Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу

Кәсіпкерлік қызметті  мемлекеттік реттеу

Білікті мамандар пікіріне жүгінсек, кез келген экономиканың бүгіні мен болашағында «стратегиялық көзқарассыз» ешқандай даму болмайды. Кәсіпкерлікті жетілдіру экономиканың тұрақтылығы мен оның бәсекелік сипатын қалыптастыруда басты күштерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы, шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуелдіктің болуы шарт. 

 

Мемлекет тарапынан нақты көмек керек

Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен – кәсіпорын. Заңмен бекітілген кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың әдістері бизнестің немесе кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық формасы деп аталады. Нарықтық қатынастарға өтуде халықты кеңінен кәсіпкерлікке тарту қажет. Ал нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуі үшін нарықтық іс басындағы субъектілердің толық өзін-өзі басқаруы мен олардың экономикалық тәуелсіздігі болуы қажет. Республикада кәсіпкерлікті дамытуға үлкен ден қойылып, бірқатар заңдар мен жарлық, қаулылыр қабылданған. Алғашқы құжаттардың бірі болып «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» Заңы 1992 жылдың 4 шілдесінде қабылданып, онда кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың мәні мен мазмұны, басты бағыттары мен мақсаттары айқындалған. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау мен қолдау дегеніміз – аталған қызметті орындаудағы құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайды қалыптастыру, мемлекетте жаңа экономикалық құрылымдарды орнату болып табылады. Ел Президенті әрқашан да мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне зор маңыз беріп келеді. Дегенмен кәсіпкерлік қызметтің құқықтық-ұйымдық негізін құруда әлі де болса шешімін күткен мәселелер баршылық. Оның үстіне лицензия беруші, тексеруші органдардың көптігі, кеден және салық заңдарының жетілмегені, несие алудың қиындығы, аталған саладағы бюрократия кәсіпкерлік қызметті дамытуға елеулі кедергі жасайды. Сондықтан да экономикада кәсіпкерлік субъектілерінің сандық үлесі артса да, одан түсетін салықтық кіріс мөлшері аз болуда. Бюджетке салықтың аз түсуіне салық жүйесінің жетілмегені де әсер етеді. Себебі салықтың жоғары болуынан кәсіпкерлер табысын жасырады. 

Негізінен кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында мемлекет төмендегідей іс-шараларды жүзеге асыруы қажет, атап айтқанда: мемлекет тарапынан кәсіпкерлік қызметті барынша қолдау; мақсатты бюджеттік қаржыландыру саясатын жүргізу; жеңілдетілген несие беру саясатын жүргізу; кәсіпкерлер құқығын қорғайтын орган жұмысын жандандыру; кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізу кезіндегі қиыншылықтарды жою; тексеруші органдар санын қысқарту; заңдардың орындалуын қамтамасыз ету және оны қадағалау, т.б. Жоғарыда аталған факторлар кәсіпкерлік субъектілерін «көлеңкелі экономикаға», салық төлеуден жалтармауға итермелейді.. Ал нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік қызмет – шаруашылық қызметінің бір түрі. Оның рөлін Адам Смит: «Кәсіпкер өз мүддесі  үшін ұтымдылық жағдайды көздейді, дей тұрғанмен ол қоғам мүддесіне де қызмет етеді»,— деп бағалаған болатын. Қазіргі экономика кәсіпкерлік қызметті шаруашылықты ұйымдастырудың түрі ретінде анықтайды. Кәсіпкерлердің экономиканы өрлетуге қосар үлесі өте зор. Ал экономиканың дамуы үшін кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру айырықша маңызға ие. Сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет бағытын реттеуде мемлекеттік саясаттың маңызды құралы салық салу болып табылады. Салық – бюджеттің негізгі көзі. Мемлекетке нарықтық экономикада әртүрлі салық түрі салынады. Салық түрінде бюджетке маңызды сома түседі. Сондықтан, салықты әділетті тарту – негізгі проблемалардың бірі. Егер де салық төмендесе, азаматтардың бос қаржылары көбейеді, олар өндірістің дамуына бағытталады.  

 

Салық жүйесі жеңілдетілсе...

