Ел жаңалықтары ХХІ ғасыр - 22 мың жалақы: Таразда «Қазақтелеком» ғимаратын тазалаушылар айлығын өсіруді талап етті

Ел жаңалықтары  ХХІ ғасыр - 22 мың жалақы: Таразда «Қазақтелеком» ғимаратын тазалаушылар айлығын өсіруді талап етті
ХХІ ғасыр - 22 мың жалақы: Таразда «Қазақтелеком» ғимаратын тазалаушылар айлығын өсіруді талап етті

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамының Жамбыл облысындағы филиалында жұмыс істейтін 40 тазалықшы еден жуып, мекеменің тазалығын қамтамасыз еткені үшін айына 22 мың теңге жалақы алатынын жеткізді.

Он жылдан бері жалақысы өспеген қызметшілер қымбатшылықтан зардап шегіп, аз айлыққа әзер күн көріп жүргенін айтты.

«22 мың айлықты қалай жеткіземіз? Ештеңеге жетпейді. Қазір азық-түлік бағасы да аспандап кетті. Өспей жатқаны тек біздің айлығымыз. Біреулер жалақымыздың мөлшерін сұрағанда, айтуға ұяламыз. Бірақ біздегі басшылар осындай болар-болмас тиын төлеуге ұялмайды», - дейді Тараз қаласының тұрғыны Галина Ережепова.

Жалақысы пәтердің коммуналдық шығынын жабудан аспайтын «Қазақтелеком» қызметшілері жан бағу үшін, бала-шағасын асырау үшін жұмысынан кеткен әріптестерінің аумағын тазалап, қосымша нәпақа табуға мәжбүр екен.

«Үстеме ақша табу үшін кеткен қызметкерлерге тиесілі аумақты жуамыз. Сонда күніне 2 аумақты сүртіп, тазалаймыз. Қиын. Ал, басқа мекемедегі еден жуушылардың жұмыс ауқымы біздікімен бірдей, бірақ айына 60-70 мың жалақы алады. Бұрын денсаулыққа зиянды құрылғылар тұрған қызметтік бөлмелерді жуғанымыз үшін арнайы сүт өнімдерін беретін. Қазір ол да жоқ», - дейді тағы бір «Қазақтелеком» АҚ Жамбыл облыстық филиалының қызметшісі Светлана Сайганова.

Ұлттық байланыс операторының облыс бойынша өкілі тазалықшылар айлықты тікелей АҚ филиалынан емес, жекелеген мердігерлер арқылы (тендер) алатынын жеткізді. Ал жалақы мөлшерін сол мердігер компаниялар өзі бекітеді екен. 

Олар бізге қарамайды. Өздері бөлек келісімшарт жасайды. Біз тек сол мердігерлерге ақшасын төлейміз, – деді «Қазақтелеком» АҚ Жамбыл облыстық филиалының маманы Ерлан Атабеков.

Ал, мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыс істеп отырған кәсіпкер Алматы қаласында тіркелген екен. Жұмысшыларының жүзін де көрмеген басшысы ай сайын бөлінген қаржы жетпегендіктен өзі де қаржыдан қысылып жүргенін айтты.

«Қазір алып отырған ақшамен өзіміз де шығындалып отырмыз. Себебі  келісімшарт 3 жыл бұрын жасалғандықтан, қазір алатын заттарымыз қымбаттап кетті. Жалақыны көбейту үшін қызметкерлерді қысқартып, олардың айлығын қалғандарына бөліп берсек деп те ойладық. Бірақ ауыртпалық көп болса, олар шаршайды. Енді 1-сәуірден бастап жаңа келісімшарқа отырамыз. Сол кезде жалақыны көтеруді жоспарлап отырмыз», - деді мердігер Александр Налажанов.

Мердігер компанияның басшысы тазалықшыларға аз айлық төленетінін жұмыс күнінің толық еместігімен байланысты. Ол қызметшілердің басқа да қосымша жұмыс істеп, пайда табуына қарсы емес. Сондай-ақ сәуір айында олардың жалақысын 20% өсіретінін айтты.

 

halyq-uni.kz
15.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 129
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 167
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 163
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 129
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 273
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 277
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 490
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 449

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9148
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8546
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11774
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9540
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10754