Бағаның өсуіне табиғат «кінәлі» ме?

Бағаның өсуіне табиғат «кінәлі» ме?

Елімізде азық-түлік пен басқа да тауар бағасының қымбаттауы былтыр әлемде жаппай пандемия кезінен басталды. Үкімет жыл басында-ақ қымбатшылыққа төтеп беру үшін 9 тауарға шекті құн белгілеп, тағы 7 тауардың экспортына шектеу қойып, қосымша құн салығының мөлшерін 12%-дан 8%-ға төмендету секілді бірқатар шешімдер қабылдаған еді. Алайда бағаның өсуі тоқтар емес. Қазір елімізде азық-түлік бағасы 9,7%-ға қымбаттады. Әлем бойынша азық-түлікті жеткізудің белсенді қатысушысы саналатын Қазақстан бидай мен ұн өндіруші ірі елдердің ондығына кіреді және жылына 7 миллион тоннаға дейін бидай экспорттайды.

Бірақ ішкі нарықта сарапшылардың мәліметінше бидай мен ұн өнімдерінің бағасы күн санап өсіп, мысалы макарон бағасы бір жыл ішінде 10,3%-ға, ал кеспе 11,6%-ға қымбаттаған. Елдегі нан бағасы 2021 жылдың маусымында бір жыл бұрынғығы қарағанда 5,9%-ға өскен. Нан түрлерінің ішінде қарабидай-бидай наны қатты қымбаттаған – бағасы 9,2%-ға пайызға өскен. ҚР салық кеңесшілері палатасының 1 дәрежелі кеңесшісі Мұрат Оспанұлының айтуынша, Тәуелсіздік алғалы 30 жылдан бері қымбатшылықтың негізгі себебін әлемдік саудада мұнай бағасының төмендеуімен, есесінен теңгеміздің әлсіреуімен, импорттық тауарлардың қымбаттауымен түсіндіруші едік. Бір қызығы биылғы қымбатшылық керісінше себеппен орын алып отыр. Мұнай бағасы жыл басынан бері үздіксіз көтеріліп келеді. Дәл бүгінгі күні «бөшке» мұнайымыз 74 доллардан асты. Осы жерде назарларыңызды аудартатын мәселе – осы қымбатшылыққа себепші үйреншікті немесе үйреншікті емес ешбір экономикалық факторлардың болмауы. Былайша айтқанда қымбатшылықтың тек қолдан жасалуда», – дейді.

Дегенмен біздің Үкімет қымбатшылық себебін басқаша тұжырымдайды. Үкіметтің Цифрлық офисінде әлеуметтік маңызы бар азықтүлік тауарларының бағасын реттеу мәселелері бойынша өткен кеңесте, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Негізгі аграрлық елдердегі, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы қолайсыз климаттық жағдайлар негізгі ауылшаруашылығы дақылдарының шығымдылығының төмендеуіне алып келді. Осыған байланысты бағаның өсуі байқалады», – деді. Яғни Маминнің айтуынша, соңғы 8 айда әлеуметтік маңызы бар азықтүлік тауарлары бағасының 9,7% өсуіне биылғы ыңғайсыз климат «кінәлі». Cонымен қатар Мамин жиында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне бағаны шекті сауда үстемесінен асыра белгілеген сауда субъектілерін жауапкершілікке тарту, шұғыл шаралар қабылдау қажеттігі жөнінде тапсырма берді. Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес «Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі» бағаны төмендету туралы 68 хабарлама шығарып, 8 тергеу тағайындады. Сауда үстемесінен асырған 8 облыста 8 түрлі тексеріс жүргізуді бастады. Алайда атқарушы биліктің тексеріс, «қудалау», айыппұл салу арқылы инфляцияны реттеу мүмкін емес екенін білмей отырған жоқ шығар...

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
01.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 174
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 169
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 679
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 799
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 713

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8868
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8263
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11491
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9247
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10474