Бүгінгі таңда облысымызда көптеген жобалар жүзеге асырылып, жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Соның ішінде баламалы энергия көздерін тиімді пайдаланып, жасыл экономиканы жаңғыртуға бағытталған өміршең жобалар да бар. Облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаевтың айтуынша, 26-27 сәуір күндері облысымызда өткен «ZHEIF – 2023» халықаралық экономикалық және инвестициялық форумы аясында отандық компаниялар мен шетелдік инвесторлар арасында 17, оның ішінде шетелдік 5 ірі компаниямен 700 миллион АҚШ долларына, 12 компаниямен 96,5 миллион АҚШ долларына келісімдер мен меморандумдарға қол қойылған. Нәтижесінде, электр энергиясы бойынша 3, инфрақұрылым тарту 4, жер мәселесі 5 және газ тарту бойынша 2 жоба оң шешімін тапты.
– Облыстың күн, жел және су арқылы электр станцияларын салуға мүмкіндігі өте жоғары. Сондықтан, бірқатар шетелдік инвесторлар өңірде жел электр станцияларын салуға қызығушылық танытып отыр. Бұл ретте Мемлекет басшысының бастамасымен облыста бірқатар ірі жобалардың іске асуы жоспарлануда. Атап айтқанда, франциялық «Total Eren», Біріккен Араб Әмірлігінің «Masdar» және «Kidf» компаниялары ауқымды жел электр станцияларын салуға ниет білдіріп отыр. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қытай еліне ре сми сапары кезінде қытайлық «State Power Investment Corporation» компаниясымен осындай тағы бір жобаға келісім жасады. Нәтижесінде бұл салаға тартылатын қаржы шамамен 3 миллион АҚШ долларынан асатын болады. Сонымен қатар, облыстың жаңартылған энергия көздерінің республикадағы үлесін 40 пайызға дейін жеткізу жоспарымызда бар, – дейді Құдайберген Нұрсерікұлы.
Мұндай жобаның бірі – Мойынқұм ауданында жүзеге асырылмақ. Атап айтсақ, франциялық «TotalEren» серіктестігі тарапынан жалпы қуаты 1 гигаватты құрайтын жел электр станциясын салу жоспарлануда. Жалпы, әлемдік сарапшылардың зерттеулері дархан даламыздың басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 6 метрден асатынын дәлелдеді. Ал, күн энергиясын өндіру мүмкіндігі жылына сағатына 2,5 миллиард киловатт деп белгіленген. Әсіресе, елдің оңтүстігі күннің қызуынан қуат өндіруге таптырмас өңір болып тұр.
Жасыратыны жоқ, бүгінде елімізде ба лама лы т абиғат көздерінен қуат алу мәселесі әлі де болса толық шешімін таппаған. Бұл жұмыстар экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жолдарын қажетсінеді. Міне, сондықтан Қазақстан «Жасыл экономикаға» бет бұрды. Ал, бұл еліміздің географиялық орналасу жағдайын, жел және күн энергиясын пайдалану мүмкіндігін, сондай- ақ, мұнай және газ ресурстарының энергетикалық әлеуетін ескерсек, жалпы қажеттіліктің орнын толтыру үшін тамаша мүмкіндік. Жа лпы, еліміздің с ағатына 1 триллион киловатт энергия өндіруге мүмкіндігі бар. Бұған елордадағы ЭКСПО-2017 көрме қалашығы толықтай баламалы энергия көздері арқылы жұмыс істеуге көшкенін және қосыңыз. Мұны көріп-біліп отырған сарапшы мамандар еліміздің мүмкіндіктері мен артықшылықтарын толық мойындауда.
Өңірде жаңартылмалы энергетикалық жобалар мықтап қолға алынған. Атап айтсақ, Қордай мен Сарысу аудандарында жел электр станциялары жұмыс істеп тұрса, Қаратау қаласының маңында әрқайсысы 4,5 мегаватты құрайтын 5 жел электр станциясы пайдалануға берілген. Енді Мойынқұм ауданында 1 гигаватты құрайтын жел электр станциясын салу жоспарлануда.
Мойынқұм ауданы әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қуандық Төлеубековтің айтуынша, Мойынқұм ауданында «Total Eren» серіктестігі жел электр станциясын салуды қолға алмақ.
– Қазіргі таңда бұл жоба аясында инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. Жобаны жүзеге асыру үшін Бетпақдала аймағынан дәлірек айтсақ, Ермей елді мекені маңайынан жел электр станциясын орналастыруға 3 мың гектар алқап қаралған. Облыс орталығынан шалғай жатқан осындай жоба іске қосылса, аудан экономикасының артуына оң септігін тигізер еді, – дейді Марат Сайлауұлы.
Бүгінгі таңда аталған жобаны іске асыру мақсатында аудан әкімдігі облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасының өкілдері жобаларды іске асыру бойынша инвесторлармен жұмыс істеуде.