Көктемгі егіс алдындағы міндеттер

Көктемгі егіс алдындағы міндеттер

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының отырысында қыр астында тұрған көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселесі арнайы талқыланып, бірқатар міндеттер белгіленді. Жиында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаевтың есебі тыңдалды.

Баяндамашы биыл барлық егін алқабы 4,5 млн, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 3,4 млн, майлы дақылдар 51 мың, жемшөптік дақылдар 379 мың гектарды құрайтынын жеткізді.

Ауылшаруашылығы әртараптандыру шеңберінде жасымық алқабы 134,8 мың, зығыр 527,4 мың, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар өнімдермен толықтыру үшін қарақұмық 26 мың, картоп алқабы 7,7 мың гектарға дейін ұлғайтылды.

Егіс танаптарына 256 мың тоннаға жуық минералды тыңайтқыш сіңіру белгіленген. Бұл – ел бойынша қолданылатын қоректік заттардың үштен біріне жуық. Күзгі кезеңде 3 млн гектар алқапта қар тоқтатылып, басқадай кешенді агротехникалық шаралар жүргізілді.

Дизель отынына 1446 өтінім түсті. 53,2 мың тонна жанар-жағармай арзандатылған бағамен беріледі. Жанармай құю стансаларына қарағанда баға 15 пайызға арзан. Қазір 6 мың тоннасы сатып алынды.

Жауапты науқанды қысқа мерзімде өткізу үшін түрлі маркалы 12,7 мың трактор, 14 мың дән сепкіш, 1,5 мың заманауи егіс кешені жұмылдырылады. Бүгінде машина-трактор паркінің 91 пайызы әзір. Облыс аумағында 219 машина-трактор шеберханасы штаттық режімде жұмыс істеп тұр.

Ауыл шаруашылығы құрылымдары 484,5 мың тонна тұқым құйып дайындады (дәнді дақылдар – 434,5 мың тонна, майлы дақылдар – 32,6 мың, жемшөптік дақылдар – 3 мың, картоп – 14,4 мың тонна). Тұқым зертханаларында 295,2 мың тонна тұқым тексеріліп, шығымдылығы жөнінен талапқа сай деп танылды. Бұл мақсат үшін 165 млн, 945 мың теңге бөлінді.

Жыл сайын өнімділігі жоғары тұқымдардың сорттық жаңару деңгейі артып келеді. Соңғы бес жылда көрсеткіш 1,3 пайызға артты. 2024-2028 жылдарға арналған жол картасы бағдарламасына сәйкес, сортты жаңарту көрсеткіші 10 пайызға дейін жеткізіледі. Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қорлары негізінде жұмсақ бидай қоры қалыптастырылды. Қазақстанның басқа өңірлерінен, Ресей Федерациясынан және Еуропа елдерінен 29,3 мың тоннадан астам тұқым әкелінді. Саланы субсидиялауға 60,8 млрд, оның ішінде өсімдік шаруашылығына 24 млрд теңге бөлінді. Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға аграрлық несие корпорациясы желісі тарапынан 11,6 млрд теңге қарастырылған.

 

 

Жаңа  малшылар мектебі не үйретеді?

 

Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында фермерлердің білімін арттыруға арналған малшылар мектебі ашылды. 

Облыста мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Елімізде өндірілетін барлық сүттің 10%-ы өңірімізге тиесілі. Облыстық ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта облыста 106 сүт фермасы жұмыс істеп тұр. Оның 38-і – заманауи. Осылайша, сәтті жүзеге асқан пилоттық жоба енді ел бойынша қолға алынып жатыр. Былтыр республикалық бюджеттен заманауи фермалар құрылысына 100 млрд теңге бөлінсе, оның 17 млрд теңгесі СҚО-ға берілді. Қазіргі уақытта тағы да 18-ін салу жоспарланып отыр.

«2010 жылдан бастап облысқа шетелден көптеп мал әкелініп жатыр. Олардың күтімі өзгеше, солардың жемшөбін дайындау, беру, оның құрамы қандай болуы тиіс – мұның бәрі алып отырған ет-сүтімізге әсер етеді. Заман бір орында тұрмайды, бұл салада да жаңашылдықтар бар. Малды азықтандыруда, жемшөп дайындауда, селекцияда, генетикада – жалпы күтіп-баптауда көптеген өзгеріс бар. Малшылар мектебінің мақсаты – мал өсірумен айналысатын шаруашылықтардың өкілдерін жаңа технологиялармен таныстыру, осы саладағы жаңалықтармен бөлісу, біліктіліктерін арттыру. Облыстың әр ауданынан 2-3 маманнан қатысып жатыр. Сондай-ақ Ақмола мен Қостанай облыстарының өкілдері қатысуға ниет білдірді», – дейді СҚО ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Алтынбек Абдуллаев.

Дәріс оқуға «Qazaqsut» ірі қара малдың сүт және аралас тұқымдарының республикалық палатасының өкілдері, С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің ғалымы, Алматы қаласынан сарапшылар келді.

«Өзіміздің осы ғылыми институтымызда ауылшаруашылығы ғылымдарының 8 кандидаты бар. Бір ғылым докторымыз бар. Сол кісілердің күшімен осы сабақтарды өткізетін боламыз. Сондай-ақ ауылдағы сүт фермасына барып, тәжірибе жүзінде көрсетеміз. Дәрістер үш күнге шақталған. Білім алуға келгендердің барлық шығынын көтеріп жатырмыз», – дейді Алтынбек Абдуллаев.

Малшылар мектебі жыл соңына дейін жұмыс істемек. 

 

 

Қызылжардан басталатын «Ұлы Дала жорығы»

 

 «JORYQ» республикалық ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен кездесіп, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен өтетін марафон-бәйгені ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Екітараптық жүздесуде биыл V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында өтетін «Ұлы Дала жорығы» бірегей марафон-бәйгесінің республикалық іріктеу кезеңінің өтетін орны мен басталу күні белгілі болды.

Марафон-бәйгенің басталу нүктесі ретінде Петропавл қаласында орналасқан «Абылай хан резиденциясы» мұражай-кешені таңдалды. Жоба 12 мамырда басталып, 17 мамырда Астанада аяқталады. Бурабай курорттық аймағының көрікті жерлерін, Ботай мен Бозоқ сияқты ежелгі адамдар тұрақтарын басып өтетін марафон-бәйгенің жалпы қашықтығы 500 шақырымды құрайды.

Үздік үштікке енген командалар қыркүйек айына жоспарланған «Ұлы Дала жорығы» халықаралық турына берілетін лицензияны иеленеді. Қазіргі таңда аймақтық іріктеу турлары өтуде, олардың жеңімпаздары ұлттық іріктеу турына жолдама алады.

Республикалық іріктеу кезеңіндегі ең үздік жетістіктер Қазақстанның рекордтар кітабына (KINES) енгізіледі. «Ұлы Дала жорығы» Қамбар ата түлігінің ең мықты тұқымы анықталатын далалық зертхана болып табылады.

 

 

НҰРСАЙЫН ШӘРІП
28.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 224
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 221
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 724
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 847
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 760

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8916
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8310
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11537
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9294
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10522