Ақтөбе жұрты асылын ардақтады

 Ақтөбе жұрты асылын ардақтады

Ақтюбе қаласында Республика күні мейрамы қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері,  Қазақстанның енбек сіңірген қайраткері, Ақтюбе облысының асыл азаматтарының бірі,  Ақтюбе қаласы мен Шалқар, Хромтау қалаларының Құрметті азаматы, кезінде осы Ақтюбе ауданы партия ұйымы комитетінің төреағасы болған   Оралбаев Пана Әлиұлын еске алу мемориалды тахтасы ашылды. Ескерткіш тахта 1970 жылдан 1977 жылға дейін өзі басшылық еткен Ақтюбе облысының Ақтюбе ауданында «Геолог» мәдениет үйінің қабырғасына ілінді. Тахтаның ашылу рәсіміне облыс әкімінің өкілдері, Ақтюбе қаласының әкімі, ел ағалары, өңір азаматтары, Мемлекет және қоғам қайраткерлері, өзі сабақ берген, баптаған шәкірттері, Қазақстанның түкпір-түкпірінен арнайы келген туыстары мен жақындары қатысты, европадан шет елде оқу бітіріп, қазір сол елдерде қызмет істеп жүрген Светлананың папасы мен мамасының немерелері Германиядан, Финландиядан, Франциядан және Америкада оқып жүрген шөберелері келді.

