БҚО-да ауыл әкімдері бас қосты

БҚО-да ауыл   әкімдері   бас қосты

 

Батыс Қазақстан облысында «AMANAT» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен ауылдық округ әкімдерінің форумы өтті. 

Форум жұмысына облыс әкімі Нариман Төреғалиев пен «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев, партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Мұрат Мұқаев қатысты.

Қазіргі таңда Батыс Қазақстанда 150 ауыл әкімі жұмыс істейді. Президенттің реформасы іске асқан уақыттан бері 3 жыл ішінде өңірімізде 143 ауыл әкімі сайланған. Алдымен сөз алған өңір басшысы Нариман Төреғалиұлы бұл басқосуды  ерекше маңызы бар қоғамдық-саяси оқиға деуге болатынын атап өтті. 

 

– Сындарлы диалог барысында облысымыздың елді мекендерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпіліс беретін мәселелер талқыланып, оң шешімдер қабылданады деуге толық негіз бар. Мемлекет басшысы 2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында 2021 жылдан бастап ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу туралы тапсырма берді. Бұл бастама жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамытуға бағытталған аса маңызды қадам болды. 2021 жылдың 25 шілдесінде алғаш рет ауыл әкімдерінің  сай¬лауы ұйымдастырылып, осылайша қоғам уақытылы ұйымдастырылып оты-ратын жергілікті әкімдерді сайлау кезеңіне өтті. Бұл форум жұмысы партия үшін де, әкімдер үшін де аса мазмұнды әрі пайдалы боларына кәміл сенемін, – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы Н.Төреғалиев өз баяндамасында «АМАNАТ» партиясының «Халықпен бірге» атты сайлауалды бағдарламасындағы ауылдық елді мекендерде өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды бағыттарға тоқталды. Сондай-ақ биыл өңірімізде Мемлекет басшысының ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында іске қосылған «Қаладан – ауылға» бағдарламасына назар аударды. Осы бағдарлама бойынша жыл басынан бері облысымыздың ауылдарына 77 отбасы көшіп барған. Бұдан бөлек елуден астам ауылдарда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 758 баспана табысталған. Ауылдарды дамытуға шарапаты тиген «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында соңғы екі жылда 7 миллиардтан астам қаржы бөлініп, 1,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылған. Облыс басшысының сөзін жалғаған «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Тынышпайұлы да «Ауыл аманаты» бағдарламасын орындауда батысқазақстандықтардың көш бастап тұрғанын тілге тиек етті. 

– Халықтың нақты мәселелерін шешуге бағытталған бірнеше нақты партиялық жобалар жүзеге асырылуда. Осы орайда «Ауыл аманаты» жобасын атап өткім келеді. Бұл жоба туралы Мемлекет басшысы өз Жолдауларында айтып жүр. Күні кеше Маңғыстау өңірінде болған сапарымызда Батыс Қазақстанның тәжірибесі көбірек айтылды. Басқа облыстарда мұндай жүйе жоқ. Осы облыста ғана бір әкім бүкіл ауылды бір кооперативке біріктіріп, үлкен жұмыстар атқаруда, – деді партия хатшысы.

Форум жұмысы барысында БҚО мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Бибігүл Ниетқалиева – «Мемлекеттік сатып алуды іске асыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, проблемалар және шешу жолдары», облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының өңірлік даму бөлімінің басшысы Райса Еркеғалиева – «Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың жаңа қадамдары», ал ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Лаула Нарушева «Жобалық менеджмент: ашықтық құралдары» тақырыбында баяндама жасады. «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша сарапшысы Нұрлыбек Мұқанов аталмыш жоба туралы айтып өтті. 

Бұдан әрі ауыл әкімдеріне де кезек беріліп, облысымыздағы Бәйтерек ауданындағы Макаров ауылдық округінің әкімі Еркін Абилкакимов пен Қаратөбе ауданына қарасты Қоскөл ауылдық округінің әкімі Әділет Мусағалиев аталған елді мекендерде жасалған жұмыстарды жария етті. Айталық, Қоскөл ауылдық округінде 2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде несие алуға 34 өтінім мақұлданып, кооператив құру мен жабдықтауға – 195 млн теңге, техника алуға 43 млн теңге қаржы жұмсалған. Нәтижесінде қоскөлдіктер мал шаруашылығын және кәсіпкерлік бағытты дамытуға мүмкіндік алған. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында құрылған «Қоскөл – 2023» кооперативі «Ақжайық» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 2,5 пайызбен лизингке ауылшаруашылық техникаларын алған. 

Ауыл әкімі өз сөзінде «Ауыл аманаты» бірнеше бағытта жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді. 

– Ауыл тұрғындары мал бағымы мен асылдандыру жұмыстарына алаңдамайды. Бұл шаруамен кооператив өзі айналысып, ауыл малын асылдандыру үшін, асылтұқымды бұқа қоса отырып, бес бағытқа мал бағымын тегін ұйымдастырды. Ауыл тұрғындарына түсінік жұмыстарын жүргізе отырып, «Қоскөл – 2023» кооперативіне қосу жұмыстары жүргізілді. Бұл кооперативке  ауылдың 92 тұрғыны мүшелікке тартылды. Кооперативке төрт адам тұрақты жұмысқа, үш адам маусымдық жұмысқа алынды. Табыс көзі артқан жағдайда адам санын ұлғайту жұмыстары жүреді. Мал азығын дайындау – бұл жобаның жүзеге асуы үшін маңызды факторлардың бірі. Ауылымызда жәй шөп жеткілікті. «Қоскөл – 2023» кооперативі шөп шабу және тасымалдау жұмыстарын бастап кетті. Ауыл тазалығы да басты назарда. Көктемгі, қысқы, жазғы қалдықтарды, қар ашу, көше тырмалау, тұрмыстық қалдықтарды  шығару жұмыстары жүргізілді. Ол үшін кооператив биылғы жылдан бастап, әкімшілік ұсынған қызметтерге қатыса отырып, ақылы түрде жұмыс жасады, – дейді ауыл әкімі Әділет Хайратұлы.

 

13.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

Жұмысы сан салалы   бірлестік
Сұхбаттасқан – Кенжебек ТҰМАНБАЙҰЛЫ - 16.11.2024 134
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 144
ӘКІМДЕР НЕГЕ ҚАУҚАРСЫЗ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 15.11.2024 46
«АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБТАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ СЛЕТЫ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 15.11.2024 107
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 218
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 185
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 144
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 218
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 185
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 195
 «ҚОЛА ДОМБЫРА» – шымкенттік оқушыда
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 13.11.2024 191
Көкшеде тау-тау астық қар  астында жатыр
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Дахан ШӨКШИР - 13.11.2024 197
ТОҚТАМАЙТЫН ТОҚТАҒАЗИН  (Ескірмес эссе)
Нұрдәулет АҚЫШ, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы - 09.11.2024 1021
ЖҮРЕК ЖЫРШЫСЫ
Қанат ӘУЕСБАЙ, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы, PhD - 09.11.2024 1023

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8312
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 7716
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 10944
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 8692
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 9930