Кәсіпкерлерді қолдау – ұлттық өнімді қорғау

Кәсіпкерлерді қолдау – ұлттық өнімді қорғау

Елордалық кәсіпкерлерді қолдау аясында 11 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша  «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтті.  

Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу арқылы тауар өндірушілер нарыққа шыға алатыны жиында баса айтылды. Тұтынушылар отандық өнімді пайдалану арқылы бәсекелестіктің артуына, сапаның жақсаруына септігін тигізбек.

2022 жылы қала бойынша шағын және орта кәсіп иелерінің саны 175 мыңнан асыпты. Астанада 415 мыңнан аса адам осы кәсіпкерлік саласында еңбек етіп жүр. Ісіне адал, сапаға берік елордалық өндірушілердің бірі  – «Happy Cake» тауар өндірушісі. Декреттегі ананың хоббиі ретінде басталып, бүгінгі күні Қазақстан бойынша 70-ке жуық нүктелерін (шағын сауда орындарын) ашып, көршілес Бішкек пен Ташкент қаласында отандық өнімдерін ұсынып жүрген өндірушілердің бірі.  «Асхат және Сәуле Сұлтановтар 2012 жылдың ортасынан үйде тәтті өнімдер пісіруді қолға алды. Бұл тағамдар ешбір қоспасыз, бояғышсыз, халал түрде әзірленді. Қазір бізде  тәтті бәліштердің 15 түрі, тәтті торттардың 25-тей түрі дайындалады. Әр нүктеде күніне 90-ға жуық торт пісіріледі. Алдағы жоспар – АҚШ-та  ұлттық өнімді насихаттауға күш салу. Сол үшін жаңа кәсіпті жандандыруға дайындық жүргізілуде», – деді Гүлфайрус Жетпісбаева.  

 

«Қазақстанның үздік тауар көрмесін өткізу – инвестициялық белсенділікті арттыруға отандық өнімді ілгерілетуге ықпал ететін жақсы алаң. Бұл – өз кезегінде елорда экономикасын дамуына да оң әсер ететіні сөзсіз. Көрме қатысушыларына жемісті жұмыс және белгіленген жоспарларды іске асыруға тілектеспіз», – деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Көлгінов Алтай Сейдірұлы.

«Ішкі өнімді өсіру мәселесі күнделікті қадағалауда болғандықтан, бүгінгі жасап жатқан шарамыз – өте пайдалы шара. Бұл жерде тауар өндірушілермен танысып қана қоймай, жалпы бизнесті әрмен қарай дамытуға ықпал жасайды деген сенімдеміз. Үздік болуға талпыну тауар өндірушілердің кәсібін одан әрі дамытуға ынталандырады», – деді Нұр-Сұлтан қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаев. 

Үш номинация бойынша үздік тауар өндірушілер таңдалды: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары». Әр номинация бойынша үш жеңімпаз анықталды. «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының жеңімпазы – Жанаргүл Жанаева. Ол: «Біздің компания бұл байқауда нан-тоқаш өнімдерін ұсынды. Оның ішінде ең танымалы – чиабата наны. Құрамына жоғары сұрыпты ұн, ашытқы, зәйтүн майы, тұз кіреді. Қарапайым болғанымен, пайдасы зор. Оның құпиясы – нанды әзірлеу технологиясында», – дейді жүлдегер.

Нұр-Сұлтан қаласындағы салық түсімдерінің басым бөлігі шағын және орта кәсіпкерлікке тиесілі. Биылғы І тоқсанның өзінде бизнес нысандары 214,3 млрд теңге салық төлеген. Өткен жылы елордалық шағын кәсіпорындар 8,8 трлн теңгенің өнімін шығарды. Биыл кәсіпкерлікті дамытуға бюджеттен 25,7 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұл өткен жылы бизнесті қолдауға бөлінген қаржыдан 65%-ке артық.

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауынан көңілге түйгеніміз – ел астанасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, оны қолдауға бар жағдай жасалғаны.  Әсіресе ұлттық өнімге деген сұраныс күшті. Кәсіпкерлік ашамын деген адамға бар жағдай жасалыпты. Оған Нұр-Сұлтан қаласын  күнделікті ұн, ет-сүт өнімдері, киім-кешек, медицина және өндірісте қажет өзге де бұйымдармен қамтамасыз ететін 85 қатысушының көрмеде 3 мыңнан аса тауары  ұсынғаны айқын дәлел. Жалпы байқауға 100-ден аса өтінім түсті. Осыдан-ақ байқаудың қаншалықты деңгейде өткенін сараптай беріңіз.

 

Балжан АЛЖАНОВА
15.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 127
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 126
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 642
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 760
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 674
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 685

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8821
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8219
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11446
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9201
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10430