Светлананың папасы Қызылорда облысы Арал ауданы Көкарал ауылында қарапайым балықшы әулетінде 1919 жылы 23 ақпанда дүниеге келген. Осы ауылда оныншы класты бітірген соң Алматыдағы Әл-Фараби (бұрынғы С.М.Киров) атындағы университеттің физика-матиматика факультетіне оқуға түседі. 1941 жылы Ұлы Отан соғысна қатнасып, алғашқы рет Москва түбіндегі шайқаста жараланып госпитальға түседі, осы ұрыстағы ерлігі үшін «II дәрежелі Отан соғысы» ордені берілді, сонан соң да соғыста бірнеше рет қатты жарланып, қайта соғысқа оралады. Ұлы Отан соғысы елімізге қасірет әкелді. Папамыздың ағасы Хасен Алматы облысында Қаратал, Енбекшіқазақ аудандарында судья болып істеп жүрген  Хасен Оралбаев өз елін қорғауға соғысқа аттанды. Кескілескен Днепр өзенінен өту кезінде командир роты Хасан Әлиұлы осы ұрыста батыл қимылдап, ерлік керсетіп және ротаға шебер басшылық етіп, өзеннің арғы бетіне бірінші шығып, жау шебін ыдыратады, олар шегініп қашады. Ұрыс Днепрдің арғы бетінде қызған кезінде  ағамыз шайқаста қатты жараланып госпитальға түседі. Кейін госпиталдан шығып, соғысқа оралып Польша мен Беларуссия шегерасында шағын ауылда соғыстың аяқталуына жақын кезде дұшпан оғынан рота командирі капитан Хасан Әлиұлы Оралбаев опат болды. Папамыздың қыздары ол кісінің бейітіне Көк-Аралдың өзі туған жердің құмды-топырағын апарып, құран оқытып қайтты.  Папамыз еңбек  жолын 1946 жылы ғасырға жуық тариғы бар номері бірінші Шалқар стансиясындағы тұңғыш қазақ мектебінде еңбек жолын ұстаз және директор болып қызметін бастайды, соғыстан кейін қыруар қиыншылықтарға қарамай мектептің өқу-тәрбие жұмысы мәртебесін асқан үстіне аса түсуіне өлшеусіз үлес қосты. Ол орасан ұйымдастырушылық қабілетімен бірге, жан, ожданы таза адам еді. Мектепте осы стансияға жақын разъездің балалары мен төңірегіндегі ауылдың, колхозшылардың балалары да оқыды. Себебі теміржол мектебінің білім беруі және тәртібі өте жоғары еді, балалардың үлгерімі де өте жоғары болды. Папамыз мектепте әскер тәртібін сақтамаса да ұстаздардан балалардың оқу үлгеріміне және тәрбиесіне  үлкен талап қоя білді. Мектептегі балалар саны бұрынғы жылдарға қарағанда бірнеше есе көбейді. Мектепте балаларды үш сменамен оқытуға тура келді. Мектеп директоры Пана Әлиұлы балалардың болашағын ойлаған, бұл проблеманы  шешу үшін тездетіп мектеп жанынан жаңадан корпустар салғызып, балалардың екі сменада білім алуына мүмкіндік жасады. Сонымен бірге соғыс кезінде мүмкіндіктері болмаған  қыздар мен келіншектерді көбісі жұмыс істеп жүрген жастарды жинап, мектепте, оларға жұмыстан кейін кешке білім алуға жағдай жасады. Кейін сол жас қыздар мен келіншктерден үлкен ұстаздар мен басқа саланың  жақсы мамандар шықты. Ол кісі кезінде мектептің мұғалімдер құрамын жыл сайын білімді де мәдениетті кадрлармен толықтырып отырды. Коллективте оқу-тәрбие жұмысын атқаруда жақсы ісімен көзге түскен мұғалім сабақ беруге әбден шеберленіп алған ерекше мұғалімдерді осы мектептің оқу ісінің меңгерушісі болып жоғартылды. Оқушылардың сабақ үлгерімі өте жоғары дәрежеде болды. Олардың  көпшілігі «жақсы» және «өте жақсы» деген бағамен үлгеріп, оқу-тәрбие, білім беру бойынша облыста мектеп алдыңғы орынға ие бола бастады. Бүгінде осы мектептен кімдер шықпады, еске алсақ ақында, композиторда, дүние