Салықтың 3 негізгі жүйесі бар, олар. 1. Пропорционалды салық (салық сомасы жұмысшы кірісіне пропорционалды); 2. Регрессивті салық (пайыздық қатыстағы салық төленеді); 3. Прогрессивті салық (пайыздық қатынасқа кіріс көбейген сайын салық та көбейеді). Осылардың ішінде прогрессивті салық әділетті болып саналады, онда салықтың пайыздық қатынасы маңызды. Табыстан түскен салық осы принцип бойынша жасалынған. Сатудан түскен салықтар және акцизді салықтар факті ретінде регрессивті. Тік және жанама салықтар бар: тік салық – мүлік пен өндірістен алынады. Тік салық орташа салық ерекшелігі бойынша жанама салықтан, жеке төлемнен, сақтаудан алынады. Қазақстан Республикасындағы жанама салықтың ерекшелігі инфляциялық және регрессивті сипатта жүреді. Тауардың және қызметтің бағасына қосымшалар қосылып, баға көтеріліп кетеді. Қосымша бағаның салығы, табыстан түскен салық пен қорлардың салымы, әлеуметтік қауіпсіздендіру әр елде бюджетке түсетін маңызды қайнар көз болып табылады. Әр мемлекетте бағаны әртүрлі қолданады. Әлемдік практикада ҚҚС екі негізгі әдіспен есептелінеді: 1. Тік немесе бухгалтерлік әдіс; 2. Жанама немесе сынақты әдіс. Қазақстан Республикасында бұл әдістердің екінші әдісі қолданылады. Мемлекет міндетті салықты бюджетті қамтамасыз етіп және салық төлеушілердің қажеттілігін өтеу әдісімен жинайды. Салықтың несиелік формасы – ұлттық өндіріс көлеміне әсер етеді. Салықтың көлемін жеңілдетулерді өзгертіп, үкімет кәсіпкерлік қызметті дамытуда. Мемлекет несиелік шарттарды өзгертуде өндіріс көлемін не төмендетеді, не жоғарылатады. Субвенсионды формасы – мемлекеттік субсидия мен салықтық жеңілдетулерді кәсіпорынның жеке салаларында көрсетеді. Жеке кәсіпкерлік пен мемлекеттік кәсіпкерлікті салыстырғанда мемлекеттік кәсіпкерлік тиімді. Ереже бойынша мемлекеттік кәсіпорын нарықтық бәсекеге дайын емес. Өзіне ғана емес, үкімет жағынан ерекше қатынастарға есептелген. Олар: дотация, салықтық жеңілдіктер, мемлекеттік тапсырыстың кепілдігі. Бүгінгі таңда ел билігі аса зор көңіл бөліп отырған мәселе – мемлекеттік кәсіпкерлік қызметті дамыту мен қолдау және оны материалдық, құқықтық жағынан қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін мүмкіндігінше шешу болып табылады. Ол үшін мемлекеттің көмегі қажет: біріншіден, құқықтық реттеудің ұтымды түрлері мен шегін белгілеу; екіншіден, кәсіпкерлік қызметтің қарқынын төмендетпеуге назар аудару; үшіншіден, салық салу жүйесін шешу жолдарын дамыту; төртіншіден, бақылау органдарының кәсіпкерлік қызмет объектілерін тексеру жөніндегі қызметтерін бәсеңдету. Сондықтан бұл мәселе тіпті мемлекеттік маңызға ие экономикалық бағдарламаларда да көрініс тапқан: мұнда экономикалық өсу стратегиясының принципі ретінде мемлекеттік кәсіпкерлік қызметті дамытудың мақсаты – оны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Ондағы негізгі басымдықтар: мемлекеттік, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың мемлекеттік кәсіпкерлік қызметті қолдау жөніндегі өзара іс-қимылы; несиелендірудің тиімді және қол жеткізілетін жүйелерін қалыптастыру; мемлекеттік кәсіпкерлік қызметті қолдаудың инфрақұрылымын дамыту. Қазіргі күні біздің мемлекет осы іс-шараларды жүзеге асыру бойынша кешенді бағдарламаларды қабылдап, сол бойынша жұмыс істеп жатыр. Билік осы алға қойылған мақсатқа қолын жеткізсе, ел экономикасының қарыштап алға басуына толық мүмкіндік бар. Бұған өзінің соңғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та айырықша тоқталып өткен. Ендеше, кәсіпкерлік ел экономикасын алға сүйрейтін локомотив қызметін атқаруы тиіс.

 

Ермек САХАРИЕВ
10.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 141
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 177
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 175
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 141
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 285
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 287
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 503
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 461

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9159
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8557
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11784
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9552
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10765