«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы: цифрлар емес, нәтиже «сөйлесін»

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы:  цифрлар емес,  нәтиже «сөйлесін»

25 сәуір күні Мәжілісте Палата спикерінің орынбасары Павел Казанцевтің төрағалық етуімен  «Ауыл – Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру» туралы үкімет сағаты өтті. Жобаның басты мақсаты – ауылдағы адамдардың өмірін жақсарту. Жол құрылысы, сумен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт нысандарын қайта жаңарту және жаңа нысандар салу, жұмыс орындарын құру. 

Спикердің айтуынша, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ауылды көркейтуге арналған «Ауыл – Ел Бесігі» жобасын жүзеге асыру үшін 2019-2021 жылдары, республикалық бюджеттен 206 млрд теңге қаражат бөлінген. Тақырып бойынша баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров аталған қаржының қалай игерілгеніне тоқталып, жергілікті атқарушы органдармен «Ауыл – Ел бесігі» жобасымен қамтылған ауылдарға инвестиция тартудың тиімділігіне талдау жасалғанын айтты. Министрдің мәлімдеуінше, елімізде 6 293 ауылда 7,8 млн адам тұрады. – «Ауыл – Ел бесігі» жобасының мақсаты инфрақұрылымды жаңғырту, оны жаңа өңірлік стандарт параметрлеріне дейін жеткізу арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту. Ауылдардың жалпы санынан даму әлеуеті бар 3,5 мың ауыл таңдалды. Оларда ауыл тұрғындарының 89%-ы тұрады. Осы 3,5 мың ауылдың  1171-і тірек ауылы және олардың айналасында  2 368-і жақын спутник ауыл, – деді Ә. Қуантыров. Сондай-ақ министр биыл даму әлеуеті бар 492 ауылға 100 млрд теңге бөлінгенін, бұл қаражат тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын, әлеуметтік инфрақұрылымды, оның ішінде білім беру, денсаулық, мәдениет және спорт саласы жобаларын іске асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Ал батыс пен оңтүстік облыстарда әлеуметтік-мәдени, спорттық және білім беру инфрақұрылымын дамыту үшін 20 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылып отырғанын айтты. Алайда министрдің есебі әріптестерінің тарапынан сынға ұшырап, түрлі сұрақтардың туындауына түрткі болды.

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Альберт Рау:  –Жобаның нәтижесі сын көтермейді. 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша іс жүзінде бағдарлама 3,5 мың ауылдың 665-ін ғана қамтыған. Яғни, үш жылда 18% ғана ілгерілеу болған. Бұл ретте алдағы төрт жылда жобамен 2870 ауыл немесе 82% қамтылуға тиіс. Қазіргі жағдайға қарағанда, Ұлттық жоба параметрлерінің орындалмай қалу қаупі бар, – деді. А. Раудың айтуынша, мемлекеттік органдардың «жаңғыртылған ауыл» ұғымын жете түсінбейді, жобаны орындау барысында санға қарап емес, барлық проблема  толық шешілген ауылды ғана «жаңғыртылған ауыл» деп қабылдау керек. Талқылау барысында депутаттар тарапынан туындаған ауыл мектептеріндегі оқушылардың білім сапасы, жайылымдық жерлерді қайтару, тұрғын үй құрылысы, жұмыспен қамту, халықтың табысын арттыру, ауыз су, жол, интернет, экология жөніндегі өзекті сұрақтарға Әлібек Қуантыров тұщымды жауап бере алмады. Депутат Жанарбек Әшімжан: – Министр мырза Үкімет үйінен ұзап шығып, шалғай ауылдар мен аудандарды аяқтай аралап, барлық түйткілді мәселелерді өз көзімен көріп қайтқаны жөн. Сықиған цифрлар мен әдемі безендірілген инфографикалар ауылға талғажау болмай тұр дәл қазір. Жол, мектеп, аурухана, мәдениет нысандары, цифрландыру, білім беру жүйесі, көгілдір отын, ауыз су, ауылшаруашылығы, жұмыспен қамту, аңқасы кепкен жер, қирап жатқан каналдар, қосалқы шаруашылықтардың ахуалы төңірегінде ұйыған дау көп. 2019-2021 жылдары 206 млрд теңге бөлінген. Министр өз мәліметінде 2,6 мыңнан астам жоба жүзеге асты дейді. Ал біз аралап шыққан ауылдардың жағдайы керісінше... Соншама қаржының өтеуі қайда? Сауал көп, жауап жоқ. Жалпы, бұл жобаны түбегейлі қайта қарау қажет», -десе, әріптесі Сырым Ертаев: Ауыл баршамыз үшін қасиетті өлке. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы ауыл тұрғындарының өмірін, тіршілігін жақсартуға арналған. Иә бағдарлама бар. Елді қолдаймыз, жерді қорғаймыз дейміз. Бірақ бағдарламада қарама-қайшы іс әрекеттер бар. Ауылда 1 мил 700 мыңнан астам жеке қосалқы шаруашылық бар. Салық кодексінің 341 бабының 1-тармақ 14-тармақшасында нақты айтылған: 282 айлық есептік табысы,  яғни 864 мың теңгеден асатын табысы болса, ол шаруа міндетті түрде жеке қосалқы шаруашылық немесе кәсіпкер болуы керек, табысынан 10%  салық төлеуі керек. Яғни, салық кодексіне сәйкес бір-екі малын сатқан шаруа табыс салығына ілініп кетеді. Бірақ бүкіл ауылдағы ағайын табысты қорасында еңбек етуімен тауып отыр. Олар жалдамалы жұмысшы ұстамайды, бір үйдегі 7-8 адам барлығы таңнан кешке дейін малын бағып, жер тырмалап, сүтін, құрт-майын сатып күн көреді. Осы азын-аулақ тапқан табысы 864 мың теңгеден асатын болса, тіпті иленбеген теріге дейін салық төлеуі керек. Қолдары күс-күс болып, бел жазбай еңбек еткен аналарымыздың өнімін сатқызбаймыз, қудалаймыз, салық төлетеміз. Сондықтан жеке шаруашылық қосалқы қожалықтардың айналым қаржысын 10 млн теңгеге дейін көтеруді ұсынамыз. Шаруа бір жылда артық 1 млн пайда таба ма, жоқ па деген сұрақ. Өйткені шаруа тапқан пайдасын бала-шағасының киіміне, оқу-біліміне жұмсайды. Сондықтан оларға салық төлетпей, үлкен сауда орындарында құрт-майын, сүтін сатуына мүмкіндік беру керек. Өнімін арнайы лабораторияларда тексертіп, арнайы сертификат беру керек. Өнімін көп сатсын, табысы көбейсін. Өзі әрең жан бағып отырған шаруаны салықпен қыспай, үлкен фермерге, кәсіпкерге айналуына мүмкіндік беру керек. Сонда олар салық төлеп, Үкіметке пайдасын тигізетін болады. Сондықтан 282 айлық есептік көрсеткішті 10 есе өсіруді ұсынамын, – деді. 