жүзіне белгелі нейрохирург та, генералдар да, шықты. Оқымыстылар да, саясаткерлер де аз емес. Еңбек ерлері десең де СССР Жоғары Советіне депутат болған азаматтар да осында. Романдары Америка, Канада, Европа, Латын америка  елдерінің тілдеріне аударылған жазушылар КСРО Мемлекет сыйлығының лауреаты атағын алған Әбдіжамил Нурпейісов, заңғар жазушы Тахауи Ахтанов, Әкімжан Оралбаев, Республика Ғылым Академиясының академикігі Үмбетжанов Дәулет  физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Каз НУ-дың, Жен ПУ-дың физика-математика факультетінің деканы, академик Биекенов Кеңес филосовия ғылымдарының докторы, профессор  сынды елімізге танымал тұлғалар осы аймақтың азаматтары. Қасиетті қара шаңырақтан білім алып, білім ұясын қимай ұшқан түлектердің қатарында 10-нан астам ғылым академиктері мен доктарлары, 20-дан астамы ғылым кандидаты, аудан, облыс басшылары – Нұржанов Рамазан, Байдосов Зәкіратдин, Тажин Мұхамбетқазы, Бекмұратов Әнуар, Қаласов Шудабай, Елбосынов Саудағазы, Қаниев Нуралы, Оразаев Бибіталы т.б. олардың барлығы тарихы тереңге жайылған Шалқар орта мектебінде, алтын ұяда білім алғанына және Пакеңнің шәкірті болғанына мақтанады. Сонымен  Шалқар жерінен, құмынан, дария көлінен, құты берекесі дамыған елінен көптеген белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері шыққан қасиетті мекен. Осылардың әрқайсысы елдің даңқын асырар мақтан етер тұлғалар. 1977 жылы Светлана екуімізді папамыздың қарындасы Күлпаршын Алпейсова үйіне  қонаққа шақырған еді. Қонақта Шалқар мектебінің түлектерінің бірі  парасатты, сабырлы, ой десең ойлы, бой десең бойлы, көрікті Байғанин, Темір, Қарабұтақ аудандарының партия комитетінің бірінші хатшысы, облыстық кеңестің төреағасы қызметтерін атқарған Рамазан Нұржанов, жолдасы Ақпатшамен бірге болған еді. Сол ет жеп болған соң Рамазан аға әңгіме бастады. Әңгіменің тақырыбы- елдің өткені, ертеде ғұмыр кешкен асыл адамдар, батырлар, билер жайлы өрбіді. Аға әңгіменің майын тамызып айтады екен. Ол  Светланың папасы туралы да біраз әңгіме  айтты Пәкең қарапайым, кішіпейіл, жаны таза, мәдениетті, кісілігі мол, халқына адал еңбек еткен жан еді. Мақтанарлық, әрі үлгі тұтарлық азамат еді. Ұстаз ретінде ағаның біліміне тәжрибесі сай асқан сауатты, дана ғажап адамға қарыздар жалғыз мен ғана емес, олар тіпті көп және көптеген шәкірттері. Пана Әлиұлының Шалқар орта мектебінің оқу-тәрбие, білім жұмысна қосқан үлесі айрықша екенін ескеріп. Осы қызметті абройлы атқарғаны үшін ол кісіге 1948 жылы «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» белгісі берілді. Сонымен бірге ол халқымыздың асқар таудай биік тұлғаларының бірі болды. 1953 жылы Шалқар аудандық партия коитетінің аппаратында қызмет істеуге шақырылып, үйымдық-партиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі болды. 1960 жылы қараша айында Ойыл аудандық партия комитетінің  бірінші хатшысы болып сайланды. Кейін осы Ақтюбе облысының 5 аудандарында   партия ұйымының басшылық қызметтерде болды, өэі жұмыс істеген аймақтарда іскер ұйымдастырушы, талапты да, талантты басшы болып жемісті қызмет атқарды, осы аудандардың өсіп өркендеуіне елеулі үлес қосты. Ақтюбе облысының үлкен азаматы атанды, мемлекет қайраткері, қоғам қайраткері деңгейдегі тұлға дәрежесіне жетті.

