

21.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 197
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 191
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 700
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 823
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 736

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8892
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8287
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11515
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9271
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10499