Ауыл балаларына арналған «Дарын» мектебі

Ауыл балаларына арналған «Дарын» мектебі

 

Мектеп ұжымы жаңа заман талабына сай ұлттық рух пен халықтық педагогика негізінде жаңаша оқыту мен тәрбиелеу жағдайындағы жүйелі жұмыстың үлгісі мен әдістерін жасап, жолдарын тауып, оны дамыту мен қалыптастырудың алғы-шарттарын іске асыруды басты мақсат етіп қойған болатын.  Мектеп – келешек ел басқаратын, жер - суына иелiк ететiн, ел-халқын гүлдендiріп, мерейiн өсiретін, мәртебесiн биiктететiн жасампаз жандарды шыңдар киелi ұя.

     Дарын мектебі алғаш  1963 жылы  ауыл балаларына арналған мектеп-интернат  болып есігін ашқанына 60 жыл болыпты.   2006 жылдың 14 қыркүйек айында  № А-8/298 Ақмола облыстық әкімінің қаулысымен  «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық қазақ мектеп-интернаты» болып ауыстырылды.  2008 жылы 24 маусымда облыс әкімінің №А-5/254  қаулысы бойынша «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық қазақ мектеп-интернаты» атауы ММ «Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты», 2020 жылдың қазан айынан бастап Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» болып өзгертіледі.Білім беру ұйымының бағыттары: жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, аталмыш бағыттар бойынша оқу жоспарын құруда элективті курстарды, арнайы курстарды, пәндік курстарды мектеп бағдарламасының бөлігі ретінде пайдалануға баса назар аударылады. Жаратылыстану-математика пәндерін үштілде оқыту бағдарламасын жүзеге асыруды жетілдіру мақсатында вариативтік оқу жүктемесі есебінен  биология пәні ағылшын тілінде оқытуға   қарастырылды, таңдау курстары, элективті курстар білім алушылар мен олардың ата – аналар сұранысына сәйкес өткізіледі. Оқушылардың  шығармашылық және зерттеушілік қызметін дамыту мақсатында қосымша білім беруі жүзеге асыру барысында   «Робототехника», «Қылқалам», «Театр және көркем сөз», «Домбыра сазы», «Ұлттық қолөнер», «Медиа алаң», «Көшбасшылық мектебі», «Ұшықр ой алаңы», «Би», «Жас медиатор»  үйірмелері жүргізіледі. Үйірме сабақтарында  орта мектепке арналған оқу бағдарламаларын орындап, оқушының одан арғы бейінін таңдауға, кәсіптік бағдарын айқындауға жағдай жасалды. Дарынды балалармен жұмыстары «Жас ғалым» оқушылардың ғылыми қоғамы арқылы жүзеге асады. Қоғам – балалардың ғылыми шығармашылығы мен зерттеушілік мәдениеттілігін және шығармашылық қабілетін қалыптастыруға, қазіргі заманға сай бәсекеге қабілетті білім алуға талаптанған оқушы жастардың ерікті, шығармашылық бірлестігі. Мектептің «Жас ғалым» атты ғылыми қоғамы жоспарға сай жұмыстар атқарады.Осының нәтижесінде жылдан-жылға халықаралық, республикалық, облыстық, деңгейдегі олимпиадалар мен конкурстарға қатысқан жеңімпаз оқушылардың саны өсіпті.

Соңғы 3 жылда облыстық пәндер олимпиадаларында 32 оқушы, ғылыми жобалар конкурстарында 47 оқушы, Республикалық олимпиадаларда – 3 оқушы, Республикалық ғылыми жобалар жарысында – 15 оқушы,  жеңімпаз атанды.

