Бұл оқиға жайлы сарапшының пікірі

Бұл оқиға жайлы сарапшының пікірі

Жамбыл облысының әскери бөліміндегі жойқын жарылыстан 13 адам қаза тапты. 28 науқастың алтауы ауыр халде жатыр. Із-түзсіз кеткендер де бар көрінеді. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға өтініш беретінін айтыпты. Сондай-ақ ол жарылыс диверсиялық шабуыл салдарынан болуы мүмкін екенін де ескерткен деседі. Осындай алып-қашты ақпарларға қатысты пікір білдерген әскери сарапшы Амангелді Құрметұлы: «Шетін оқиғаның себебіне келсек, біріншіден, жарылыстың екінші рет қайталануы жүйедегі салғырт- салақтықтың салдары болса керек. Өйткені Арыстағы жағдайдан кейін елдімекендегі және оған жақын жердегі қоймаларды басқа жерге көшіру туралы айтылған. Жамбылдағы жарылыс – кезінде айтылған уәденің толық орындалмағанын көрсетіп отыр. Екіншіден, еңбек және техникалық қауіпсіздік деген маңызды ұғымдарға біздің елде салғырт қарайды. Мәселен, құрылыс саласында оқыс оқиғалар жиі болып жатады. Оның бәрі еңбек және техникалық қауіпсіздікті сақтамағаннан болады. Өрттің  тұтануына жол беру салғырт-салақтық немесе қауіпсіздік шараларын дұрыс сақтамаудың салдарынан туындап отыр. Тараздағы қоймадағы ескірген қару-жараққа утилизация жасай ма, жоқ па ол жағын білмедім. Менің ойымша, жасамайтын болуы керек. Қорғаныс министрлігінің алдын ала таратқан ақпаратына қарағанда, қоймада рекативті және алысқа атылатын қару жоқ көрінеді. Демек, танкі мен жаяу әскерге араналған фугас миналардың қоймасы болуы мүмкін. Өкінішке қарай, оларды дер кезінде сөндіре алмау үлкен апатқа алып келді. Менің ойымша, осыдан кейін Мәжіліс депутаттарынан бастап, қоғам белсенділеріне дейін, яғни азаматтық саладан жиналған комиссия құрылып, әскери қоймаларды тексеру керек. Өйткені «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» дегендей, Қорғаныс министрлігінің кемшілігін Ұлттық қауіпсіздік, Ішкі істер және Төтенше жағдай министрлігі жасыруы мүмкін. Сондықтан да бірінші кезекте осы мәселеге зерттеу жүргізу керек. Екіншіден, қоғам белсенділері мемлекетке әскери қоймаларды елдімекеннен ең кем дегенде 20 шақырымға көшіруді талап етуі керек. Біз әскери қоймалардың әлі де болса елдімекенге жақын орналасқанын жақсы білеміз. Бірақ мәселенің екінші жағы бар. Егер ұрыс жағдайы болған кезде алыстағы қоймалардан қару-жарақты дер кезінде жеткізу қиындауы мүмкін. Демек мұндай шешім қабылдау кезінде жан-жақты ойлану керек. Бірақ Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы аз емес. Қолда бар ескі қару-жарақ пен оқ-дәрінің кемінде 60 пайызын жою керек шығар. Өйткені кейбір оқ-дәрінің қолдану мерізіміне 50-70 жыл болуы мүмкін. Жеке өз басым 30 жылдан артық сақталып тұрған оқ-дәріні жою керек деп есептеймін.

