Білім саласындағы ең үздік жоба

Білім саласындағы ең үздік жоба

Биыл еліміздегі білім саласындағы үздік жоба саналатын«Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Мерейтойға орай қорбасшылығы журналистер мен блогерлерге арнап пресс-тур ұйымдастырды

Қор еліміздегі білім беру саласында сапалы білім мен саналы тәрбие үрдісін қалыптастыра отырыпқұндылықтарға негізделген дәстүрлі әрі халықаралық озықтәжірибелерге сүйеніпжаһандық дәуірдегі бәсекегеқабілетті тұлға қалыптастыруды мақсат тұтадыСондай-ақтиімді басқару тәсілі арқылы ел аумағында 32 «Білім-инновация» лицей-интернатын, 1 колледж,  Spectrum халықаралық балабақшасын, 8 жекеменшік мектеп пен SDU университетінің негізін қалады

Қор басшысы Дархан Өтенің айтуыншабілім-инновациялық лицейлері ауылдық жерде тұратын балаларғаоқуға мүмкіндік беріп отырҚазір лицейде оқитыноқушылардың шамамен 30 пайызы ауыл балалары

– Бұл лицейлер негізінен 7-11 сыныптар арасынқамтиды. 7-сыныпта біз бүкіл Қазақстан бойынша емтиханөткіземізБұл емтиханның ерекшелігі балалардыңзеректігінинтеллектуалды қабілетінсауатты ойлай білуқабілеттерін тексередіБүкіл Қазақстанда – қалаорталықтарында және ерекшелігі ауылды жердегі балаларғамүмкіндік беру үшін әрбір ауданға барыпемтиханөткіземізОсылайша емтиханға жыл сайын 30 мыңнанастам оқушы қатысадыОлардың ішінен тек 1800 оқушынықабылдап аламызАуыл мен қаланың алшақтығын жоюмақсатында ауылдағы балаларға квота бөлемізНегізінен 10 пайыз ауыл балаларына және 15 пайыз осал топ иелерінеквота беріледіЛицейде білім алып жатқандардың 30 пайызға жуығы ауыл балалары, – деді Дархан Өте.

Лицей – негізінен оқыту тілі қазақ тіліндегімамандандырылған білім беру ұйымы болғаныменжаратылыстану-математикалық цикл бағытындағы пәндертолық ағылшын тілінде өткізіледіСонымен қатар білімалушылар лицейді бітірген соңқазақорысағылшынтүріктілдерін де меңгеріп шығады. 30 жыл ішінде лицейдің озатоқушылары халықаралық деңгейде 4 558 медаль, республикалық деңгейде 5 142 медаль, жалпы саны 27 593 медаль жеңіп алған, ал өңірлердегі оқу орны бірнеше ретГиннестің рекордтар кітабына енген лицейдің адамикапиталдың дамуына қосқан үлесі орасан зор

Ал NurOrda мектеп-лицейінің директоры СелманШимшек журналистер мен блогерлерге оқу орнының ішінтаныстырыпбілім ордасының ерекшелігін айтып берді

–  NurOrda мектеп-лицейі 2007 жылы ашылдыБұл – қордың алғашқы жекеменшік мектебіҚазір жекеменшікмектептер арасында ең танымалы десек те боладыБіздежылына шамамен 700-800 оқушы емтихан тапсырадыҚазақ тіліағылшын тілі және математика тереңдетіліпоқытыладыМектебімізде қазақ тіліне 75 пайыз басымдықберілгенЖалпы әлем бойынша жоғары стандарттарға сайкелетін 700 мектеп бар. Қазақстанда 10-ға жуық мектеп солстандартқа сай келедіОған ену үшін қойылатын талаптарөте жоғарыБіз соның 90 пайызын орындадықЕндіқорытындысын күтіп отырмыз, – дейді мектеп директоры Селман ШимшекҚорға енетін келесі білім ордасы – Spectrum халықаралық мектебіМектеп директоры ЕрханАбдулдаевтың айтуыншаSpectrum халықаралық мектебіжергілікті және шетелдік азаматтар үшін жоғары білім беру стандартын ұсынадыМұнда шамамен 28 ұлттың баласыоқиды. 14 елден мамандар келіп жұмыс істейді. 45 пайызышетелдік мамандар

– Біздің мектептің айырмашылығы мемлекеттікмектептерде оқу маусымы 34 апта болсабізде 37 аптаДемалыстар мен оқу кезеңі мемлекеттік мектептерменсәйкес келмеуі мүмкінБіз сабағымызды тамыз айынанбастаймыз, – деді мектеп директоры Ерхан Абдулдаев

Баспасөзге арналған турдың соңында дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» ғимараты таныстырылдыМектеп директоры Руслан Сихымбековтың айтуынша, 30 жылда «Білім-инновация» лицей-интернатын 1832 түлек бітірген

