ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ

ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ

Жыл өткен сайын наркологтардың жұмысы қиындап барады. Өйткені есірткінің түр-түрі шығуда. Таралу жолы да тиылмай тұр. Жыл басынан бері Жетісу облысында есірткінің заңсыз айналымына байланысты 124 құқық бұзушылық тіркеліпті. Қауіпті дертпен күресу – қоғамның басты міндеті. Жауаптылар нашақорлықтың алдын алу үшін арнайы акция өткізді. Талдықорғанды тегіс аралап, есірткінің таралу жолын кесуге тырысты. 

Қауіпті дерттің таралу жолын тыю үшін жауаптылар күш біріктірді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қалада арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға 150-ге жуық адам қатысты. Студенттер мен еріктілер арнайы футболкаларды киіп, қаланы тегіс аралап, нашақорлықтың жолын кесуге тырысты. Қазірдің өзінде өңірде нашаға тәуелді 228 азамат тіркеуде тұр. Есепте тұрмағаны қаншама. – Облыс көлемінде нашақорлыққа қатысты 143 қылмыстық іс тіркелген. Бұл – биылғы 9 айдың көрсеткіші. Оның көбісі нашаны сақтау және 50- 60-қа жуық қылмыс сату бойынша тіркеліп отыр. Облыс көлемінде полиция және прокуратура тарапынан үлкен науқан жүргізіліп жатыр. Бұл биылғы екінші мәрте жүргізіп отырмыз. Алғаш рет «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты пилоттық жобасы өткізілген. Ол Бас прокуратура тарапынан ұйымдастырылған болатын. Өңірде 400-ге таяу үй аулалары қаралып, 5 қылмыстық іс қозғалған. Бұл істер тергеліп жатыр. Бүгінгі таңда ұқсас науқанды жүргізіп жатырмыз. Мақсат – наркограффитиді жою. Сонымен қатар жасөспірімдерге, қала тұрғындарының азаматтық парызын көтеру. Қылмыстың саны өткен жылмен салыстырғанда азайды. Былтыр 147 қылмыс болған, ал биыл 143. Статистикаға сәйкес, синтетикалық түрлері көп. Биыл 60 келі синтетикалық есірткі алынды. Бұл қылмыс қалай таратылады? Ол көбіне телеграм желілері арқылы таратылады. Яғни QR кодты қалдырады. Жылдың басынан 60-қа жуық тасымалдаушылар анықталды. Айта кетейін, нашақорлық – ауыр қылмыс. ҚР ҚК 297\1 бойынша шамамен 10 жылға бас бостандықтарынан айырылады. Бүгін үш топқа бөлініп, бүкіл қаланы қамтымақпыз. Соның аясында графитиді анықтап, тіркейміз, – дейді Жетісу облысы прокурорының аға көмекшісі Жандос Ысқақов. Есірткіге қарсы күрес – кешенді тәсілді қажет ететін маңызды әлеуметтік мәселе. Себебі шөп шегетіндердің саны күн санап өсіп барады. Мәселен осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Жетісу облысы аумағынан 420 келіге жуық есірткі тәркіленіпті. Бұл былтырғы жылға қарағанда екі есеге көп. Синтетиканы саудалаушылар «телеграм», «ватсап» сынды әлеумет - тік желілер мүмкіндігін белсенді пайдалануда. Әлемжелі оларға тіпті жас жеткіншектерді жеңіл пайда табуға итермелеуге жол ашып отыр. Ел арасында «закладчик» атанып кеткен тапсырыс орындаушылардың жасы 16-20 жас аралығында. – Нашақорлықтың алдын алу және есірткінің таралуын азайту, қаладағы есірткінің нақты жағдайын анықтау мақсатында облыстық полиция департаментінің нұсқауымен, есірткі қылмысына қарсы басқармасының бастамасымен Талдықорған қаласы жергілікті полиция қызметі бөлімімен, облыс әкімдігі, прокуратура, әскери полиция, еріктілері, ҮЕҰ бірлесіп есірткіге қарсы кең ауқымды шара өтуде. Есірткі сататындар интернет дүкендерді қолданады. Соларды анықтап, жою – мақсатымыз. Бұған біз қаламыздағы жастарды шақырып отырмыз. Айта кетейік, өңірде есірткіге тәуелді 231 адам есепте тұр, – деп атап өтті Облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Меруерт Ысқақова. Қазір қаладағы тұрғын үйлерді қарасаңыз, әртүрлі жазулар мен кішкентай белгілерді байқайсыз. Бұл – олардың түсінісу жолы. Шөп шегетіндер мен сататындар есірткіні сол сызбалар арқылы тауып, бір-бірімен байланысқа шығады. Студенттер мен еріктілер құқық қорғау органдарымен бірлесіп осы жазбаларды тауып, өшірді. Оның орнына біз нашақорлыққа қарсымыз деген әртүрлі граффитилерді салды.

– Біз еріктілер есірткіге қарсы акцияға келіп отырмыз. Құқық қорғау органдарымен бірге есірткінің таралуына жол бермеуге, оның алдын алуға қатысып жатырмыз. Бұл шараның жастарға берері көп. Мәселен есірткіден бойын аулақ ұстауды түсіндіреді. Оның қаншалықты зиян екені барлығымызға мәлім, адам өміріне үлкен қауіп төндіреді. Соның алдын алуға біз үлесімізді қосып жатырмыз, – дейді жетісулық ерікті Нұрай Сарқыт. Жыл басынан бері синтетиканың заңсыз айналымы бойынша 20-34 жас аралығындағы 21 азамат ұсталды, бір есірткі зертханасы жойылды. Жауаптылардың сөзінше, есірткіге еліретіндердің дені – жастар. ІІМ «Кибернадзор» жүйесі арқылы «Telegram» желісінде есірткіні жарнамалауға және сатуға қатысты заңсыз мазмұнды қамтитын 86 есірткі сайт бұғатталған.  

Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы
16.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 52
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 579
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 693
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 608
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 617

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8753
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8153
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11382
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9136
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10367