«Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалистері

«Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалистері

Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған бренд-комитеттің шешімімен жергілікті төрт кәсіпкер финалға жолдама алды. 

23 тамызда өткен «Бір ауыл – бір өнім» жобасының алғашқы кезеңіне 33 тауар өндіруші қатысты. Олар азық-түлік, консервіленген өнімдер мен жартылай фабрикаттар және ұлттық киім, тоқыма сондай-ақ, құрылыс материалдарын ұсынды. Нәтижесінде 10 кәсіпкер жартылай финалға жолдама алды. 

Кейін жартылай финалистер өз өнімін жеке таныстырды. Үміткерлер өндіріс принциптерімен, болашақ жоспарларымен бөлісіп, мәселелерін көтерді. 

– Финалистерді іріктеу кезеңінде «Бір ауыл – бір өнім» жобасының критерийлеріне назар аудардық. Талап бойынша өнім немесе тауар жергілікті шикізаттан өндірілуі тиіс. Оны жасау кезінде айтарлықтай қаржылық шығындарды қажет етпейтін қарапайым құралдар мен механизмдер қолданылуы керек. Сырттан әкелінген материалдарды аксессуар немесе қосымша ретінде пайдалануға рұқсат етіледі. Жеңімпаздарды таңдау оңай болған жоқ, өйткені барлық қатысушылар өз өнімінің артықшылықтарын көрсетуге тырысты, – деді облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Сүйінбаев.

Анықтама үшін: финалға ағаш бұйымдарын жасаумен айналысатын «Нұрриза» ЖК басшысы Нұрлыбек Бисенбаев, сүйек сорпасын өндіретін «BC Wellness» ЖК басшысы Жанар Әжіғалиева, сүт өнімдерін өндіретін «Milky House» ЖК басшысы Галина Сардарова, киізден жасалған бұйымдармен «Дасаева» ЖК басшысы Дина Дасаева жолдама алды. 

Жоба жеңімпаздарына маркетингтік қолдау, өнімді брендтеуге, сертификаттауға және тауарды экспортқа шығару үшін көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, жоба сертификаты мемлекеттік грантқа ие болуға мүмкіндік береді.

КҮМІС ҚАЛТЫКЕЙ, Атырау облысы
25.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

СӘБИДІҢ ОБАЛЫ КІМГЕ?
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 11.10.2024 197
Алаш жұрты  Ғарифолласынан айырылды
«Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы - 25.09.2024 1068
13 жасар оқушы  бес түрлі қамшы өреді
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 1106
Ұстаздар 8 перзент  тәрбиелеп отыр
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 1087

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6081
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 5523
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 8709
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 6514
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 7721