      Сосын, Арыстағы жарылыстан кейін дайын қойма салынып үлгерген жоқ. Министрлік Арыстағы реактивті снаряд, бомба, зениттік кешеннің зымырандарын осында іріктеп әкелуі мүмкін. Жерге төселетін инженерлік фугасты миналар, танк пен жаяу әскерге қарсы миналарды жеке әкелуі мүмкін. Жаңа қойма салып үлгермегендіктен оқ-дәріні кеңестік кезеңдегі қоймаларға тасу арқылы әдеттегідей «өрт сөндіру» шешімі қабылданып жатыр. Өкінішке қарай, кешенді шешім қабылданбаған. Жалпы Қазақ елінде Тәуелсіздік алғалы бері заман талаптарына сай қанша қойма салынды? Өйткені техникалық қауіпсіздікке қатысты талап өзгерген кезде министрлік заманауи қоймалар салды ма? Арыстағы апат ұлғайып кетпесі үшін оқ-дәріні Жамбыл облысына көшіру – жанталасып қабылдаған шешім деп ойлаймын. Қоғамның қысымымен жедел әрекет еткенімен, асығыстық жасады деп бағалаймын. Менің ойымша, қарапайым азаматтар өзінің салығы арқылы қыруар қаржы құйылып отырған әскери саладағы кемшіліктерді білмей жатыр. Әскери салада құпия көп болғанымен кейбір мәселелерді ашық айту керек. Екіншіден, Чехия мен Болгарияда Ресейлік кейбір тыңшылар қоймаларды өртеп, қолдан жарылыс ұйымдастырды деген қауесет тарады. Мәселенің осы жағына да бір назар аударып қою керек. Біздің ішкі барлау немесе әскери күзет қаншалықты жақсы жұмыс істеп жатыр? Бұл жердені мәселе: «Сырттан яғни Талибан мен террористік топтар немесе көрші елдердің тыңшылары арқылы диверсия жасау ықтималдығы бар ма?»— деуге келіп саяды. Қоғам әдетте мұндай жағдайды «жымқырылған қаржыны жасырудың амалы» деп қарастырады. Осы мәселені індетіп зерттеу керек? Жемқорлықтың ізін жасыру жолы болуы мүмкін бе? Осындай сұрақтарға жауап берілмегендіктен қоғам әртүрлі қауесеттерге ереді. Иә, бізде жемқорлық бар, оны мойындау керек. Бірақ әскери салада дискриминация жасалып жатқан тәрізді. Бір саланың беделі түскен сайын соғұрлым қауіпті болады. Мысалы, Ауғанстандағы әскерилердің жемқорлығы тұтас елдің радикалдардың қолына өтіп кетуіне себеп болды. Сондықтан мәселені осы тұрғыдан да қарастырып қойған дұрыс. Егер диверсия қасақана жасалса, онда бұл біздің қарсы барлау мен жалпы елдегі қауіпсіздікке жауапты құрылымдардың жұмысының төмендігін көрсетеді. Диверсия дегенді сыртқы күштерден бастап, өзіміздің әскери бөлімдердегі жемқорлардың істеген ісі деп бағалауы әбден мүмкін. Министрдің аузынан осындай мәлімдеме шыққан болса, демек осы жолғы жарылысқа бастапқы баға басқаша беріліп жатыр деген сөз. Қоғамға «өрт техникалық қауіпсіздікті сақтамағаннан шықты» деп ақпарат берілуі мүмкін. Бірақ та күш құрылымдарының ішкі немесе сыртқы күштерден  белгілі бір қауіпті көріп отырғанын аңғартады. Менің ойымша, министрді ауыстарғаннан ештеңе өзгермейді. Осы уақытқа дейін Қорғаныс министрлігін бірнеше адам басқарды. Өз басым әскери салаға қызығатын журналист ретінде Нұрлан Ермекбаевқа жұмысын жалғастыруға мүмкіндік берілгені дұрыс деп есептеймін. Себебі өз тұсында жасаған қателікті жою мүмкіндігі берілуі керек. Мысалы сен қателік жасап, жұмыстан алып тастағанда сенің қателігіңді біреу түзеуі керек па? Екіншіден, Нұрлан Ермекбаев – барлау саласында қызмет еткен офицер. Сондықтан ол мұндай жағдайға барлаушының көзқарасымен қарауы мүмкін. Мәселен Жамбылдағы жарылысты диверсия деп бағалауының өзі оның барлау саласындағы тәжірибесін білдіреді. Сондықтан оның жұмысын жалғастырғаны маңызды. Үшіншіден, бұл министрдің қорғаныс саласын күшейтудегі саясаты көпвекторлы бағытқа арналған. Яғни, ол тек қана Ресейге қарап отырмай Еуропа, Түркия мен Израиль секілді елдермен әскери қарым-қатынасты нығайтуға назар аударды. Сол себепті мұндай офицерге жұмыс істеуге мүмкіндік берілгені дұрыс. Қазір өзі жасаған қателігін өзі түзетіп, осыдан нақты сабақ алсын. Түрлі тергеу-тексеру саласын пайдаланып, диверсия жасаған тарапты анықтасын. Нұрлан Ермекбаевтың көпвекторлы саясат жүргізгенін ұнатпайтын ресейшіл көзқарастағы офицерлер оған саботаж жасауы мүмкін ғой. Сондықтан да өз басым мәселені министрдің кетуімен шешілмейді деп есептеймін. Диверсиялық шабуылды Ресей жасады деп айта алмаймыз. Өйткені ұсталмаған – ұры емес. Мұндай диверсияны кез келген адам жасауы мүмкін. Ресейдің өз тыңшылары емес, соларға жұмыс істейтін ішкі агенттер жасауы әбден мүмкін ғой. Екіншіден, Ресей диверсия жасағанның өзінде оны жариялау маңызды емес, анықтау маңызды. Күш құрылымдары анықтаған жағдайда басқаша әрекет етуді қарастыра бастайды деген сөз. Оның үстіне біздің әскери докторинамызда гибриттік және диверсиялық шабуыл болуы мүмкін екені құжат жүзінде мойындалған. Демек Ресей болсын, басқа болсын диверсия жасалған күннің өзінде оны көпшілікке жариялап, оның агрессиясын күшейте берудің қажеті жоқ. Керісінше, олар «Біз қатырдық» деп жүргенде әрбір тыңшысын, әрбір диверсантын қалпақпен қағып алып отыру керек»,— дейді.

Ермек Сахариев

 

Ермек Сахариев
30.08.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 104
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 104
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 623
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 741
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 653
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 662

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8796
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8197
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11424
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9178
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10410