«КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚАТАРЫ КӨБЕЙІП, САЛЫҚТАР ТҮСІМІ АРТУДА»

«КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚАТАРЫ КӨБЕЙІП, САЛЫҚТАР ТҮСІМІ АРТУДА»

– Мойынқұм – салық төлеу жағынан үнемі алдыңғы орында келе жатқан аудандардың бірі. Өйткені облыс аумағының жартысына жуығын алып жатқан бұл ауданда көптеген ірі кәсіпорындар орналасқан. Әңгімемізді салықтың қаншалықты қарқынды жиналып жатқанынан бастасақ.

– Өткен жылы белгіленген мемлекеттік болжам сомасы 5245,7 миллион теңге болса, нақты түскені – 6736,3 миллион теңге. Болжам 128,4 пайызға орындалды. Нақты бюджет қорына 1490,6 миллион теңге артық түсіп, өрлеу қарқыны 128,4 пайызды құрады. Республикалық бюджеттің бекітілген болжам сомасы 1912, 1 миллион теңге болса, ол 3135,6 миллион теңгеге орындалып, болжам сома 164 пайызға жетті. Аудандық бюджеттің бекітілген болжам сомасы 1702,2 миллион теңге, оның бюджетке түскені 1738,8 миллион теңге, яғни болжам 4,6 миллион теңгені құрады.

– Ауданда қанша салық төлеуші бар?

– Ауданда 28559 салық төлеуші тіркелген. Оның 312-сі заңды тұлға, 1969 жеке кәсіпкер (619 шаруа қожалығы, 26 патент, 1299-ОД, 25-ЖБ), 26278-і жеке тұлғалардан тұрады. Өткен жылы 9 заңды тұлға, 397 жеке кәсіпкер жаңадан тіркелді. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн-бақылау кассалық машиналарды қолдануға міндеттінің саны – 1073 жеке кәсіпкер. Онлайн БКМ тіркеген салық төлеушінің саны – 943, яғни 76,5 пайызды құрап отыр. Өткен жылы мәжбүрлеп таратуға жататын 10 заңды тұлға және 15 жеке кәсіпкердің тізімі жасалып, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты арқылы талап қою жұмыстары жүргізілуде. Былтыр жалпы 120103 мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Қосымша құн салығы бойынша тіркелген салық төлеушілердің саны – 31, оның ішінде 21-і заңды тұлға, 10-ы жеке тұлға және акциз төлейтін салық төлеушілердің саны – 12 , оның ішінде 5-еуі заңды тұлға, 6-ы жеке тұлға, алкоголь өнімдерін сататын салық төлеушілердің саны – 28 .

Өткен жылы қағаз тасымалдауда, пошталық байланыс арқылы және электрондық түрде салық пен төлемдердің барлық түрлері бойынша алғашқы, кезекті, қосымша, тарқату, ескерту, бойынша және электрондық түрде есептер қабылданды. Салық есебін қабылдағаннан кейін хаттау жүргізіледі. Хаттау барысында салық есеп түрін бермейтін салық төлеушілер анықталды. Өткен жылдың 12 айында 618 хабарлама жіберілді.

Қоғамдағы салық мәдениетін көтеру және де салық заңнамаларын ақпаратпен қамту мақсатында әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарында 188 мақала жарияланды, оның ішінде аудандық газетте 15 мақала жарияланды. Сонымен қатар салық заңнамаларын салық төлеушілерге түсіндіру мақсатында 24 дөңгелек үстел, 84 семинар, 24 ашық есік күндері бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өткізілді.

– Ауданымызда соңғы жылдары бірқатар жеке кәсіпорындар құрылды. Олар да жергілікті салық қорын толтыруға үлестерін қосуда ма?

– Аудан көлемінде алтын, күміс, цемент, гранит, барит, көмір, қорғасын өндірумен айналысатын «Алтыналмас» АҚ-ның Ақбақай филиалы, «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы», «Эврика-Барит», «Коптас», «Құлан-Көмір», «Шығыс кен басқармасы», «Ер-Тай» ЖШС құрылған күндерінен бастап аудандық қазынаны толтыруға ерекше үлес қосуда. Осылардың ішінде «Алтыналмас» АҚ-ның Ақбақай филиалы, «Жамбыл цемент өндірістік компани» ЖШС ірі салық төлеушілер болып табылады.

– Әр түрлі жағдайлармен бюджеттік төлемдерге берешек кәсіпорын, мекеме, жеке кәсіпкерлермен жүргізілген жұмыстар жайлы айтсаңыз.

– Аудан көлемінде салық төлеушілердің бюджет алдындағы берешегі 2022 жылдың 1 қаңтарында 31,1 миллион теңгені құрап, жыл басымен салыстырғанда 11,3 миллион теңгеге азайып отыр. Оның ішінде, жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша берешек – 13 миллион теңге, басқа да салық төлеушілердің берешек сомасы 18,1 миллион теңгені құрайды.