  Мемориалды тахтаны ашу барысында Пана Әлиұлы Оралбаев жайында жылы естеліктер айтылып, ұлағаты насихатталды. Алғашқы сөзді  облыстық ардагерлер кеңесінің төреағасы Серік Шаңғұтов өзінің естеліктелігінде «Мұндай мемориалды тахта ел мүдесіне еңбек еткен ердің есімі халық жадында сақталуы үшін керек» деді. Ол азаматтың мұраты адал және әділ болу деп санаушы еді. Қолынан келгенше әр адамға аз да болса жақсылық жасауға, кемге көмектесуге тырысты.  Сондықтан да Ақтюбе облысының халқы ел азаматы санайды. Мағналы, сапалы өмір сүрді. Жеті бала тәрбиеледі. Бұл ескерткіш тахтаның орнатылуы керемет жұмыс. Соған байланысты осы жұмысты тындыра білген Пана Әлиұлының қыздарына көп жаса, папаңыздың рухы әрқашан жебеп жүрсін деп тілек білдірем. Жақсы жаңалық құтты болсын, ағайындар.

 Ақтюбе өңірінің асыл азаматтарының бірі көрнекті оқымысты, ірі ғалым Республика Ғылым Академиясының академигі,  филология ғылымдарының докторы, профессор, Ақтюбе қаласының партия комитетінің бірінші хатшысы, Алматы Жоғарғы Партия мектебінде, Қазақ Ұлттық университетінеде қызмет істеп, дәріс оқыған осы Шалқар мектебінің түлегі Кеңес Биекенов  Пана Әлиұлының алғашқы шәкірті естелік тахтаның ашылуы рәсіміне қатысып,  сөз алды. «Жақсыдан сөэ, жасампаздан із қалады» дейді халық даналығы, Қазақ ежелден «Еліңде кімің бар, жақсың кім еді» деп жөн сұрасқанда ауызға алдымен халыққа етене жақын, артына сөз ермеген абройлы азаматтар оралады. Пана Әлиұлы-соңында өлмес мұра, өшпес із қалдырған осындай тарлан тұлғалардың бірі де бірегейі. Ол кісі еселі еңбегінің арқасында халықтың құрмет-қошеметіне бөленді. Ғұмырының соңына дейін салт-дістүр, дін мен діл, тіл, басқа да асыл құндылықтарымыздың сақталуына, жас ұрпақтың тәлім-тәрбие алуына мән берді. Елді үнемі бірлік пен ынтымаққа өмір сүруге үндеді. П.Ә.Оралбаевтың «Адал еңбек-азамат абыройы», «Өнегелі өрістер», «Үлгілі ұстаз, адал жар, аяулы ана, қамқор әже туралы естелігі» тағы басқа кітаптарынан данышпандық пен көрегендік белгілерін көреміз. Ол кісінің Ақтюбе өңіріндегі ұзақ жылдарғы адал да таза еңбегі лайықты бағаланып «Октябрь революциясы», екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі ордендерімен», екі мәрте «Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінең Құрмет граматасымен», онға жуық медальдарымен марапатталды. Ол аудандық, облыстық кеңестердің депутаттығына әлденеше рет сайланды, Қазақстан компартиясының ХII съезіне делегат болып қатысты. Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталуына 50 жылдығына арналып, Алматы қаласында өткізілген Парадқа қатысушылардың бірі, Ақтюбе қаласында Ұлы жеңістің 60 жылдығына арналған Парадты автокөлікпен қабылдаушылар санында болды. Ол Ақтюбе қаласының, Хромтау, Ойыл, Шалқар аудандарының Құрметті азаматы. Қалың қазақ барда абзал азаматтың  есімі ұмытылмайды. Қайта уақыт өткен сайын тұлғалық қасиеті тұғырлана, болмыс-бітімі биіктей түседі. Ағаның жұбайлық өмірдегі айнымас адал серігі, аяулы жары, халыққа білім беру ісінің ардагері Күміс Бақтиярқызымен ұзақ жыл жарасты ғұмыр кешіп, отбасында алты қыз баланы тәрбиелеп өсірді. Бүгінгі естелік тахтаның мәдениет үйінің қабырғасына ілініуі жастар үшін үлгі екенін айта келе Кеңес Биекенов Ақтюбе облысының жұртшылығы, қыздары Светланаға, Мәдинаға, Дастанға, Бақтылыға, Сұлупанға,  Қоралайға алғыс білдіреді.

 Көзі тірісінде жанына жақын шәкірті бауырына айналған ауыл шаруашылығы Министрі, кейін Акмола облысының әкімі болған Отаров Қадырхан аға-ұстазы хақында ой толғады. Ол сөзінде Пана Әлиұлының есімін ұлықтап, мемориалды тахта ашу рәсімін өткізіп отырмыз. Ұлы адамдардың өмір жолы-болашақ ұрпақ үшін әрқашан өнеге. Қасиетті Арал өңірінде өмірге келіп, еліміздің жарқын болашағы жолында қажырлы қызмет еткен тарихи тұлға Пана Әлиұлының мемориалды тахтасының орнатылуы өскелең ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Ақтюбе облысының көптеген аудандарында партия ұйымының басшы қызметінде жүріп, сол 5 ауданның әлеуметтік-экономиалық, рухани дамуына күш-жігерін салды. Ел дамуына еңбек еткен осындай ағамызға құрмет көрсету-біздің парызымыз. Мен өткен ғасырдың 70-ы жылдары ашылған, Ақтюбе қаласын сүтпен, көк-өніспен қамту үшін ашылған Ақтюбе ауданында институтты бітірген соң ағаның қол астында еңбек жолымды ағаның көмекшісі болып бастадым. Ағадан жұмыс бабында көп тәжрибе алдым, алғашқы шәкірттерінің бірімін.  Пана Әлиұлы ағамыз ұстаз, ғалым және көптеген шәкірттер тәрбиелеген. Ол кісінің өмір жолы жас ұрпаққа үлгі, ол өлмейтін рух. Осы «Мемориалды тахта» Пакеңнің тұңғыш қызы ғалым Светланың басшылығымен тындырылып отырған күрделі жұмыс. Сондықтан Света көп жаса, әкеңнің ризашылығы,батасы әрқашан жебеп жүрсін деп тілек айтам.

