Ауылдар құлдық бұғауынан қашан құтылады?

Ауылдар құлдық бұғауынан қашан құтылады?

ҚР Үкіметі мен Парламенті және «Amanat» партиясының назарына

Солардың бірі Кемертоған ауылының мүшкіл жағдайына тағы да оралдық.

«Ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын» деп Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өте орынды айтты. Жарты миллион тұрғыны бар Алматы облысындағы жағдайлары сын көтермейтін Алматы, Қонаев қалалары- ның іргелерінде, сондай-ақ Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл, Іле аудандарында орналасқан, сондай-ақ респу- бликамыздағы «құлдық бұғауындағы» ауылдардың тағдырларының, жағдайларының әлі де жөнделген жоқ. Кемертоған да сол құлдық бұғауында өркендемей, өспей келе жатқан ауыл. Біз бүгін де осы ауылдың жиынтық бейнесіне, мүшкіл жағдайына қайта оралып отырмыз. Суы лас, жолы кедір-бұдыр, шамы күңгірт, бірақ бәріне «әкесінің құнын сұрайтын» ауылдардың мүшкіл жағдайы бір. Біз де шаршадық, ауыл тұрғындары да қалжырады. Алайда біз де, олар да құлдық бұғауынан құтылғанша алға ұмтыламыз, күресе береміз.

Осы уақытқа дейін Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылындағы мәселені сол жердегі тұрғындардың арызы бойынша арнайы бірнеше рет барып, газетке де жаздық, халықпен кездесіп, видеоға түсіріп, ютуб арнамы- зда көпшіліктің назарына ұсындық. Бұның алдында «Құлдық бұғауындағы» қырық үйдің зары» деген мақала жарияланған болатын. Ал мәселені зерттей келе бұл жерде қырық үй тұрмақ, тіпті бір ауыл ғана емес, күллі республикалық деңгейдегі ахуал екеніне көзіміз жетті. Күні бүгінге дейін сол ауылдағы заңсыздықпен алысып келеміз. Естеріңізге сала кетейік, былтырдан бері үш ауысымды мектепті, ауыл- дағы жолды, электр тогы, ауызсу, ғаламтор мәселелерін қозғаған едік. Биылғы жыл қазақ баспасөзі үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Еге- мен Қазақстан» газетіне берген сұхбатымен бастау алды. Ел Президенті «Біз әділ және бәсекелі экономика жүйесін құруға кірістік. Экономиканы әртараптандыру және монополиядан арылту, инфрақұрылымды жаңғырту, бизнесті қолдау, инвестиция тарту жұмыстарымен мықтап айналыстық. Әлеуметтік салада қордаланып қалған мәселелер біртіндеп шешіле бастады. Еліміздің түкпір-түкпірінде білім ошақтары, оның ішінде, «жайлы мектептер» бой көтеруде. Ауылдарда денсаулық сақтау нысандары салынып жатыр» деген болатын. Ал ендеше осы айтылған тұстары сәйкес келмейтін Алматы облысына қарасты Қарасай ауданы басқа мемлекет болғаны ма? Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында да «ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын» деген сындарлы сөз айтты. Бұл көптің көкейінде жүрген ой еді. Сондықтан жұртшылық та жылы қабылдады. Президент сол күні ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қойды және осы құжат арқылы Үкіметке ауылды дамытудың 5 жылға арналған нақты жоспарын әзірлеуді тапсырды. Бұл көкейтесті мәселеге Президентіміз де зор алаңдаушылық танытып отыр. Біздің газетіміздің «Аманат» партиясы және Ауыл шаруашылығы министрлігі, Оқу-ағарту министрлігімен бірлескен «Ауыл аманаты – ел аманаты» экспедициясы бар. Осы экспедициямызбен республикадағы қаншама ауылдардың жанайқайын билікке жеткізіп келеміз. Соның бірі, міне, Алматының іргесінде орналасқан Кемертоған ауылы.

Облыс әкімі Кемертоғанды елеусіз қалдырғаны ма?

