МЕРКІЛІКТЕР ӘННЕН ШАШУ ШАШТЫ

МЕРКІЛІКТЕР ӘННЕН ШАШУ ШАШТЫ
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде (амфитеатр) Меркі ауданы көркемөнерпаздарының «Әуенді Тараз кештері!» атты концерті өтті.
🔸Ұлттық өнерді кеңінен насихаттап, жазғы мезгілде ашық аспан астында өңір тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған шараның шымылдығын «Жібек жолы» би-ансамблінің тамаша композициясы түрді.
🔹Бағдарлама Ш.Мамасерікованың сөзіне жазылған «Мерей» вокалды-инструментальді ансамблінің және «Меркі әуендері» ән-би ансамблінің әншілерінің «Жерұйығым – Меркім!» әнімен басталып, «Таразым», «Желкілдек», «Ақжайнақ», «Меркі», «Қара жорға», «Жеңешем» және т.б ескі һәм есті шығармаларға ұласты.
🔸Сондай-ақ, «Көзқарасың», «Өзгеше биле», «Жүрек алдамайды», «Досыма жазған», «Ләйлі», «Настальгия», «Сені маған тәңірдің өзі сыйлаған», «Сырғаңның сыңары», «Майда-майда» т.б бірқатар заманауи әндер шырқалды.
🔹Айта кету керек, іс-шара ағымдағы жылдың 26 тамызына дейін аудан өнерпаздарының қатысуымен әр аптаның жұма күндері «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде өтетін болады.
Жамбыл Облысы Мәдениет Басқармасы
06.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 15003
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14902
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 30043
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28663
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 32229