2023-2024 оқу жылында облыстық деңгейде өткізілген 8 олимпиада мен конкурстарға 87 оқушы қатысты. Оның 36  жүлделі орындарға ие болып Дипломдармен марапатталды. Биылғы оқу жылында облыстық ғылыми жобалар сайысына 23 жоба ұсынылды. Іріктеу кезенінен өтіп облыстық сайысқа кепілдеме алған ғылыми жоба саны – 14 жетті. Облыстық кезеңге 12 жұмыс қорғалды. Биология секциясы бойынша Қабақбай Томирис 9-сынып оқушысы  І дәрежелі диплом, жетекшісі: Маженова А.А. «Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы» секциясы бойынша 11 сынып оқушысы Ким Камила І дәрежелі дипломмен және Қайролла Аяжан грамотамен марапатталды. Жетекшісі: Торсунова Б.Р. «Қолданбалы математика» секциясы бойынша  8 сынып оқушысы Базарқұл Мадиана І дәрежелі диплом марапатталды.Жетекшісі: Куспекова Қ.М. «Химия» секциясы бойынша жүлделі ІІ орын иегері 9 - сынып оқушысы Тасбулат Мадина және Саркен Айғаным ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. жетекшісі: Сағатай А.А. «Тіл білімі» секциясы бойынша жүлделі ІІ орын иегері Сейсен Алима, жетекшісі:Жетписбаева К.Б. «Әдебиет» секциясы бойынша ІІІ орын иегері Ақтан Меруерт және Кульчимбекова Қарлығаш. Жетекшісі: Оңғарбай Жұлдыз. Осы оқушылар республикалық іріктеу  кезеңіне  жолдама алды.

     Мектепте оқытудың интербелсенді формалары мен әдістерін шебер қолданатын, уақыт талабына сай технологияларды сабақ үрдісіне тиімді енгізетін мұғалімдер шоғыры өскен. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін үштау, дарынды оқушылар мен жұмысты жандандыру, мемлекеттік стандарқа сай оқушылардың білім сапасын көтеру, жана технологияларды тиімді қолданып әр сабақта оқушылардың пәнге деген биімділігін арттыру негізгі мақсат болған.

    

 

 

       Мектеп-интернат ұжымы «Нәтижеге бағытталған білім беру, құзырлы тұлға қалыптастыру мақсатында оқушылармен жұмыс жасайды. Оқушылардың ғылыми зерттеу және оқу танымдық  білімдерін дамыту мақсатында  2012-2013 оқу жылынан бастап  Көкшетау қаласы  Ш. Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетімен екі жақты келісім - шартқа  қол қойылып   таңдаулы  мен  бейіндік қолданбалы курстар енгізілді.  

        Сонымен қатар шәкірт оқытуда  аянбай еңбек етіп, өз үлестерін қосқан ұлағатты ұстаздар: АД. Ахат, Ж.Әдей,  А.Б. Шалабаева, Т.Б. Даулеткалиева, С.С. Шаяхметова, К.М. Куспекова, К.Б.Жетписбаева, Ж.Оңғарбай, А.С. Курманалина, М.Б. Муратов, Б.Р. Торсунова, А.А. Маженова, А.А. Сағатай.  

Балалардың көркем және сәндік-қолданбалы өнер шығармашылығы бойынша "Алтын қазына" облыстық көрме байқауы, Қорқытбаева Ділназ ІІ орын,  Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару органдары және балалар ұйымдарының көшбасшылары арасындағы «Мен-елімнің ертеңімін»  облыстық форумы аясында өткен Мектеп парламентінің үздік Президентіне арналған «Көш көсемі»  облыстық байқауы, Әміржан Нұрлы ІІІ орын,  Облыстық  «Адал ұрпақ»  ерікті мектеп клубтарының слетінде мектеп командасы І орын, «Сәтті бастама»  облыстық бизнес-жобалар байқауы, Қайркеш Айым ІІІ орын,   Халықаралық еріктілер күніне орай ұйымдастырылған мектеп оқушылары мен студенттер арасындағы "Jas erikti" байқауы, Башарова Дариға І орын иеленіпті. Жетістіктерін тізбектей берсе жетерлік екен.

Көкшетау қаласы, Абай атындағы ( қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп – интернаты оқушыларының жетістіктері.

 

 

 

Дарын мектебінің мақсат, мүдесі жетістіктері.

