Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

Бүгінде аймағымызда 10 мыңнан астам мекеме мен еңбеккерлер құқығын қорғап, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелердің оң шешім табуын қадағалайтын 13 салалық кәсіподақ бар. Кеше облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен үшжақты комиссия отырысында кәсіпорын жұмыстарының жүйелі жүруіне қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. – Кәсіподақтар міндетін толық атқара білуі үшін жергілікті атқарушы органдармен және жұмыс берушілермен қарым-қатынас жасап, салиқалы диалог құра білу қажет. Әлеуметтік еңбек қарым- қатынастарды келісімге сәйкес тиімді жүргізіп, еңбеккерлерге әлеуметтік қолдау көрсетілуі керек. Еңбек шарты мен ұжымдық шарттың қатаң сақталуы, жалпы еңбек адамының лайықты тұрмыс сапасы мен жағдайын жасауға мүдделілік таныту өте маңызды міндет әрі қажетті талап болуға тиіс, – деді аймақ басшысы Нұржан Молдиярұлы. Жалпы, еңбек қатынастары саласында қоғамдық-саяси ахуалдың қалыптасуы жалақылардың уақтылы берілмеуі мен төмен болуына байланысты орын алып отыр. Жыл басынан бері кәсіпорындарда 15 жазатайым оқиға орын алып, 17 адам зардап шеккен, 1 адам қайтыс болған. «Жазатайым оқиғалар бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары басқаратын комиссиялар арнайы тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп, материалдарының көшірмесін ішкі істер органына жолдады. Биыл облыстың 635 кәсіпорны 18 511 жұмыскердің жалақысын орта есеппен 18 пайызға көтерді. Жыл басынан бері 6 кәсіпорында 394,1 миллион теңгенің жалақы қарыздары анықталып, олар толығымен жойылды. Осының нәтижесінде 290 жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды», – деді облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Жарылқасын Айтақов. Жиын соңында аймақ басшысы тиісті басқармалар мен облыстық кәсіподақтар бірлестігіне нақты тапсырмалар берді.

 

Гүлжан РАХМАН, aqjolgazet.kz
22.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 105
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 32
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 39
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 46
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 38
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 101
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 105
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 299
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 293
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 915

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8989
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8384
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11609
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9367
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10593