Ислам — адам құқықтарын қоғрғайтын дін

 Ислам — адам құқықтарын қоғрғайтын дін

    Биыл қыркүйекте Әлемдік діндер өкілдерінің съезі болғаны мәлім. Соған қатысқан Бейбітшілік пен конфессияаралық диалогты ілгерілету жөніндегі халықаралық мұсылман ұйымы, Мұсылман ақсақалдар кеңесінің (БАӘ) бас хатшысы Мұхамед Махмұд Абдесалам М.С.Нәрікбаев атындағы заң университетінде дәріс оқыды. Дәріс барысында Мұхамед Абдесалам әлемдегі жағдай мен оған қатысты Қазақстан әрекеті туралы ойын айтты. Оған саяси соғыстардан бөлек, жаһанда белең алып бара жатқан діни қақтығыстарға қатысты сұрақтар қойған NEGE тілшісіне жауап М.Абдесалам: «Біздің Әл-Азһар университеті мен ақсақалдар кеңесінің ұстанатын қағидасы бойынша, теологияға негізделген Ислам мемлекеті жоқ. Яғни, теократиялық мемлекет жоқ деп есептейміз. Ислам адам құқықтарын қорғаумен айналысады. Егер кез келген ұйым, кез келген жүйе адамдарды құқығынан айырса, әйелдердің құқығын, жас қыздардың білім алуын шектесе, адам өміріне діннің атын жамылып қандай да бір қиындықтар әкелсе, онда оның исламға ешқандай қатысы жоқ. Біз білетін ислам, анық ақиқат – осы. Мысалы, басында орамалы жоқ қызға барып, оған «орамал тақ» деп айтуға әсте болмайды. Және оның бұл ұстанымын құрметтеуге міндеттіміз. Ислам тарихына көз жіберсек, әйелдердің құқығы өте көп шектелді. Тіпті, үйінен шығуына тыйым салынған кездер болды. Ал негізінде ол дінге емес, әдет-ғұрыптар мен түсініктерге байланысты шығарылған үкімдер еді. Әрине, исламның да кейбір үкімдері осы тұста қолданылды. Бірақ олардың интерпретациясы дұрыс жасалмаған еді. Мұсылман ақсақалдары кеңесінде біз осындай келеңсіздіктердің бәріне қарсы тұрамыз. Ол үкімдерді қабылдамаймыз және оның исламға қатысы жоқтығын анық айта аламыз. Мұхамед пайғамбардың өзі өз заманында әйел адамдардың барлық құқықтарын берді. Исламда бір адамның екінші бір адамға билік жүргізуін, оған тізе батыруын құптамайды. Адам құқығын шектеу үшін дінді қолдануды да құп көрмейміз. Керісінше, ислам адамдардың таңдауын мойындайды. Біз Иран мен Талибанға қатысты декларация жарияладық. Әл-Азһар университетінің ректоры өзі арнайы бұған қатысты мәлімдеме жасады. Ашық көзқарасын білдірді. Мысалы, Ауғанстандағы жас қыздарды мектепке бару құқығынан айыруы дұрыс емес екенін және оның исламға еш қатысы жоқтығы туралы декларация шығарды. Ал Ирандағы хиджабты дұрыс кимегені үшін жас қызды өлтіргеніне қатысты да біздің ақсақалдар кеңесі қарсы болды. Және мұндай жағдайларға қарсы боп қала береміз. Өйткені бұл тыйымдардың исламға да, дінге де қатысы жоқ. Осындай іс-әрекеттер ешқашан исламға жақсы көзқарас әкелмейді. Рас, біз Сауд Арабиясы билігі мен Мекке Әмірлігіне қажылық кезіндегі адам өлімі мен ондағы қауіпсіздіктердің сақталмауына қатысты үкім айта алмаймыз. Десе де, адамдардың қауіпсіздігіне байланысты үкім немесе арыз жіберуге Сауд Арабиясы ешқандай тыйым салмайды. Оған өзім куәлік бере аламын. Қажылықта екі рет ресми түрде, ал үш рет көпшілікпен бірге болдым. Сол жерде байқағаным – әр түрлі қиын, ауыр жұмыстар жасалған. Сауд Арабиясының қауіпсіздік мәселелері, жауапты адамдар тарабы, медицина, аурухана саласында, барлық ресми мекемелерінің барлығы қажылардың қызметі үшін жұмыс атқарып жатқанын өз көзіммен көрдім. Тіпті, Сауд Арабиясы билігі миллиондаған адамның жиналғанына қарамастан кейбір себептермен шаршап, ашуланса да, келушілермен өте жақсы қарым-қатынаста болады. Олар мүмкіндігінше қажылыққа барғандардың жағдайын жасайды. Сонымен қатар, Сауд Арабиясы королі, сіздердің сөзбен айтқанда президенті өзін «Мекке, Мәдина мешітінің қызметкері» деп санайды. Және оның расында да қызметші екенін мен өз көзіммен көрдім. Қауіпсіздік мәселелерін де ол өзі қадағалап отырады. Иә, кейде кептеліс себебінен адамдар қайтыс болып жатады. Соңғы 7-10 жылдың ішіндегі бұл көрсеткіш азайды. Бұрын осындай қайғылы оқиғалар жиі болатын. Бірақ олар жыл сайын технология мен инфрақұрылымды дамытып, жаңа мүмкіндіктер жасап жатыр. Сол үшін де біз Арабия үкіметіне арнайы үкім жіберудің мәнін көріп тұрған жоқпыз»,— деді.

Ермек Сахариев
04.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 75
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 597
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 714
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 626
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 636

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8771
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8171
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11400
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9154
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10385