 

Ауыл балаларын  «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында қоғамдағы өзгерістерге тез бейімделетін, адамгершілігі жоғары, жауапты, көшбасшылық және құзыретті азамат тәрбиелеу» мақсатында жұмыс жасаса, оны орындау міндеттеріде зор екен.

Міндеттері :  -білім беру үдерісін ұйымдастыруда оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін негізгі орта білім берудің( жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын жүзеге асыру;

 -тұлғаның шығармашылық, рухани және дене шынықтыру мүмкіндіктерін дамыту,      

 -адамгершілік және салауатты өмір сүру негіздерін қалыптастыру;

 -оқушылардың әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету;

 -дара тұлғаны дамыту үшін жағдайларды жасау арқылы зияткерлікті байыту;

 -оқушылардың ғылыми- зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту.

2022-2023 оқу жылында мектеп-интернатында жалпы саны 20 оқу бөлмесі,  спортзал,  шеберхана, кітапхана, «Ұлттық мұра-ұрпаққа аманат» музейі, «Bilimland» кабинеті, «Абайтану»кабинеті, «Робототехника» кабинеті, медициналық, психолог  кабинет бар. Биология-2, химия-1, математика-2, физика-1, информатика–2, география-1, қазақ тілі және әдебиеті-3, орыс тілі және әдебиеті -2, ағылшын тілі -2, тарих-2, АӘД-1, 20  оқу кабинеттері, мәжіліс залы, конференц-залы интерактивті тақталармен қамтамасыз етілген..

Өткен жылы мектеп бітіру емтихандарының  нәтижесінде - 43 оқушы ЖОБ аттестаты, 7  оқушы «Алтын белгі» төсбелгі, «Алтын белгі» аттестаты, 4 оқушы   «Үздік аттестат» иеленіпті.

Әдістемелік жұмыстың бағыттары:

· Мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысын басқару;

· Ғылыми-зерттеу жұмысы;

Мұғалімнің басты мақсаты — оқушыға білімді өздігімен игеру амалдары мен тәсілдерін үйретіп, оның өзіндік дүниетанымын қалыптастыруына жағдай жасау, кеңестер және бағыт — бағдар беру. Осы орайда педагогикалық және ұстаздардың жеке кәсіби әрі тұлғалық өсуін ынталандыру үшін пәндер апталықтары ұйымдастырылды.

      Әр пән мұғалімі кестеде бекітілген рет бойынша ашық сабақтар мен сабақтан тыс жұмыстары арқылы тәжірибе бөлісті. Сабақтар білім берудің жаңартылған мазмұнына сай, қазақ тілінде жүргізілетін мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін негізгі орта білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспары негізінде  жүрді. Мақсаты –оқушылардың коммуникативтік дағдыларын сенімді қалыптастыруға бағытталған.Онкүндік аясында пән мұғалімдері құрылған жоспар бойынша ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жүргізіп отыр.

Cыни тұрғыcынан ойлaуға проблeмалық сұрақтарды қарастыру мақсатымен сұрақтарды тереңдетіп қоюға, дұрыс қолдануға үйрету, түсiндіріп беру; нәтижелерін бағалау үшін білімдерді қолдану, олардың ақиқаттығын анықтау; дәлелдeу, оларға баға беру" мақсаттарын негізге ала отырып Лессон Стади зерттеу жобасының тақырыбын "Жұптық, топтық жұмыс барысында сыни тұрғысынан ойлау мақсатында жаңа технологияларды қолданa отырып әртүрлі деңгейдегі оқушыларды қалыптастыру үшін -  7 «А», 7 «Б», 9 «А»,9 «Б» тоқсандық қорытынды бойынша білім сапасы төмен сыныптарда Лессон Стади зeрттеу сабақтары өткізілді. Тізбектелген сабақтардан кейін пән мұғалімдері зерттеу сабағының қорытындысын шығарды.

Бұл тәсілдің мұғалімдер мен оқушыларға , оқу мен оқыту сапасын көтеруге мүмкіндік беретін тиімді жақтармен танысады.