23 қараша күні Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы Қарасай ауданы тұрғындарымен есептік кездесуін өткізді. Ол кездесуге біз де арнайы бардық. Бірақ бізді кіргізбей, сырттан ғана бақылауға рұқсат етті, залда отырғандардың тең жартысы мұғалімдер, әдейі массовка ретінде. Әрең дегенде бір тұрғынымызды ішке кіргізіп, артынша сұрағын қоюға мүмкіндікті де әрең сұрап алдық. Ауыл тұрғындарының көтеріп отырған мәселелері:

1. Электр жарығы Кемертоған ауылы 2012 жылдан бері ешқандай рұқсатсыз, құжаттарсыз және ЖК техпаспортсыз өздерінің трансформаторларын қойып алып, электр жарығын жоғары тарифте төлеп отырғаны белгілі. ИП «Калелова» иесі Калелова Нурпия Зукановна баласы Туркеев Ержан әр үйден келісімшар- тсыз 300 000 теңгеден, кейіннен қо- сылған үйлерден 350 000 теңгеден жинап, «электр жарығын стандартқа сай жасап беремін» деген уәдесінде тұрмай, 5 жылдан бері халықтың мазасын қашырып, үркітіп-қорқытып қосымша жөндеу жұмыстарына ақша жинауды сұрайды екен.

2. Ауызсу мәселесі. Судың жағдайы да электр жарығы сияқты жеке кәсіпкерлердің қолында. Себебі су құбырына ақшаны 170 000 теңге- ден жинап алып, техникалық суды беріп, тарифті заңсыз өз ойынан қой- ып, 130-150 теңгеден кубына беріп отыр. No17 квартал тұрғындары өз қалтасынан әр үй 3000 теңгеден шығарып, Ұлттық сараптама орта- лығына беріп тексертті, нәтижелері қолдарында тұр. Ал жеке кәсіпкерлердің су құбырын жүргізуге рұқсат құжаттары, актілері жоқ. Тіпті қанша метр тереңдікте қазылғанын да ешкім білмейді.

3. Интернет желісі. 2022 жылдан бастап Кемертоған тұрғындарының электр тогы жиі өшкендіктен, интернет желісі де нашарлап отыр. Себебі электр қуатын тасымалдайтын тіректер әбден тозған. Мәселе қосалқы трансформаторларға жауапты адамдар – жергілікті электриктердің дұрыс қарамауынан туындап отыр. Сонда интернет желісін қостырту үшін сол (столбтар) тіректер кімнің меншігінде тұр? Жекеменшік кәсіпкерлер өз қалта- сынан жөндеу жұмыстарына ақша шығарғысы келмесе, көшеге жарық жүргізбесе, неге Үкіметке өткізбейді? Сонда судың, электр жарығының тарифтеріне кім жауап береді?

Бұл сұрақтарға облыс әкімі турасынан жауап бермесе де, аудан әкімі мен құзырлы органдарға тапсырмаларды жүктеп, жеке монополистерді тексеретін арнайы комиссия құрылатынын айтты. Бірақ одан бері халық аудан әкімін де, арнайы комиссияның белсенді жұмыс істегенін де көрген жоқ. Яғни жоғарыда айтылған проблемалар «баяғы жартас – сол жартас» күйінде міз бақпай тұр.

Су кодексінің талаптары неге орындалмады?

Қазақстан Республикасының су ко- дексінің 92-4-бабы бойынша:

Елді мекендердің су бұру жүйелерінде жеке-дара кәсіпкерлер мен заңды тұлға- лардың сарқынды суларын елді мекен- дердің су бұру жүйелеріне қабылдау:

1) елді мекендердің су бұру жүйелері- не сарқынды суларды қабылдау қағида- ларына сәйкес сарқынды сулар олардағы зиянды заттардың жол берілетін шоғыр- лануының құрамы бойынша талаптарға сәйкес келген кезде жол беріледі. Сарқын- ды сулар сәйкес келмеген жағдайда дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар оларды тазартуды өзінің су бұрудың оқшау та- зартқыш құрылыстарында жүзеге асыруға міндетті;

2) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның техникалық шарттарының талаптарын орындаған кезде жол беріледі.