Салық берешегін өтеу туралы 646 хабарлама жолданды. Салық берешегі бар 50 мекеменің есеп шоттары 15 миллион теңгеге тоқтатылып, нәтижесінде бюджетке 5,1 миллион теңге өндірілді. 54 салық төлеушінің кассалары бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы өкімдер шығарылды. 26 салық төлеушіге, 199 инкассалық өкімдер қойылып, нәтижесінде 11,7 миллион теңге бюджетке өндірілді. Бюджет алдында салықтық берешегі болуына байланысты хабарлама шығарылып, алайда аталған хабарламаны орындамағандығы үшін ҚР ӘқБТ кодексінің 288-бабына сәйкес 27 салық төлеушіге әкімшілік іс қозғалып, 22-не ескерту берілді, төртеуінен 0,8 миллион теңге айыппұл өндірілді. Жеке табыс салығын уақтылы аудармағандығы үшін 44 салық төлеушіге «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 279-бабына сәйкес 0,4 миллион теңге әкімшілік айыппұл салынып, 44-інен 0,4 млн. теңге өндірілді. 60 салық төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім шығарылып, оның ішінде 47 шешім салық төлеуші салық берешегін толықтай төлеуіне байланысты кері қайтарылды.

– Мемлекеттік кірістер басқармасы жұмыспен қамтылған азаматтардың міндетті зейнетақы жарнасына қаржы құю, әлеуметтік аударым жасау, медициналық сақтандыру жарнасын төлеу бойынша бақылау жасайды. Осы бағытта қандай жұмыстар атқарылды? Өткен жылы қанша әкімшілік іс қозғалды?

– Міндетті зейнетақы жарнасына берешек сомаларды өтеу туралы 864 хабарлама жолданды.40 салық төлеушінің банктік шығыс операциялары тоқтатылып, нәтижесінде бюджетке 3,9 миллион теңге өндірілді. 88 салық төлеушіге шығыс операцияларын тоқтату туралы кассалық өкімдер шығарылып, табыс етілді. Міндетті зейнетақы жарнасы бойынша ҚР ӘқБТ кодексінің 91-бабы 6-тармағына сәйкес 21 салық төлеушіге әкімшілік іс толтырылып, 8-не ескерту берілді. Екеуінен 0,3 миллион теңге айыппұл өндірілді. Әлеуметтік аударым бойынша берешек соманы өтеу туралы 803 хабарлама қалыптастырылып, жолданды. 76 салық төлеушінің банктік шығыс операциялары тоқтатылып, нәтижесінде бюджетке 3 миллион теңге өндірілді. 111 салық төлеушінің кассалары бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы өкімдер шығарылып, табыс етілді. Әлеуметтік аударым жасамаған 25 салық төлеушіге әкімшілік іс толтырылып, 20-на ескерту берілді, алтауынан 0,4 миллион теңге айыппұл өндірілді. 2021 жылы медициналық сақтандыру жарнасын төлемеген 217 тұлғаға хабарлама жолданды.

34 салық төлеушінің банктік шығыс операциялары тоқтатылып, нәтижесінде 0,9 миллион теңге өндірілді. 48 салық төлеушінің кассалары бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы өкімдер шығарылып, табыс етілді. «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 92-1-бабы 1-тармағына сәйкес 54 салық төлеушіге әкімшілік іс толтырылып, тоғызына 0,1 миллион теңге айыппұл салынды. 45-не ескерту берілді. Өткен жылы барлығы 600 әкімшілік іс қозғалып, 99 іс бойынша 9,3 миллион теңгеге айыппұл салынып, 98-нен 2,8 миллион теңге өндірілді, 500 әкімшілік іс бойынша ескерту берілсе, бір әкімшілік іс қысқартылды.

– Қоғам дамуын тежейтін жегі құрт сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алуда қандай шаралар атқардыңыздар? Сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің кірісін толтырудың ыстығы мен суығына қажымай төзіп жүрген мамандар жайында айтып өтсеңіз?

– Сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу жөнінде мемлекеттік кірістер басқармасы белгіленген кестеге сәйкес жұмыс істеуде. Бұл бойынша тұрақты семинар-кеңестер мен дөңгелек үстелдер құқық қорғау органдарының қатысуымен өткізіліп отырады. Кірістер басқармасының ғимаратында Қазақстан Республикасының мемлекетік қызметшілерінің Әдеп кодексінің мәтіні және мемлекеттік қызметшінің қызмет бабында қолданатын принциптері жазылып, арнайы бұрыш жасалған. Басқармада жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу кітабы жүргізіліп, сенім телефоны жұмыс істейді. Өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу мақсатында аудандық газетте 19 мақала жарияланып, 43 кәсіби сабақ, 2 дөңгелек үстел және 14 семинар-кеңестер өткізілді.

Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында тәжірибелі қызметкерлеріміз аз емес. Олардың қатарында Насима Омарова, Қалибек Сырымбетов, Гүлмира Саңрақбаева, Лаура Баялиева, Күлнәш Болысбекова, Шекер Нұртаева, Гауһар Заурбекова, Берік Бейімбетов, Айзат Байғонысова сынды білікті кадрлар бар. Осы мамандарымыз еңбегіне қарай түрлі деңгейдегі Құрмет грамоталары, Алғыс хаттармен, мерекелік медальдармен, салалық төсбелгілермен марапатталған.

– Әңгімеңізге көп рақмет. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.

 

Сұхбаттасқан Жолдыбай ДӘМЕТОВ, журналист. Мойынқұм ауданы.
22.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 82
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 116
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 116
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 82
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 227
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 231
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 444
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 407

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9104
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8502
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11730
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9495
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10711