 

 

Бала тәрбиелеудің  басым бағыттары

 

Тәрбиенің әр бағытының өзіндік ерекшелігімен қажеттілігін ескере отырып, елдің болашағын, ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеуде Қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу бағытының маңыздылығын түсінеміз. Осы бағытта сынып жетекшілер мен тәрбиешілер  бірқатар іс-шаралар өткізіп, нәтижелі жұмыстар атқарды. Жалпы тәрбие кезек күттірмейтін мәселе болғандықтан мектеп көлеміндегі жұмыстар қыркүйектің бірінші аптасынан басталды.

2022-2023  оқу жылының  басталуына  арналған  1  қыркүйек  Білім  күнін және  «Білімге  ұмтылу,  еңбексүйгіштік  және  отаншылдық қасиет»  тақырыбында салтанатты жиыны болып бірыңғай сынып сағаттары өтті. 

Білім күні білім алушылар мен педагогтар «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және  отаншылдық қасиет»  тақырыбындағы республикалық  онлайн-акциясына  қатысты. 

Республика күніне орай «Қыран елім-ҚАЗАҚСТАНЫМ!» іс-шаралар жоспарына сәйкес   мектеп оқушылары   «Атамекен» тақырыбында патриоттық диктант жазды,  7-10 сынып оқушылар арасында мәнерлеп өлең оқу челленджі, «Қазақстан–менің арманым» тақырыбында дебат ойындары, эссе және сурет байқаулары,  тоғызқұмалақтан және асық атудан жарыстар   өткізілді.

   Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу – кеші өткізілді. Аталған іс-шараға батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз Саябек Балтабекулы Гарипуллин, Аскар Шугаевич Сагатаев, Махамбет Бастаминович Алинов қатысты.

Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғайтын Отан қорғаушыларды құрметтеуге, патриоттық сезімді насихаттап, тәрбиелеу мақсатында 7 мамыр-Отан қорғаушылар күніне арналған «Ұранды ердің - ұрпағы қайсар», 9 мамыр – Жеңіс күніне «Бейбіт күн жасасын әлемде»  патриоттық іс-шаралар өткізілді. Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін оқушылардың бойына сіңіру мақсатында 1 мамыр – Бейбітшілік күні «Достық тұғыры бейбітшілікте» атты фестиваль ұйымдастырылды.   «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Құқықтық сана қауымға пана» жобасы аясында Оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік беру; олардың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру мақсатында  «Шындыққа жаны жақын Төлеген Қажыбай», «Қазақ халқының патриоттық рухын дәріптейтін Ілияс Есенберлин» Адалдық сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ұсынған бейнежазбалары көрсетілді.

 «Құқықтық сана – қауымға пана» жобасы  білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын арттыруға және құқықтық мәдениет дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жоспарына сәйкес сынып жетекшілер мен тәрбиешілер білім алушыларды мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстырды. «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу» мақсатында  Көкшетау қ. ПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ СТ. полиция майоры А.О.Кошкенова   қатысуымен кездесу, «Құқықтық тәртіп күні» акциясы аясында  Көкшетау ювеналдық полиция бөлімшесінің аға учаскелік инспекторы полиция майоры С.С. Сарбасова құқықтық сауаттылық бойынша кеңес берді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатында 7-11 сынып оқушыларына «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Көкшетау қ. полиция басқармасының аға анықтаушысы полиция майоры А.Е. Кыйкова дәріс оқыды       .

 Ұлттық тәрбие рухани тәрбие тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы адамзаттық құндылықтарымен, нормалары мен дәстүрлерімен келісетін рухани-адамгершілік және этикалық қағидаларын, оның моральдық қасиеттері мен ұстанымдарын қайта жаңғырту,   оның ішінде «Оқуға құштар мектеп», «Қоғамға қызмет» әлеуметтік еріктілер мен жобасын, «Адамға қуаныш сыйла» және т.б. акцияларды жүзеге асыруға бағытталған,

Мектепке жаңадан түскен 7-сынып оқушыларына  қолдау көрсету мақсатында дәстүрлі «Бір үйдің баласыңдай»  қабылдау кеші, «Қарттарым-асыл қазынам!»  атты қарияларымызға мерекелік концерт ұйымдастырылды.