Ал осы талаптарды орындамай, бұл кісілерге қалайша мұндай мүмкіндік берілген? Халық көтерілгеннен кейін, Баян апамыздың Фарида есімді қызы халықпен тілдесуге шыққан болатын. Бұл мәселені шешейік дегендей болды. Осы уақытқа дейін су құбырының тереңдігін ешкім білмейді, яғни су құбырының құжаты жоқ деген сөз тағы да. «Ертеңнен бастап су құбырының тереңдігін өлшейік, арнайы судың деңгейін тексеретін ма- мандарды шақырайық», – деп, ол уәдесін берді. «Ал ары қарай су деңгейін тексергеннен кейін не істейсіздер? Тазартасыздар ма?» деген сұрағымызға жауап бере алмады. Тағы да халықты алдап, әйтеуір бірдеңе істеп жатырмыз деген кейіппен тыныш отыра бермекші. Арнайы осындай кісілер үшін ҚР Су кодексінің тағы бір бабынан мысал келтірмекшіміз.

Ауызсудың сапасын жақсарту жөнiндегi талаптар:

Уәкілетті органның ведомствосы басқа мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп ауызсудың сапасын жақсарту жөнiндегi талаптарды әзiрлейдi, олар:

1) су объектiсiнiң белгiлi бiр сапасына сай келетiн құрылыстардың технология-

сы мен қуатын жұмысқа қабiлеттi күйiн- де ұстауды;

2) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң ақауларын қалпына келтiрудi; 3) құрылыс жұмыстарының жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып, сенiмдi жабдықтар мен материалдарды пайдала-

нуды;

4) тұтынылатын судың норматив-

терi мен ұлттық стандарттарын мез- гiл-мезгiл жетiлдiрiп отыруды қамтиды.

Жекеменшік иесі болса да кәсібін жүр- гізбес бұрын осы заңдармен танысып, заң аясында жүргізуі тиіс емес пе? Әлде біз қай заманда өмір сүріп жатырмыз? Бұл ауылдың тұрғындары шынында да ай- дың-күннің аманында «құлдықта» өмір сүріп жатыр! Ауыл тұрғындары да заңнан бейхабар немесе үреймен өмір сүруде. Әйтпесе қожайыннан осы күнге дейін өзара келісімшартты неге талап етпеген, таңға- ларлық нәрсе.

Министр Қуантыров тұрғындарды қуанта ала ма?

Тұрғындардың жазылған арызы бойынша 14 желтоқсан күні Экономика министрі Әлібек Қуантыров мырзаның қабылдауында болдық. Онлайн қабылдауды ұйымдастырып берген Алматы қаласының «Amanat» партиясына алғысымызды білдіреміз. Кемертоған ауылының белсенді тұрғыны Жұматаева Раушан министрге де ауылдың жағдайын жеткізген болатын. Экономика министрі өз тарапынан тарифтерге комиссия құрылып, тексеріс жүргізілетінін айтты. Сондай-ақ осы жағдай бойынша аудан әкімі мен бірқатар құзырлы орган- дардан жағдайды баяндап беруді сұрағанда Қарасай ауданының әкімі үнсіз қалды. Экономика министрі берген тапсырмалар орындала ма, оны уақыт көрсетеді. Сондай-ақ ауыл тұрғындарымен бірге барлық жекеменшік иелерімен ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің отырысына да барған бо- латынбыз. Оған аты шулы «Калелова» ЖК- ның өкілдері Калелова Нурпия мен Туркеев Ержан қатысты. Отырыстың нәтижесінде «Калелова» ЖК-ның соңғы 3-4 айда құжаттарды 4 рет ауыстырғаны белгілі болды. Және оны соңғы айда ғана қолға алды. Ал осы уақытқа дейін қаншама жылдар бойы құжатсыз қалай жұмыс істеп келген? Мұны бақылайтын құзырлы органдар қайда қараған? Сондай-ақ белгілі уақытта мемлекеттің регистрінен өтуге уақыт берілді. Егерде өтпеген жағдайда айыппұл салынатынын мәлім етті. Және де алдағы уақытта заңды түрде тариф бағалары белгіленуі тиіс.

