Дәстүрі мен дінін құрметтеген халықтың ұрпағымыз

Дәстүрі мен дінін құрметтеген халықтың ұрпағымыз

Тәуелсіз еліміздің негізгі тірегі – татулық пен тұрақтылық. Ал жарқын болашағымыздың кепілі – жастар. Ендеше бүгінгі жас буын ата-бабамыздан қалған құндылықтарды қастерлеп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруы қажет.

Жастарды рухани адамгершілікке тәрбиелеуде ислам дінінің алатын орны жоғары. Жалпы біз тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді мәңгі ұмытпауға, оны әрдайым есте сақтауға міндеттіміз. Өскелең ұрпақты имандылыққа тәрбиелей отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып, санасына жеткізу – білім мен тәрбиенің басты міндеті, ортақ парызымыз. Имандылықтың негізгі құралы – халық даналығы. Бағзы заманнан ата-бабамыз  адам баласын асып-таспауға, қанағатшыл болуға, адамгершілікке, білім-ғылымға үндеп, ауызбіршілікке және ынтымақтастыққа шақырады. Терең біліміне сай өнегелі тәрбие алған иманды азамат – еліміздің жарқын болашағының кепілі.

Соңғы жылдары жастарымыз ислам дініне бет бұрып, өздерінің парыздарын орындауға құлшыныс танытуда. Мұның өзі көңіл қуантады. Дейтұрғанмен, бұл ретте оларға дәстүрлі дін саласы өкілдерінің, дінтанушы және теолог мамандардың ақыл-кеңесі ауадай қажет. Жастарымыз теріс жолға түсіп кетпей, өзіміздің салт-дәстүрімізден адаспай, ата-баба жолын жалғастырғанын бақылауға алудың артықтығы жоқ. Себебі жастардың діни сауаттылығы – бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі екені жасырын емес. Жастардың рухани санасын оятуда діннің алар орны ерекше. 

Бұл ретте отбасының да атқарар өз жауапкершілігі бар. Бала – отбасының ұрпақ жалғастырар ізбасары, шаңырағының тірегі, жанұясының айнасы. Ата-ананың басты міндеті – перзентті өмірге әкелу ғана емес, оны қоршаған ортаға, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Ата-ананың тәрбиесін ешкім де, еш нәрсе де толтыра алмайды, ол ақиқат.

Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы
28.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 10
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 35
Төтенше жағдай қызметі сан салалы
Сұхбаттасқан – Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 29.11.2024 29
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 40
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 17
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 35
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 38
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 37
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 43
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 35
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 35
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 42
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 276

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9284
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8679
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11907
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9681
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10888