Лицей түлектері 30 жылға жуық уақыт аралығындахалықаралық білім сайыстарында еліміздің көк Туынжелбіретіпқазақстандық білім мәртебесін арттыруға өзүлесін қосып келедіОның жарқын дәлелі – лицейдің 2003 жылдан бастап осы күнге дейін  үздіксіз «Ең үздіколимпиадалық мектеп» марапатына ие болуыБұлмарапатқа жетуде «БИЛ-дағы» «Әлем педагогы» атағыныңиегері, Гиннестің рекордтар кітабына енгенбілімсаласындағы көптеген мемлекеттік награда иесіреспубликаға танымал математик Муаммер Гульдің орныерекшеЛицейде Муаммер Гуль сынды ұстаздар өте көпҰстаздарға барлық жағдай жасалғандықтан және басқаруменеджменті тиімді жолға қойылғандықтан болармұндағымұғалімдер таңнан кешке дейін алаңсыз жұмыс істейді. БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Муаммер Гуль «олимпиаданың» философиялық ұғымына талдау жасапберді

– «Олимпиада дегеніміз не? Көпшілігіңіз оны жарысбәйге деп айтуыңыз мүмкінМеніңшеолай емесОл – өмірһәм терең ой. Ал терең ойлау үшін адамға не керекҚызығушылық керек. Ал қызығушылық үшін не керекӘринемахаббат керек. Бала өзі істейтін дүниені жақсыкөруі керек. Сонда ғана нәтиже болады. Ал мен солбалалардың математикаға деген махаббатын оятуғатырысамын. Адам ақылды болуы керекАқылды адам ғанаөмірдің кез келген сәтіненжасаған дүниесінен максималдыдеңгейде ләззат аладыләззат ала отырыпөмірді сүйеді, –деді математик Муаммер Гуль. 

Талапты мұғалім Муаммер Гульдің шәкірттерініңқызығушылығы мен қабілетін ашудағы шеберлігінің сыры өмірді қарапайым мектептегі мұғалімдердей емесөзгешетүсінетіндігінде секілдіӨйткені шәкірттерді терең ойлауғабаулу арқылы өмірге деген құлшынысын оятып, оны сүйебілуге және сүре білуге үйретудің жөні бөлек.

Сонымен қатар БИЛ-дың тәрбие саласында да жеткенжетістігі көпСебебі мұнда көптеген ізгі идеяларды жүзегеасыратын игі іс-шаралар өтіп тұрадыДәлірек айтсақадамиқұндылықтарға негізделген білім берудің арқасындақарттарғаарнайы білім беру ұйымдары балаларынаардагерлерге оқушылардың қатысуымен көмек беріледіАстанадағы БИЛ директоры Руслан Сихымбековтыңайтуынша, лицей мемлекеттік мекеме болғандықтанқаржыкөзі аз. Сондықтан түлектер өз тарапынан қолдау білдіріпоқу орнына үнемі қаржылай көмек көрсетіп отырады екен.

Шәкірттерінің білім шырағын жаға білу мен оқуға дегентерең құлшынысын қанаттандырудың нәтижесі болса керек, БИЛ түлектері әлемнің «ТОП-10», «ТОП-100» қатарындағыалдыңғы қатарлы ЖОО-да оқидыАтап айқанда, АҚШ, Оңтүстік Корея, ҰлыбританияЖапонияҚытай, Канада, Сингапур, Гонконг, Малайзия, Түркия және Еуропаелдерінде білім аладыCоның ішінде ҰлыбританиядағыОксфорд пен Кембридж университетіндеОңтүстікКореядағы ЮНИСТ техникалық университетінде, АҚШ-тағы Солтүстік Америка мен Массачусетс технологиялықуниверситетінде де білім алады. 

ТІЛЕКГҮЛ ЕСДӘУЛЕТ
20.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда өрттен 13 адам көз жұмды
Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы - 30.11.2023 31
Өзгенің табысына ортақтасу – масылдық
Нұрым Сырғабаев nurymsyrgabaev28@gmail.com - 30.11.2023 10
ОЗЫҚ ҮЛГІДЕГІ БАЗАРДА 400 ЖҰМЫС ОРНЫ БЕРІЛМЕК
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ - 30.11.2023 6
🔰АНА МЕН БАЛАҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жуалы ауданы әкімдігі - 30.11.2023 42
ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Сарысу ауданы әкімдігі - 30.11.2023 30
КЕЗДЕСУ
Сарысу ауданы әкімдігі - 30.11.2023 29
ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі - 25.07.2023 1685

Топ жаңалықтар

1
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 4081
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 3749
3
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 3905
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 3839
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 3911