Депутаттар не дейді?

Дәл қазір Қарасай атау емес етістік бо- лып тұр. Әй үкімет, бері Қарасай, Көңіл бөлсей, Мәселені шешсей! Мінекей осындай етістіктер Қарасайдың әр бұрышынан шығып тұр. Ортамыздың ойранын шығарған отыз жылда бұл аудан не көрмеді? Соның салдарын бұгін қарапайым халық тартып жатыр. Жауабын таппаған жүзден сұрақ, әбден қажыған мыңдаған адам. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Баққо- жаев Анас Ахатұлы Кемертоған ауылының тұрғындарымен кездесіп, депутаттық сауал жолдайтының айтты.

Сонымен қатар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» фракциясының мүшелері Жанарбек Әшім- жанов, Мақсат Толықбай, Максим Рожин «AMANAT» партиясының Қарасай аудан- дық филиалында қоғамдық қабылдау жүргізді. Іргелі ауылдық округінің тұрғыны Жұматаева Раушан Кемертоған ауылының өзекті мәселелерін атап өтті.

«Ауылда жол сапасы сын көтермейді. Небәрі 4,7 шақырым жолдың ой-шұңқыры көп. Жел сәл күш алса, жарық өшіп қалатын «дәстүр» пайда болды. Онымен қоса электр энергиясының бағасы бір киловатт үшін 35 теңгеге дейін жетеді. Бұл өте қымбат. Ал 5 мыңнан аса бала оқитын ауыл мектебінің толып кету мәселесі тағы да толғандырады», – дейді тұрғын.

Мәжіліс депутаттары жағдаймен жіті танысып, аталған мәселелердің оң шешілуі- не күш салатындарын жеткізді.

Ал Кемертоған ауылында үш ауысымды мектептің мәселесін шешу үшін 2027 жылға дейін партияның сайлауалды бағдарламасы аясында 1500 орындықты 2 мектеп салу жоспарланып отыр. Айта кетейік, осыған дейін Парламент Мәжілісінің депутаты Мақсат Толықбай осы тақырыпта депутаттық сауал жолдаған еді, ол бұл мәселелермен жақсы таныс деп айтуға болады. Мәжілісменнің былтырғы ақпаратынша, Қонаев қаласы, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл, Іле ауданының өзінде 674 саяжай бар. Тұрғындарының саны бес жүз мыңға жақындаған. «Бұл деректің өзін де нақты айту қиын. Себебі азаматтар тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеле алмаған соң, жәрдемақы мен мемлекеттік көмек алу үшін Алматы қаласына тіркелуге мәжбүр. Халық қысы-жазы тұрғынжай етіп отырған жүздеген саяжайда мектеп, балабақша, қоғамдық көлік, медициналық жәрдем, асфальт, пошта, байланыс пункт- тері, әлеуметтік қызмет инфрақұрылымы, әлеуметтік нысандар атымен жоқ. Электр қуатына дейін жекенің қолында. Екі есе тарифпен төлеуге мәжбүр», – дейді М.Толықбай.

«Оқу жылы басталғалы балалар бірнеше шақырым жердегі мектепке балшық кешіп барып, кейде иттерге таланып жатыр. Айта берсек, мұндай мысалдар көп», – деп жалғастырды сөзін депутат.

«Қысқасы, жүздеген мың отандасымыздың сұрайтыны – «ауыл» статусы. Өйткені қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражатын қа- лалық және ауылдық аумақтарды дамытуға ғана бөле алады. Бұл түйткілді мәселені Үкіметтің деңгейінде күн тәртібіне шығар- масақ, бұның арты үлкен әлеуметтік шие- леніске алып келуі мүмкін», – деп ескертті ол. Десе де, оның айтуынша, саяжайлардың аумағын қасындағы ауылдық округтерге қосып немесе «ауыл» статусын бере салғанмен, проблема шешіле қалмайды. Бір ғана облыс әкімдігінің шамасы жетпейді. Көп қаржыны қажет етеді. «Сондықтан Үкімет жедел әрекет етіп, саяжай мәселесін ше- шуге арналған нақты, ауқымды бағдарлама әзірлеу керек. Ашығында, бұл – Алматы облысында ғана емес, байтақ Қазақстанның әр өңіріндегі түйнек. Өз тарапымыздан аталған мәселені бақылауға алып, қоғамдық талқылау жасаймыз», – деді Мәжіліс депутаты.

