Көшпелі кездесулерде көкейтесті мәселелер айтылды

Көшпелі кездесулерде көкейтесті мәселелер айтылды

Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Ата Заңымызда осылай деп атап көрсетілген. Ендеше сол халықтың үнін естімей, мұң-мұқтажын тыңдамай, қоғамның тамырын тап басып тану мүмкін емес. Президенттің бастамасымен қабылданған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы осы мақсатты жүзеге асырады. Басқаша айтқанда, аталған тұжырымдама барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді ден қоюға бағытталған.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков осы тұжырымдама аясында мегаполис аумағындағы аудан тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізіп, халық үніне құлақ асты. Мәселесін тыңдады. Тұран ауданы тұрғындарымен болған жүздесуде Спорт, Ақтас, Жаңаталап, Айкөл, Агроферма Қарасу шағын аудандары мен Добролюбов көшесі тұрғындарының өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, қаңғыбас иттерді аулау, су бұру жүйелері, жер қатынастары, аула аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру мәселелері көтерілді. Жаз айларында жауын-шашынның мол болуынан Жаңаталап шағын ауданындағы Бадам өзенінің суы күрт көтеріліп, өткен ғасырдың 70-ші жылдарында салынған көпір бүлінген болатын. Пайдалануға берілгелі жөндеу жүргізілмеген көпір жаңартылып, қала басшысы мен жергілікті тұрғындардың қатысуымен ашылды. Ал Агроферма Қарасу және Айкөл шағын аудандарында қала тұрғындары мектеп пен жол салу, әлеуметтік қызметтер көрсету және инфрақұрылым жүргізу мәселелерін қозғады. 

Көшпелі кездесу Қаратау ауданында жалғасып, Тұран, Нұртас, Мәртөбе, Мирас-2, Тассай және Достық шағын аудандарының тұрғындарымен кездесті. Аудан тұрғындары негізінен жеке емес, ортақ мәселелерді, атап айтқанда, жолдарды асфальттеу, көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу, газ, кәріз жүйелерін жүргізу жоспарларын сұрап, шалғай көшелерге бейнебақылау камераларын, жол белгілерін, бағдаршамдарды және жарықтандыру жүйелерін орнату қажеттілігін айтты. Сонымен қатар, автобус аялдамаларының сапасына және қоғамдық көлік қозғалысының кестесіне қатысты шағымдар айтылды. Тұрғындар талабын тыңдаған әкім келесі жылы Тұран шағынауданында ұзындығы 17 шақырым 33 көшені асфальттеу, 13 көшеге жарық беру жоспарланғанын жеткізді. Сондай-ақ Мәртөбе тұрғын алабында үздіксіз энергиямен жабдықтау үшін кабельдер мен тозған трансформаторларды ауыстыру жұмыстары жүргізілсе, 2025 жылы Мирас шағын ауданында кәріз желілерінің құрылысын аяқтау көзделген. 

Көшпелі кездесу Еңбекші ауданында жалғасын тауып, Шаңырақ, Тұрдыабад Базарқақпа, Абдулабад шағын аудандары мен тұрғын алаптары азаматтарының базынасына құлақ түрді. Аудан халқы ең алдымен коммуналдық қызметтерге, электрмен жабдықтауға, қаңғыбас иттерді аулауға, аялдамалар орнатуға, жол белгілері мен көшелерді жарықтандыруға қатысты бірқатар кешенді мәселелерді көтерді. Сондай-ақ, жер учаскелерін заңдастыру, көшелерді көгалдандыру, жолдар мен спорт алаңдарын салу сұрақтары да көтерілді. Өйткені, Еңбекші ауданында кезінде көрші аудандардың құрамында болып, кейін мегаполиске қосылған елді мекендер көптеп саналады. Олардағы мәселелердің барлығын бірдей жуық арада атқарып тастау мүмкін емес. Түйткілді істер рет-ретімен тарқатылуда.

