«JastarX» жетістікке жеткен жастармен кездесу

«JastarX» жетістікке жеткен жастармен кездесу

Жастармен жұмысты жүйелі жүргізу – ел болашағының баянды болуының кепілі. Осы ұстанымды басшылыққа ала отырып, өңірімізде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру ерекше назарда. Бұл бағыттағы жұмыс 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатын дамыту тұжырымдамасы аясында жүргізілуде.

Облыс халқының 451 мыңы, яғни 28 пайызы 4 пен 35 жас аралығындағы жастар. Жастар саясатын жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 2023 жылы жалпы 448,8 млн теңге қарастырылған (Жастар орталығының қызметтік қажеттілігі үшін 194,8 млн теңге, жобалар мен іс-шараларға 68 млн теңге және «Жасыл ел» бағдарламасына 150,0 млн теңге). Оның ішінде 36 млн теңге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа бөлінді. Облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда 1 облыстық, 9 аудандық жастар ресурстық орталықтары және 136 ауылдық округте әдіскер – нұсқаушы қызмет атқаруда. Жалпы, 2023 жылғы І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 73 мың адамды қамтыған 2500 іс-шаралар өткізілген.

Ең алдымен жастардың жүйелі мәселелерін шешуге бағытталған жобаларға тоқталсақ. Жастар үшін ең өзекті мәселе – баспана мәселесі. Сондықтан өңірімізде «Алатау жастары» жеңілдетілген несие беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаны іске асыру үшін 2022 жылы 60 пәтерге 600 млн теңге бөлінді. (Бүгінгі күні 49 адамның құжаты қабылданып, 16 адам пәтер алды). 2023 жылы 3,6 млрд теңге бөлініп, 200 жасты тұрғын үймен қамту жоспарланып отыр. 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 2023 жылға республикалық бюджет есебінен Алматы облысына жастардың кәсіпкерлік бастамасына қолдау көрсету үшін 5 млн теңгеге дейін                   375 қатысушыға 1,9 млрд теңге бөлу көзделген (сыйақы мөлшерлемесі 2,5%) 

Бүгінгі күні 277 өтінім түсіп, 170 өтінім мақұлданып, 60 адам несие алды.  2022 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық жобасы аясында 15 млн теңге бөлініп, 5 бағыт бойынша 1 млн теңгеден 15 жобаға гранттар берілді. Жастардың бос уақытын қамтып, ақпараттық орталық қалыптастыру мақсатында 4  ауданда: Балқаш, Райымбек, Қарасай, Кеген аудандарында Жастарға қызмет көрсету орталығы салынуда.  Жастар арасындағы өзекті мәселе NEET санатындағы жастардың үлесін азайту. 2023 жылғы 1 жартыжылдықтағы ақпарат бойынша NEET санатындағы жастар саны 8,9%-ды, 35 210 адамды құрады. Олар білім беру және еңбек қызметіне тартылмаған. 

Сонымен қатар, жастармен, әсіресе NEET санатындағы жастармен 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда. Бұл мәселені шешу үшін жастарды жұмыспен қамту шаралары жүргізілуде. Жастар еңбек жасақтарын ұйымдастыру тәжірибесі жалғасуда. «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыруға 2023 жылы 150 млн теңге бөлінген, 1365 адам қамтылады деп жоспарлануда.

Жастарды жұмыспен қамту, жеке кеңес беру, жастар арасында жұмыссыздық деңгейін азайту, мемлекеттік қолдаулар бойынша ақпарат беру мақсатында «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі, «Есіктен есікке» акциялары аясында 29 шара өткізіліп, 1700-ге жуық адам қамтылды. 

Сондай-ақ, республикалық «Тұлға бол» жылжымалы жәрмеңкесі және облыстық «Кеңес» орталығы жобалары бастау алып, облыс көлемінде 10 шара өткізілді. Бұл жобалар аясында 2000-ға жуық жастар қамтылды. Жастарға QR код арқылы «Жастарға ақпарат» жобасы бастау алды. Жоба аясында  18 мың флаер әзірленді.