Мақсат Толықбайдың айтуынша, Қарасай ауданындағы бірнеше елді мекендегі газға жауапты компанияның қызметіне 2023 жылдың қаңтар-ақпан айында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті жоспардан тыс тексеріс жүргізген. Нәтижесінде бірнеше заңбұзушылық фактісі анықталып, компанияға 2 млн сомасында әкімшілік айыппұл салынған.

Ендігі кезекте су мен жарық мәселесі бойынша депутаттық сауалды күтеміз. Бұл жекеменшіктердің артында соншама кім тұр? Не жергілікті прокуратура, не жергілікті әкімдік, не антимонополияның бұйрықты орындатуға шамасы келмейді. Сондықтан бұл мәселе республикалық деңгейде қарастырылуы қажет.

Үш ауысымды мектеп: Бұл – қала іргесіндегі ауылдардың басты түйткілі.

Енді Кемертоған ауылындағы үш ауысыммен оқитын мектепке тоқталатын болсақ. Бұл да қаншама жылдардан бері бітпей келе жатқан жыр. Оқушының көптігінен, үш ауысымда оқытып жатқан мектеп басшылығына ата-аналар наразы. Олар Үкімет- тен өз алдарына жаңа мектеп сұрайды.

1200 балаға арнап салынған мектепте бүгінгі таңда 5000-ға жуық бала оқып жатыр. Биылғы жылы тіпті бала көптігінен сыныптар тізбегі 22-ге жетіп, соңы «у» сыныбымен аяқталып отыр.

Мектептегі келеңсіз жағдайға бір жағынан жақын жерде орналасқан «Асыл арман» тұрғын үй кешенінің де әсері бар. Себебі, ол жақтағы мектеп құрылысы әлі бітпегендіктен, сол тұрғын үйдегі балалар осы жаққа қатынап оқуға мәжбүр. Бірақ, ол жақтағы мектеп құрылысы аяқталып, ба- лалардың біразы сол жаққа ауысқанымен, мәселе шешілмейді дейді тұрғындар. Кемертоған ауылы үлкейіп, жаңа құрылыс (новостройка) деп аталатын ауылдың екін- ші бөлігінде тұрғындар саны көбеюде. Соған сай бала саны да өсіп келеді. Бір мектепке алдағы уақытта бәрібір балалар сыймайды. Мемлекет басшысының 2025 жылдың соңына дейін 1000 мектеп салу туралы тапсырмасының жай-күйі не болмақ? Өркениетті елдер қатарына кірігуді ойлаған шақта балаларымыз қандай мектепке барарын білмейді. Неге?

Түйін:

Сондықтан бұл мәселе Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінде көтерілуі тиіс. Сонымен қатар барлық құзырлы органдар – Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік, Салық комитеті, облыс әкімшілігі мәселені майшаммен қарау керек. Бұл ауылдың артында тұрған жемқор болсын, шенеунік болсын, кім болса да жазасын алып, жарық пен суды Үкімет тара- пына қайтарсын! Сонда ғана әділдік орнайды, қырық үйді бір шыбықпен айдаған қо- жайын ападан қорқып, үркіп отырған тұрғындардың жандары сонда жай табады. Бәрі де заң жүзінде жүзеге ассын. Тұрғындардың да, біздің де талабымыз – осы. Сондай-ақ алдағы уақытта бұл мәселе- лер газетіміздің бақылауында болып, оқырмандарымызды мән-жайдан хабардар етіп отырамыз.

 

РАУАН МУТАИР
18.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 3
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 13
 СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 02.05.2024 7
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 8

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1170
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7217
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11081
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7282
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7428