Кәсіпкер ұсынған жобаның қаржылық-экономикалық тиімділі оң бағаланған жағдайда «Даму» Қорының уәкілетті органы, кәсіпкер және банк арасында субсидия ұсыну бойынша үш жақты келісімшарт түзіледі. Үш жыл бұрын қолға алынған «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы елімізде күнделікті қолданатын тауарлар мен қызметтерге арналумен ерекшеленген болатын. Экономист мамандардың сараптауы бойынша нәтиже жаман емес. Тиімді жағы көп. Содан да болар Мемлекет басшысы бұл бағдарламаны жалғастыруды тапсырды.
Ең бастысы бұл бағдарлама туристік қызмет көрсететін кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндік беріп отыр. Саладағы кәсібін енді бастаған азаматтар жеңілдетілген несие алу арқылы дамыта алады. Несиенің талаптары да жеңіл. Несие алушы үшін соңғы мөлшерлеме жылына 6 пайызға, субсидиялау мөлшері 9 пайызға дейін деп белгіленген. Субсидиялау мерзімі 10 жыл. Бағдарламаға шағын, орта және ірі бизнес өкілдері қатыса алады. Бағдарламаны дамыту – халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортын алмастыру үшін бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру, күрделі технологияларды қолдануды талап етпейтін өнімдерді кең көлемде шығаруға мүмкіндік береді.