 «Аялау» мүгедектер орталығына «Қайырымдылық - қайырлы іс» атты қайырымдылық концерт ұйымдастырылып, жана-жылдық тәттілер таратылды. Жалпы 57 сыйлық берілді. Қайырымдылық жасай отырып ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегіне насихаттау мақсатында «Мейірімділік жүректен» қайырымдылық жәрмеңкесі мен қайырымдылық концерт ұйымдастырылды. Жалпы 501 мың тг. шотқа жіберілді. Мектеп еркітілері   «Алақаның ыстық маған аялы» тренинтер, «Көңіл сыйла»  күнін өткізді.

Ұлттық тәрбие шеңберінде құндылықтар жүйесін қалыптастыру мақсатында жаңа оқу жылында гуманистік және тәрбиелік құндылықтар тұрғысынан ұмытылған, бірақ цифрлық әлемнің жаңа дәуірімен үндес дәстүрлерді жаңғыртуға бағытталған «Дәстүр мен ғұрып» жобасы арқылы іске асырылды. 5 қыркүйек  - ҚР  халықтарының Тілдері күніне орай  онкүндік,   «Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы», «Ұлтты тану – ұрпақ борышы» бірыңғай тәрбие сағаттары, 1 наурыз - Ризашылық күні. «Алғыс айту-игілік сыйлау» акциясы, «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік іс-шаралары өткізілді.

Мектеп жұмысының негізгі бағыттарының бірі - Отбасылық тәрбие. Мектептегі отбасылық тәрбиенің мақсаты келесі құндылықтарды қалыптастыру болып табылады: неке құндылығы және отбасы мүшелерін құрметтеу; толыққанды отбасын құру үшін денсаулық құндылығы; рухани байлық; туыстары мен жақындарына деген адалдық сезімі; отбасылық дәстүрлер; мұралар мен салт-дәстүрлерді ұқыпты қарау; ана құдыреті; сүйіспеншілік, адалдық, достық – құндылық сезімдері. Сынып жетекшілер ата-аналар жиналыстарын «психологиялық тренинг», «тәжірибе алмасу», «Педконсилиум», «Ашық есік» күні форматта өткізіледі. Жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу мақсатында  Отбасы күнін мерекелеу аясында «Отбасы-бақыт мекені!» атты іс-шаралар өткізілді. 7-8 сынып оқушылары арасында «Менің сүйікті отбасым!», «Менің отбасым-менің тірегім» коллаждар, 9-10 сынып оқушылары арасында «Менің отбасымның құндылығы» бейнероликтер байқауы. 

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие  кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарасты қалыптастыру, экономикалық ойлауды және тұлғаның экологиялық мәдениетін дамыту. «Үнем–қоғам қуаты» жобасы бойынша «Қоқыссыз әлем», «Эко-әлем» тақырыбында экологиялық сынып сағаты, «Жер ананы аялайық» сенбіліктер, «Мен жасыл әлемді қолдаймын!»  фотоколлаж, «Қоқысқа екінші өмір сыйла» шығармашылық байқауы, «Жасыл мекен» мектеп ауласына ағаш отырғызу акциясы.

Кәсіптік бағдар беру мақсатында жоғары сынып оқушыларының кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарасты қалыптастыру үшін арнайы кездесулер, жоғары оқу орындарының ашық есік күндеріне қатысты.                                 

   Зияткерлік және көркем-эстетикалық тәрбие білім алушыларға эстетикалық сананы; эстетикалық талғам мен сезімді; халықтардың ұлттық мәдениеттерінің құндылықтарына көркемдік-эстетикалық бейімділікті қалыптастыруға көмектеседі. Осы бағытты іске асырудың негізгі өткізілген іс-шаралар: «Күз ханшайымы мен ханзадасы», «Мен ерекше баламын», «Мейірімді бол!» фотоконкурс байқауы, «Көңілді жайдарман»  КВН. «Қош келдің, Жаңа Жыл-2023!» кеші, Алғыс айту күніне арналған «Ақ жүрекпен» көркем жұмыстар көрмесі, 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай «Әлем бесігін тербетін жан-АНА» мерекелік бағдарлама. 