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану оларға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында «Көшбасшы», «Адалдық» және «Жарық ТИМ» волонтерлік клубтары, «Зияткерлік өнер академиясы» дебат клубы, «Жайдарман», отбасылық және консультациялық қызмет беретін анонимдік «Сенім» желісі, психологиялық көмек беру бағытында жас отбасыларға арналған «Бақыт» клубы, ағылшын тілін үйрену бағытында «Speaking Club», Заман талабына сай, жастардың сұранысы бойынша «АниБарс» және «Shanyraq»  жас әншілер клубы жұмыс жасауда. Сондай-ақ, жоспар бойынша алдағы уақытта жас бишілерге арналған «Street Dance» клубын ашу көзделіп отыр. Интернет желісі бойынша ақпараттық кеңестер беру мақсатында «Киберволонтерлік» клубын ашу жоспарланып отыр.

Облыста волонтерлік бағыттағы жұмыс қарқынды атқарылуда. Волонтерлердің фронт-кеңсесі аясында 3598 волонтер тіркелген. Волонтерлік ұйымдар саны 36-ны құрайды. Волонтерлік бағытта барлығы 730 шара өткізіліп, 9500-ден астам жас қамтылды. Сондай-ақ, жастар арасында кибербуллингтің алдын алу мақсатында «Сақтықта қорлық жоқ» жобасы іске қосылды, жоба аясында тіркеуде тұрған жастарды сот процестеріне қатыстыру болып табылады.

Жұмыстың келесі маңызды бағыты – мемлекеттік патриотизмді нығайту және отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Облыс көлемінде ұлттық мәдениет пен тілді және салт-дәстүрді сақтау және этностардың тарихи, мәдени құндылықтарын насихаттау, өскелең ұрпаққа рухани және эстетикалық тәрбие беру мақсатында «Дәстүрден тағылым» командалық байқауы өткізілді. Сонымен қатар, 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне арналған облыстық «Үлгілі отбасы» жас отбасылар байқауы өткізілді. 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесіп, «Адам ресурстарын басқару: ынталандыру, бағалау және таланттарды тарту» атты көшпелі форумы өткізілді. 

Облыс бойынша 1 қала және 9 аудан көлемінде жастар арасында жастардың өнерін дамыту, өнерлерін шыңдау мақсатында жастардан құралған әзіл командаларының қатысуымен «Жайдарлы Jaidarman» атты аудан, қала әкімдерінің кубоктарының жайдарман ойындары өткізілді. 

Алматы облысы бойынша «Жалынды жастар – ел болашағы» атты жастар істері жөніндегі комитет төрағалары слеті және «Ел болашағы – жастар» тақырыбында облыстық жастар істері жөніндегі әдіскер-нұсқаушылар слеті өткізілді. 

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында облыс көлемінде «KinoGO» кешкі кино көрсетілімі мен жастардың өнерін дамыту мақсатында «Шығармашылық аллеясы» жобасы тұрақты түрде айына 4 рет ұйымдастырылып тұрады.

Бүгінгі таңда қазақстандық жастардың әлеуметтік әл-ауқаты мен негізгі тенденцияларын жүйелі түрде зерттейтін жалғыз әрі бірегей мекеме «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады. Орталықтың жастар арасындағы түрлі өзекті мәселелерді талқылайтын «JastarX» сараптамалық алаңы өз жұмысын Алматы облысынан бастады.   «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Еңбегің кетпес далаға» тақырыбында өткізген сараптама алаңына Қонаев қаласы мен Алматы облысына қарасты аудан жастары шақырылды. Шарада «Ozgeric» креативті хабының негізін калаушы, арт-менеджер Мақпал Жұмабай, белгілі кәсіпкер, AIQAP YOUTUBE жобасының авторы Алмас Маратұлы, «Tengry Asia Group» тігін компаниясының негізін калаушы Нұрсерік Барлық, «Таусамалы» Grand lion» қонақүйлері «Дәстүр» мейрамханасының директоры Айдын Серікұлы, С.Нұрмұхамбетов атындағы спорт клубының директоры Нұрсұлтан Орынбасаров қатысушыларға дәріс оқып, жетістіктері жайлы сөз етті. Жетістікке жету жолдарын айтып, білген-түйгендерімен бөлісті.

«JastarX», бұл – TEDx форматында жастардың өзекті мәселелерін талқылау үшін құрылған пікір алмасу алаңы.

 

ӘСЕМ ФАЗЫЛОВА,

Алматы облысының ішкі саясат басқармасының «Жастар саясаты және азаматтық бастамаларды қолдау бөлімінің» бас маманы

 

11.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 37
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 91
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 37
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 36
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 86
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 91
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 287
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 281
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 902

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8980
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8374
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11600
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9358
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10584