Бұл заңнама ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

Бұл заңнама ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

8 сәуір күні Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі жобасы нақтыланды. Бюро отырысында Мәжіліс депутаттары Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы заң жобасын ілеспе түзетулерімен бірге бірінші оқылымда мақұлдамақ. Құжат кешенді экологиялық тексеру және мемлекеттік экологиялық сараптама нәтижелері негізінде Семей сынақ полигоны нормативтен тыс ластанған аумақтарында Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құруды көздейді. Бұл заң бізге керек пе? Қолда бар дәйекке, содан соң әлемдегі ядролық қауіпсіздікке қатысы бар заңнамаларға қарасақ, бұл алдымен қарапайым Қазақстан азаматтарына өте қажет. Қазақстан Конституциясында жазылғандай, әр адам өмір сүруге, денсаулығын түзеуге құқығы бар. Ал бұл заңнама денсаулыққа залал келтіретін аумақтарды қорғауға мүмкіндік береді. 1949 жылы Семей сынақ алаңында алғашқы ядролық бомба сыналды. Содан кейін 50 жыл бойы тоқтаған емес. 456 сынақ болды. Аумақтағы ахуалды бір сөзбен айтсақ, Хиросимаға тасталған бомбадан ядролық заряды 250 есе көп зиян келді. 2008 жылы басталған тексеру 2021 жылы ақталған болатын. Сынақ алаңының 100 пайызы тексерілді. Министрлік берген есепке сүйенсек, нормадан тыс ластанған аумақтың көлемі: тиісінше 8900 және 9400 шаршы шақырымды құрап отыр. Бұл аз емес, әрине. Былтыр, Мағзұм Мырзағалиев Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде Парламентке осыған байланысты заңнама ұсынған болатын.

«Өзекті проблемаларды шешу үшін заң жобаларында мынадай шаралар ұсынылады: тиімді басқару мақсатында жаңа жер санатын – «ядролық қауіпсіздік аймағының жерлерін» енгізу; Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмыстарын орындауға жауапты болатын Энергетика министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымын тағайындау; кешенді экологиялық тексеру және мемлекеттік экологиялық сараптама нәтижелері бойынша нормадан тыс радиациялық ластанған және шартты таза аумақтардың шекараларын айқындау; полигонның ластанған жерлерінің мәртебесін «запастағы жерлер» санатынан «ядролық қауіпсіздік аймағының жерлері» санатына өзгерту және ластанған жерлерде Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру, жерлерді ауыстыру, шекаралар мен алаңдарды Үкімет қаулысымен айқындау; радиациялық жағдайға мониторинг жүргізу және бақылау; ластанған учаскелерді оңалту және қалыптасқан радиоактивті қалдықтарды сақтау пунктін салу; мамандандырылған аймақта ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру», – деді Мағзұм Мырзағалиев баяндамасында. Сондай-ақ ол сол аумақтарда қыстақтардың табылғанын және онда әлі де адамдар өмір сүретінін айтып кеткен болатын. Азаматтардың денсаулығын сақтау үшін қауіпті аймаққа емін-еркін кіруді тоқтату керек. Бұл заң қабылданса, нормадан тыс ластанған аумақтар белгіленіп, онда жүру тоқтатылады. Бұл біз үшін де, заманауи құқықтық мемлекет ретінде әлем елдері алдында бітімгерлік басталамаларды бастап жүрген мемлекет үшін де керек.

 

Абзал СҮЛЕЙМЕН
14.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 177
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 172
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 682
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 802
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 716

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8868
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8263
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11491
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9247
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10474