Соңғы жылдары БАҚ беттерінде, көше баннерлерінде, ілуде бір әлеуметтік желіде «Жасыл Қазақстан» тіркесін көріп жатамыз. Бұл не? Жаппай жылтырап шатырға қойылған күннен энергия алатын қуаттағыштар ма, тоқпен жүретін көліктер мен фэнтези кино әлеміндегідей болашақтың қаласы ма?
Бұл сұраққа жауап берсек, жоғарыдағы тізбекте жазылғанның бәрі дерлік адамзат ұмтылған идиллиялық қоғам үлгісі. Дегенмен оған әлі жете қоймасақ та, алғышартын жасап, негізін қалауға әбден болады. Алдымен антропогендік табиғи өзгерістерді, яғни адамзат қолымен ластанған табиғатты сақтап қалуға барынша күш жұмсаған абзал. Жасыл экономика әлем елдері бірінші орынға қойған қозғалыс деуге де болатын шығар. Жалпы «жасыл экономика» дегеніміз не? Біріншіден, бұл – экономиканы дамытудың жаңа моделі. Екіншіден, адамдардың денсаулығы мен тұрмысын жақсартады. Үшіншіден, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіреді. Төртіншіден, қоршаған ортаның тепе-теңдігінің бұзылуын қалпына келтіреді. Бесіншіден, экологиялық проблеманы жояды. Алтыншыдан, қосымша жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді. Расында да «жасыл экономика» туралы сөз еткенде, ең алдымен біздің көз алдымызға қоршаған ортына қорғау, экономика мен адамдардың әл-ауқатының артуы келетіні рас. Шындығында да бұл ұғым бір-бірімен тығыз байланысты. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі тұжырымдамасы «жасыл экономиканы» әлеуметтік тепе-теңдікті қалпына келтіріп, экологиялық дегдарацияны азайтатын және халықтың жағдайын артыратын құрал ретінде қарастырады. Демек...
Жасыл экономика бұл – экономиканың тыңнан қосылған жаңа саласы. Бұл – табиғатқа залал келтірмейтін жаңа технология. Бұл – еш қоспасы жоқ экологиялық таза өнім, табиғи қорларды тиімді пайдалану, сарқылуға айналған пайдалы қазбаларды үнемдеп пайдалану. Бұл жерде біз тағы бір нәрсені ұмытпауға тиіспіз. «Жасыл экономиканың» негізінде «жасыл технологиялар» жатыр. «Жасыл технология» бұл өндірісте пайдалынатын автоматтандырылған техникалық құрылғы-жабдықтар. Расында да «жасыл экономика» ең алдымен қоршаған ортаға зиянын тигізбейді.
Мысалы, көптеген кәсіпорындардың ауласында өндірістік қалдықтар үйіліп жатады. Оны көбінесе, қалдық төгетін полигондарға апарып төгеді. Олар жыл бойы онда бықсып жатады. Қоршаған ортаны, атмосфераны былғайды. Кейде қоқыс полигоны өртке оранып жатады. Ал «жасыл экономика» немесе «жасыл технология» осы өндірістен шыққан қалдықтардың өзін өңдеп, оны тағы бір рет пайдалана алады. Сөйтіп өндірістен тағы тағы бір дайын өнім шығарады. Сондықтан екеуінің ұғымы – бір. Технологиясыз «жасыл экономика» ешқашан дамымайды. Расын айту керек, жаңадан жаңғыртылатын баламалы энергия көздері арқылы болашақта жалпы ішкі өнім ұлғаяды деген дерек бар. Әрине бұл сенімді.
Егер жалпы ішкі өнім 3%-ға ұлғайған жағдайда Қазақстанда жаңадан 500 мың жұмыс орындары құрылады. Бұдан шығатын қорытынды не? Егер бұл тізбек дұрыс жұмыс істесе, елдегі жұмыссыздар саны азайып, жұмыс орындары ашылып, әлеуметтік жағдай біршама жақсарып, табиғи өндіріске жол ашылып, қоқыстар далаға ұшып, табиғатты ластамай, керісінше қайта өңделіп, су тазарып, энергия көзі табиғи болған соң, ауаға көмір қышқыл газы аз бөлініп, орман өсіп, денсаулық түзеледі. Міне, пайдасы ұшан-теңіз. Тек жөнімен орындасақ болғаны.