Қала әкімі Азамат Бекет Мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Ұлағатты ұстаз, өңіріміздің абыз ақсақалы Пана Әлиұлының туғанына алдағы жылы 23 ақпанда 105 жасқа толар еді. Ол кісі 1941 жылы Ұлы Отан соғысына  316-атқыштар артелеристер құрамына алынады. Адамзат тарихындағы ең қанды шайқастардың бірі- Москва түбіндегі шайқасқа қатысады. Осы соғыста қатты жараланып госпиталға түседі, сауыққан соң қайта соғысқа оралады. Соғыстан кейін отбасын құрып, алғашқы еңбек жолын Шалқар стансиясындағы мектепте директор болып бастайды. Ұлағатты ұстаз болып еңбек етті, көптеген шәкірттер дайындады. Өткен ғасырдың 70-шы жылдары Қазақтың кемеңгер ұлы Дімұхамет Ахметұлы Қонаевтың жарлығымен Ақтюбе облысында жаңа Ақтюбе  аудан ашылып Пана Әлиұлы председатель райисполкомы болып бес жылдан аса басқарып, осы өңірдің экономикасы мен әлеуетін көтерген көрнекті мемлекет қайраткері Пана Оралбаевтың есімін мәңгілік есте қалдыруға арналған мемориалды тақтайшаның ашылу салтанатын өткізілуде. Естелік тахта өзі басшылық етіп салдырған осы аудандағы «Геолог» мәдениет үйінің қабырғасына ілінді. Бұл үлкен жұмыс.  Ұлы адамдардың өмір жолы болашақ ұрпақ үшін әрқашан өнеге. Пана Әлиұлының бастамасымен өңірдегі ең ірі Қарғалы су қоймасы салынды. Қойма суының көмегімен астық егісінің, сүт, көк-өніс егісінің көлемі мен өнімділігі күрт артты.  Қала халқының дастарханында экологиялық жағынан таза, арзан сүт, көк-өніс өнімдері жеткілікті мөлшерде мол бола бастады. Ауданда жаңа мектеп, бала бақшалары, үлкен ғимараттар, мәдени-спорт ареналар салынды. Кезінде Ақтюбе қаласын сүт, көк-өніспен, бау-бақша өнімдерімен қамтамасыз ету үшін ашылған пригродный аудан, бүгін қаланың көрікті микроаудандарының біріне айналды.

Шалқар аудандық ардагерлер кеңесінің төреағасы Елубай Төлепбергенов шәкірттері айтушы еді, ол кісі бір ғажап азамат деп. Өз еңбегімен, адалдығымен, адамгершілігімен өсті. Шәкірттері көп, бәрі риза болатын.  Сіздің шәкіртіңіз болғанымызға мақтанамыз, кезінде білім, тәрбие алғанымызды білеміз, ұмтпаймыз дейді. Осындай жылы тілектерді туған қарындасы Торғай Оралбаева, жиені Ақтюбе педагогикалық университетінің проректоры, доктор биологических наук, профессор Сайра Апрейімқызы Алпейсова, күйеу баласы доктор биологических наук, профессор Мәуи Әділхан Әбуұлы, туыстары тағы басқалары жалғастырып жатты.