Зияткерлік тәрбие құндылығы білім құндылығын; зияткерлік ұстанымның құндылығын; әрбір тұлғаның көшбасшылық қасиеттері мен дарындылық құндылығын; ал ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу – кибермәдениет мен кибергигиенаны қалыптастырады. Сынып жетекшілер мен тәрбиешілер «Әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік» тәрбие сағатын, «Үш тілдің  бірлігі» «Тапқырлар тартысы» интеллектуалды сайысын өткізді. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы  «Ойлан, тап» квест ойынын, «Қоғамдық тәртіп негіздері», «Білім артық па, байлық артық па?», «Қазақстанның жастары қаншалықты патриот?»  дебаттық турнирлер ұйымдастырылды.

Дене тәрбиесі салауатты өмір салты- дене шынықтыру мен спорттың, дене бітімін жетілдірудің құндылығын, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың құндылығын қалыптастырады. Қазіргі таңда оқушылардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі. Дарынды оқушылардың салауатты өмір сүруіне жағдай жасау мектептік денсаулық саясаты – бұл салауатты өмір салты. Жыл бойы дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері А.Мұратбекұлы, З.Рахат спорттық ойындар, эстафеталық жарыстар, жолдастық кездесулер, 7 сәуір –Дүниежүзілік Денсаулық күніне орай «Дені сау ұрпақ-ел болашағы» денсаулық күнін, «Отбасылық эстафеталық ойындар», «Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» қазақтың   ұлттық   ойындарын   ұйымдастырды, Сынып жетекшілер мен   тәрбиешілер «Дұрыс тамақтану-үздік білім алудың жолы!», «Мектеп денсаулық ортасы бола ала ма?», ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес» денсаулық сабақтарын, Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай «Ауырмаймын десең...» бюллетень сайысын өткізді.

Сыныптан тыс жұмыстар спорт, үйірмелермен балар толық қанымдалған. 

 

  Парламенті және дебат.

 

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында білім алушылардың «Мектеп парламенті»  өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасы  негізінде өзін-өзі басқару   оқушылар ұйымы өз жұмысын атқарып келеді. Бұл ұйымның басқару жүйесін 7-11 сынып оқушылары ұйымдастырады.

Мектеп парламенті  өзін-өзі басқару ұйымы оқушылардың  қоғамдық   әлеуметтік,  танымдық  және  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту, Мектеп парламентінің сегіз фракциясы мен «Жас Ұлан» ұйымының жеті бағытын толығымен қамти отырып,  қоғамдық әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытып, оны қоғам игілігіне пайдалануына жағдай жасауда. Ұйымдастырылатын шаралардың негізгі бағыттары спорт, әлеуметтік жұмыс, мәдени, жауапкершілікті арттыруға,   қарым-қатынас жасауға негізделген. Ұйым құрамындағы әрбір оқушы өз бағытының үздігі. Жұмыс жасау барысында  оқушылардың мүдделерін қорғап, ойларын ескеріп отырады. Мектеп өмірінің қызықты, әрі әсерлі өтуі өзін-өзі басқару ұйымының белсенді жұмыс жасауына тікелей байланыста. Мектеп Паралменті бұл бағытта аянбай еңбектеніп, үнемі жаңашылдыққа ұмтылуда. Мектеп Парламенті 2022-2023 оқу жылының қыркүйек айында 8 фракция бойынша жоспар құрылды. Өткізілген іс-шаралар бойынша барлық ақпараттар өзін-өзі басқару ұйымы мектеп парақшасы мен мектеп сайтына салынып отырды.   Қыркүйек айында Мектеп Парламентінің Президентін сайлауы өтті.   Әр үміткер сайлау бағдарламаларымен таныстырып, агитациялық жұмыстар жүргізді. Сайлауда 58 дауыспен Дулатова Алуа жеңіске жетті. Мектеп фракциялары да сайланды. 22 қыркүйек күні Мектеп Президентін ұлықтау рәсімі өткізілді    26 қыркүйек күні жиында бұйрық шығарылып, жоспармен таныстырылды. Өзін-өзі басқару ұйымын ұйымдастыру үшін мектеп  президентімен, мектеп парламентімен отырыс өткізілді.