Базарқақпа тұрғын алабындағы көшпелі кездесу барысында қала басшысы жергілікті тұрғындардың жұмылуымен пайда болған жасыл аймақты аралап көрді. Жаяу жүргіншілер жолдарын қарастыру, қоршаулар мен бейнебақылау камераларын орнату мәселелерін қамтитын қолайлы микроклиматты қалыптастыруда және халыққа қолайлы жағдай жасауда жауаптыларға бірқатар міндеттер жүктелді. 

Абай, Әл-Фараби аудандарының тұрғындары да көшпелі кездесудің арқасында көкейде жүрген сауалдарына жауап алды. Бұл аудандарда негізінен елді мекендерде мектеп, шағын футбол алаңын, мешіт, балабақша және мәдениет үйін салу мүмкіндіктері талқыланды. Шығыс, 16, Ескі қалашық, Химфарм шағын аудандарының, Жандосов, Жібек Жолы және Иляев көшелерінің тұрғындарымен кездесу барысында көшелерді, аула аумақтарын абаттандыру мен көгалдандырудың, жасыл желектерді суарудың, балалар және спорт алаңдарын салудың өзекті мәселелері сөз болды. Өз кезегінде Ғабит Сыздықбеков көшелерді, аулаларды жарықтандыру және абаттандыру қала тұрғындарының өмірі үшін қауіпсіздік пен қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі басым міндет екенін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрғындардың талап-тілектері бойынша жалғасатын болады. 

Шымкент қаласы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мегаполис тұрғындары тарапынан тұрақтарды кеңейту, тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде үйлерді жөндеу, жер учаскелерін заңдастыру, тұрғын үйге кезекке қою, жылу желілерін жөндеу және ирригациялық жүйелерге қатысты мәселелер де көтерілген. Қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы көшпелі кездесулерге қатысқан аудан әкімдері мен басқарма басшыларына қала тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуде жедел және пәрменді шаралар қабылдауды тапсырды. Қала әкімі бірінші кезекте барлық шаралар халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталуы тиіс екенін атап өтті. 

Иә, жаңа форматта өткен көшпелі кездесуде шаһар тұрғындары қала басшысымен бетпе-бет кездесіп, мұң-мұқтаждықтарын ашық айтуға мүмкіндік алды. Табан асты шешімін тапқан талап-ұсыныстар да болды. Сонымен қатар, жоспарлы түрде орындалатын жайттар жоспарға алынып, тиісті мекеме басшыларына тікелей бағытталды. Халық игілігі үшін атқарылып жатқан қыруар шаруаға куә болып жүрген тұрғындар арасынан әкімге алғыс айтып, батасын бергендер аз болмады. Халықтың үні жаңғырық күйінде қалмай, назарға алынған, іске асырылған қоғамда ғана билік пен халық арасында түсінік орнап, дамудың даңғыл жолы ашылатыны анық. 

Ертай Айғалиұлы
27.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

Төбет – қазақтың ұлттық бренді
Жасұлан АБДИҒҰЛОВ, Қуат НҰРҒАЛИЕВ, әуесқой итбегілер - 09.12.2024 206
Жамбыл облысында 500-ге жуық мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды
Р.Ш.Шарипов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 09.12.2024 49
ЖОЛДАР ТАЗАЛАНЫП, ИНЕРТТІ ЗАТТАР СЕБІЛІП ЖАТЫР
Сарысу ауданы әкімдігі - 08.12.2024 31
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 221
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 221
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 239
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 221
Ақмола астық жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті
Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 07.12.2024 210
РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 07.12.2024 205
Ән өнерінің саңлағы
Саяжан ҚАЙДАР - 06.12.2024 228
ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН, ҒИБРАТЫ МОЛ КИЕЛІ МЕКЕН
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 06.12.2024 217
Тоқсанның төріндегі театр
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 06.12.2024 225

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 10503
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9482
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12717
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11687
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 16700