Батыс Қазақстан: Өңір жұрты әлі де үрей үстінде

Батыс Қазақстан:  Өңір жұрты әлі де үрей үстінде

Төтенше жағдай режимі енгізілген Батыс Қазақстан облысында жағдай әлі де тұрақталмады. 4 сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірімізге жұмыс сапарымен келіп, ТЖ жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізді. 

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, ел Президенті облыс әкімі Н.Төреғалиевпен бірге қарғын су басқан аумақтарды тікұшақпен аралап, тілсіз жаудың зардабын тартқан Теректі, Сырым, Қаратөбе аудандарындағы ахуалды зерделеді. Сонымен қатар эвакуациялық пунктке орналасқан тұрғындармен тілдесіп, мемлекет тарапынан барлық көмектер көрсетілетінін жеткізді. Сапар барысында облыстағы су тасқынына байланысты жедел штабтың отырысын өткізген Президент тасқын судың салдарын жою үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігін тапсырды. 

Бүгінде облыстағы тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмектер көрсетілуде. Осы мақсатта БҚО Азаматтық Альянсының бастамасымен гуманитарлық көмек жинау штабы ашылды. Қазіргі таңда ел халқы табиғи апаттан зардап шеккен отандастарына қолдау көрсетіп, ауызбіршілік танытуда. Бұл игілікті іске «AMANAT» партиясының мүшелері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары,  этно-мәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, жастар ресурстық орталықтарының  өкілдері атсалысуда. Тіпті бауырлас қырғыз елінің де қиын шақта көмек қолын созып, жанашырлық танытқанына облыс жұртшылығы дән риза. Ал БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың ұл-қыздары (185 бала) республикалық лагерьлерге жіберілетінін жеткізді. 

Дейтұрғанмен, облыста тасқын қаупі әлі сейілмеді. Қазіргі уақытта барлық күш-құрылымдар, еріктілер, белсенділер өзен жағасындағы бөгеттерді биіктету, су тасқыны қаупі бар аумақтарда қорғанысты күшейту, эвакуациялық орындарды дайындау, күнделікті қапшықтарға құм толтыру, өңірімізге келіп жеткен гуманитарлық көмектерді жүк көлігінен түсіру және халыққа тарату жұмыстарына жұмылдырылуда. 

 

 

«Қазсушар» мекемесінің облыстағы филиалы Ресейдің Орынбор және Саратов облыстарының су шаруашылығы қызметтерімен күнделікті ақпарат алмасып отырғанын жеткізді. Облыстағы Шаған және Деркөл өзендерінің бойындағы гидробекеттерде су деңгейінің төмендеуі байқалған. Ал Жайық өзеніндегі су деңгейі тасқын басталғалы жалпы  6 метрге көтеріліпті. «Сәуір айының екінші жартысында Сақмара өзенінің және Ирикла су қоймасынан тасталған судың есебінен көтерілуі күтілуде» дейді «Қазсушар» мамандары.

Қарғын су құрсауында қалған елді мекендердің бірі – Теректі ауданындағы Аңқаты ауылы. Осы ауылдағы Туралиевтер отбасы 2008 жылы жер сілкінісі болған «Шалқар балық цехы» аталатын ауылдан Аңқатыға қоныс аударған екен. Енді, міне, сол кезде арнайы бағдарламамен салынған баспанасына су кіріп, тағы да айтып келмес апаттың зардабын тартқан. 

– Үйдің ішіне кірген судың деңгейі бір метрге дейін көтерілді. Биыл қар көп түспеді, алайда даладан келген еріген қар суы біздің үйлеріміз орналасқан ойыс жерге келіп жиналды. Демек, кезінде бұл үйлер судың жолына асығыстау тұрғызылса керек. Үйдің іргетасы да аласа. Жалпы Аңқатыда 22 үйге су кірді. Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы келіп, жағдайды өз көзімен көріп кетті, – дейді Серікқали аға. 

Бүгінде ауылдағы тасқын судың беті қайтқанымен, ауыл іші балшық, үйлері ызғар болғандықтан, баспаналарына орала алмай отыр. Біреулері – эвакуациялық пунктке қоныстанса, біреулері туысқандарын сағалаған. Алдарындағы төрт түліктері де қауіпсіз жерге көшірілген. Жан-жақтан жомарт азаматтар көмек көрсетіп, ас-ауқаттары жеткілікті болса да, қара шаңырағын су басқан отбасылардың көңілдері күпті екені айтпаса да түсінікті.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің 9 сәуір күнгі мәліметінде барлығы 581 үй мен 427 саяжайды су басқаны көрсетілген. Қауіпсіз орынға көшірілген 7125 адамның жартысынан көбі балалар екен. Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты өзен жағалауындағы саяжайлардың тұрғындары әлі де көшірілуде.  

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА

11.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

Төбет – қазақтың ұлттық бренді
Жасұлан АБДИҒҰЛОВ, Қуат НҰРҒАЛИЕВ, әуесқой итбегілер - 09.12.2024 85
  Алтын қолды дәрігер
Аяужан ЖАЙЛАУҚЫЗЫ, Алматы қаласы - 08.12.2024 31
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 94
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 98
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 104
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 98
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 104
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 94
Ақмола астық жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті
Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 07.12.2024 90
РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 07.12.2024 87
Ән өнерінің саңлағы
Саяжан ҚАЙДАР - 06.12.2024 102
ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН, ҒИБРАТЫ МОЛ КИЕЛІ МЕКЕН
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 06.12.2024 98
Тоқсанның төріндегі театр
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 06.12.2024 95

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 10376
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9356
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12596
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11568
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 16579