Шара барысында үлкен қызы Светлана Алматыда тұратын ғалым, химик аналитик сөйледі. Папам  ақылды дана адамдардың бірі болды, бала тәрбиесі, еліміздің басқа салаларына көп еңбек сіңірді. Ақтюбе облысы бойынша алғашқы болып жер асты суларын егіс далаларын, әсіресе көк-өніс бау-бақша өсіруге қолданып. Сол Израильдің тамшылап суғару әдісін Ақтюбе облысында ғана емес ,Республикаға енгізген еді. Бүгінде Израилдік әдіс елімізде кең түрде қолдалыуда. Жас студент кезімде Алматыдан қысқы сессияны тапсырып үйге келгенде  көрдім әкемнің еңбекқор адам екенін. Сол Ақтюбе ауданының басшысы болып кезінде ертеңгісін ерте сағат 4-те тұрып совхоздың сүт фермасына барып, дояркалардың күй жайын сұрап, қанша сүт сауғандарын, сүттің мөлшерін біліп, сиырларға жем-шөп уақтылы жеткілікті беріле ме деп сұрап білуші еді. Мемлекеттік қызметтен кейін үйде өзінің абинетінде  түрлі газеттерді, ғылыми жұрналдарды, кітаптарды көп оқып, арасында телевизорда жаңалықтарды көріп, сол кездегі елімізде жүргізіліп жатқан реформа, демокритазияциялануды қолдап, өзінің сүйікті «Коммунизм туы» газетіне көптеген мақалалары жариялап тұрған. Папам директор болған Шалқар орта мектебінің бір кең залында, осы мектепті бітірген елімізге белгілі азаматтардың аты жөні, мектептің тариғы, осы мектепті бітірген оқушылардың шығарған роман кітаптарын, естелітерін, суреттерін, олардың  өмір баяндары туралы қысқаша жазып үлкен мектепте мүзей ашса тура болар еді. Бұл мүзей өсіп келе жатқан жас ұрпақтарға саналы білім, сапалы тәрбие алыуына ықпал етері сөзсіз. Бүгінде осы Шалқардағы мектепті бітіргендер ішінде жазушыда, композитор да, ғалым да, саясаткер де бар екен. Соңғы жылдары бизнесмендер көп болып шығуда. Бұлардың қай-қайсысы да осы күні үшін ең алдымен Шалқардың мектебіне қарыздар. Сондықтан мектепте мүзей ашу және жөндеуге, басқа керек-жарағына арнайы есеп ашуды ұсынамын. Шалқардың мектебін қамқорлыққа алу, білгенге атамыздың ақ батасын, анамыздың ақ сүтін ақтағанмен бірдей. Жақында ұрпақтарының, шәкіртерінің, және папамызды жақсы білетін ауылдастарының тілегіне, сұраныстарына байланысты Ақтюбе қаласының бір көшесіне Пана Әлиұлына есімі берілгелі жатыр және көптің ұсынысы бойынша Шалқар мектебіне есімі берілсе  деген ой-армандарымыз орындалса, адал еңбегімен елге жаққан, Асқар Алатаудай әкемізге, ерге көрсетілген құрмет болар еді.  Бүгінгі жиналған қауымға ризашылығым таудай, әсіресе осы күрделі істі, ескерткіш тақтаның қойылуына көмектескен облыс әкімі Асхат Шахаровқа, қала әкімі Азамат Бекетұлына, облыстың зиялы қауымына, қала азаматтарына, туыстарыма, өзім туған, балалық, сәбилік шағым өткен Шалқарлық ағайындарға, алыстан келіп бүгінгі шарада айтылған ыстық лебіздеріңізге Ойыл, Хромтау, Шалқар аудандарының әкімдеріне әкем туралы естеліктеріңізге, жылы тілектеріңізге зор рахмет. Жаратқан жандарыңызға жаманат бермей, дендеріңізді сау, ғұмырларыңызды ұзақ қылғой! Әкемізді мәңгілік есте қалдыру үшін қойылған Мемориалды тақтаны ашу сәтті өтті.

Ресми іс-шарадан кейін ескерткіштің ашылуына жиналғандар мен туыстары мемориалға гүл шоқтарын қойып, суретке түсті.

Әділхан Әбуұлы Мәуи, биология ғылымдарының докторы, профессор.

Алматы Қ.

 

 

27.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 33
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 72
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 25
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 31
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 37
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 32
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 66
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 72
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 268
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 264
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 885

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8961
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8355
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11581
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9339
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10565