Ал депутат Ғалым Әміреев: – Біріншіден, бұл бағдарламаға көзқарасты өзгерту керек. Бөлек бағдарлама болғаны дұрыс. Екіншіден, барлық министр, қажет болса, жиналыстарын ауылға барып өткізсін. Ол жақта да жағдай бар, мәдениет үйлері бар. Бүгінгі күні ауылдарда тек 3 ғана нысан бар: мектеп, мәдениет үйі және медициналық пункт. Болды басқа ештеңе жоқ. Осылардың кез келгеніне барып, министрлерге жиналыс өткізуге болады. Үшінші мәселе – балабақша мәселесі. Ауылдардағы балабақшаларды қаржыландыруды тоқтатпау керек. Одан бөлек, балабақшалардағы жан басына шаққандағы қаржыландыру дұрыс орындалып отырған жоқ. Оны бақылап отырған ешкім жоқ. Бұл жұмыс Білім және ғылым министрлігіне жүктелген, бірақ мәселе шешіліп жатқан жоқ. Инвестиция тарту тек Үкіметтің, әкімдердің жұмысы емес. Бізде қаншама жүйе құраушы, жер қойнауын пайдаланушы деген компаниялар бар.

Ауылдық жерлерде орналасқан «Самұрық-Қазынаның» да еншілес компаниялары бар. Бірақ ауылмен ешқандай жұмысы жоқ. Олар ол жақта не істеп жатыр? Жылда миллиардтаған пайда тауып жатыр. Осыдан 30-50 жыл бұрынғы жүйеге жете алмай отырмыз. Нені дамытып жатырмыз? Түсініксіз, – деді. Ғалым Әміреевтің «министрлер жиналыстарын ауылға барып өткізсін, ол жақта да жағдай бар, мәдениет үйлері бар» деген пікіріне, депутат Қазбек Иса: – Ауылдағы мәдениет үйлерінің жағдайы да мәз емес, жиналыс болып жатқанда төбесі опырылып немесе едені ойылып кетуі де мүмкін, – деп, қазіргі ауылдың жағдайының қаншалықты мүшкіл екендігін бір-ақ ауыз сөзбен түйіндеді. 

Р.S: «Qazaqstan dauiri» газеті 2010 жылдан «Ауыл – Ел бесігі» жобасын ұйымдастырып, Ауылшаруашылығы министрлігімен бірлесіп республикамыздың түпкір-түкпіріндегі алыс ауылдарды, елді мекендерді аралап, халықтың мұң-мұқтажын үнемі газет арқылы билік назарына ұсынып, ауылдағы қордаланған проблемалардың шешілуіне үздіксіз үлес қосып келеді. Қазір де дәстүр үзілген жоқ. Ауылдағы ағайынның жан айқайына құлақ асып, халық пен билік арасында көпір болу, қиналғанға қол ұшын беріп, қолдау, көмектесу барша азаматтың міндеті. Қазақтың тамыры ауылда. Сондықтан 2019 жылдан бері мемлекет қолға алған «Ауыл – Ел бесігі» жобасының халық өмірін жақсарту, жол салу, сумен, мектеп, баспанамен қамту және білім мен денсаулық сапасын арттыру мақсатындағы жоба-жоспарларына ақпараттық қолдау көрсетуіміз керек. 

 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
28.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 106
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 141
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 140
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 106
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 249
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 253
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 464
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 426

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9126
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8523
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11750
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9518
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10731