Мектеп президенті Алуа Дулатова әрдайым өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерін біріктіріп, мектептегі тәртіпті қадағалап, оқушыларды барынша мектеп өміріне қатыстырып өзіне қойылған міндеттерді орындап отырды. Мектеп Парламенті оқушылардың мектепті басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, өз бетімен шешім қабылдай алатын, жауапты және тәртіпті, дербес таңдау жасауға дайын, белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасқан қабілетті көшбасшы тәрбиелеу бағытында  әр түрлі іс-шаралар атқарды.

Мектеп Президенті Дулатова Алуа ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің қаьысуымен  өткен республикалық  балалар өкілдерімен диалог алаңына қатысты. Мұндай кездесулер балалар мен министрлік арасындағы маңызды екенін атап өткім келеді. 

Ағымды жылдың 1 наурыз күні «Болашақ»  сарайында облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен Алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту – парызым!» атты облыстық форумы өтті. Іс-шараға мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының мектеп парламентінің Президенті Алуа Дулатова қатысып, сөз сөйледі. Ағымды жылдың 1 наурыз күні өзін-өзі басқару ұйымының мектеп парламентінің көшбасшысы Дариға Башарова «Болашақ» сарайында өткен «Бейбіт уақыттағы жас батырлар» сұхбат алаңына қатысты. Іс-шараға 50 мектептің өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері мен өз өмірлерінен қорықпай, ерлік көрсеткен батыр оқушылары, студенттері қатысты. 04.04.2023 жылы “Жас көшбасшылар” атты желілік Абай мектептерінің мектеп парламенті мүшелері арасында онлайн басқосу өтті. Жиынға мектеп парламентінің мүшелері қатысты.

 Мектеп парламенті мүшелері алдағы уақытта түрлі бағытта онлайн шараларды бірлесе атқарып, мектеп өмірін белсенді әрі қызықты етіп өткізуде жұмыстарды жандандыруды көздейді.

    Саяси сауатты, еркін көзқарасы бар, азаматтық қасиеттері мен ұстанымдары дағдыланған, демократиялы қарым-қатынасқа қалыптасқан қоғамдағы тұлғаны өсіріп жетілдіру мақсатында өзін-өзі басқару ұйымы мектеп парламентінің белсенді мүшелерінің басшылығымен «Жаңа ұрпақ» дебат клубы жұмыс жасауда. «Дебаттық қозғалыс» фракциясының басшысы Ким Камила. Пікір-сайыс қозғалыстарының дамуы кәсіби-шығармашылық және патриоттық тәрбиенің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Пікір-сайысшылар әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін, өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттіліктерін қалыптастырады. Мектеп-интернатының  пікір-сайыс клубы бірнеше жылдар бойы табысты жұмыс істеп келеді,  мүшелері қалалық, облыстық, республикалық дебат турнирлеріне үнемі белсенді түрде қатысып нәтижесін көрсетіп келеді екен. Орнағанына 60 жыл толған ауыл балаларының қамқоры Абай атындағы ( қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған дарын мектебінің ұжымына жас ұрпақ тәрбиелеуде жетістіктер тілейміз.

 

                                        Ертай Айғалиұлы

                                        Дахан Шөкшир.

27.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 31
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 67
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 23
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 30
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 35
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 29
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 63
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 67
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 265
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 262
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 883

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8959
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8353
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11579
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9337
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10563