Мүсін өнерінің патшайымы

Мүсін өнерінің патшайымы

Қазақ даласының қасиеті мен киелілігіөз топырағында талай ұлы адамдарды: ел қорғаған батырлар, танымал ақындар мен әншілерді, сазгерлерді, қиын-қыстау замандарда елдің қоғамдық-әлеуметтік саяси мәселелерін толғаған жырауларды әкелгендігімен белгілі. Ал ұлы дала төсінде қолтаңбалары қалған бейнелеу өнерінің шеберлерін жалпы көпшілік біле ме? Олардың жасаған маңызды жұмыстарын ел қандай дәрежеде есте сақтап жүр? Олар туралы дереккөздерді, ақпараттарды қайдан іздеген дұрыс? Міне, біздің айтатын ойларымыз осы жоғарыдағы үш сұрақтың төңірегінде өрбімек. Есімі бүкіл қазақ жұртына танымал, белгілі айтыс ақыны, есімі қазақ әдебиеті тарихының, ауыз әдебиетінің айтыс жанрынан ойып орын алған, айтысы көптеген музыкалық шығармаларға арқау болған қазақтың бұлбұл ақыны Сара Тастанбекқызын білмейтін адам жоқ. Ал осындай жан-жақты белгілі тұлға, ерекше дарын иесінің бейнесін жасап, болмысын бүкіл қазақ жұртына көрнекті түрде танытқан белгілі суретші, мүсінші, Кеңестік архитекторлар одағының мүшесі, Ленинград қаласында туған Маргарита Маркьяновна Ващенко жайлы деректерді қалың көпшілікке таныту ісі бұл да халық назарынан тыс қалмағаны дұрыс.

Айтулы мүсін өнерінің шебері 1907 жылы 7 желтоқсанда қазіргі Санкт-Петербург қаласында өмірге келіпті. Кейіннен Мәскеуге келіп Архитекторлар институтына 1930 жылы түседі де, оны 1937 жылы бітіріп шығады. 1955-1960 жылдары Талдықорған облысының бас архитекторы болып жұмыс атқарған. Биыл 2022 жылы белгілі мүсіншінің дүниеге келгеніне 115 жыл толады.

Мүсін өнерінде айтулы орны бар бұл тұлғаға қазақтың атақты ақын қызының бейнесін жасау оңай болған жоқ, өйткені XIX ғасырдың орта шенінде өмір сүрген ақын Сара Тастанбекқызының кезеңінде фотосуретке түсіру ісі өте сирек қолданылған. Басты себеп олкездегі фотоаппараттар алып жүруге қолайсыз, өте ауыр болды, екіншіден, оны тек арнаулы фотоательелерде ғана қолдануға мүмкіндік болған. Қолданылса да  Семей, Верный сияқты үлкен қалаларда қолданылған шығар, бірақ алыс ауылдарда, болыстықтарда ол іс қол жете бермейтін, таңсық нәрсе болғандығы белгілі. Осындай себептерге байланысты Ақын Сара апамыздың суретінің нақты сақталмағандығы мүсін өнерінің шеберіне үлкен кедергі болды. Бірақ бастаған ісін аяғына дейін апаруды мақсат тұтқан шебер ел арасында Сараны көрген, оны жақсы танитын адамдармен кездесіп, солардың айтулары бойынша ақынның сөз арқылы туындаған кескіндемелік бейнесін қағаз бетіне түсірді. Бұдан кейін, майлы бояуларды пайдалана отырып, Сараның портретін жазды. Аталған екі деңгей бойынша жоспарлаған ісі сәтті шыққан шебер, ақын мүсінін жасауға барлық ынтасын жұмсады. Бастаған ісі жемісті болып, 1971 жылы Қапал ауданына қарасты Абай атындағы колхозға (қазіргі Көшкентал ауылы) Ақын Сара Тастанбекқызының ескерткіші қойылды. Ескерткіштің жалпы биіктігі үш метрдей болады. Астындағы граниттен жасалған тумбаға ақынның аты-жөні жазылған.

Сол заманнан бері қарай жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, Ващенконың өз қолымен жасаған ескерткіш мүсіні ауыл орталығының мәдениет үйінің қақ алдында қасқайып әлі тұр. Жылдардан-жылдар жылжып өтсе де, бұл қолтаңба жылдан-жылға жаңара түскендей, ауыл тұрғындарының, ауылға келіп-кетіп жататын қонақтардың назарын аударып, көңілдерін қуантуда. Көшкентал ауылының тұрғындары ақын ескерткіші орнатылған кішкене саябақты «Ақын Сара» паркі деп мақтанышпен атайды. Бұл жергілікті тұрғындардың ақынның аруағына көрсеткен тағзымы ғана емес, соны жасаған шеберге де зор құрметтің белгісі екені анық. Бүгінгі күндері музейдің қызметкерлері осы ескерткішпен арнайы таныстыру мақсатында оқушыларды апарып, экскурсия жүргізеді.

Маргарита Маркьяновнаның қазақ даласында жасаған еңбектері тек Ақын Сараның мүсінімен ғана шектеліп қалған жоқ. Әйгілі мүсіншінің қолынан қазақ халқының белгілі тұлғалары: Әл-Фараби, Шоқан, Абай, Ілияс, Шәкәрімдердің бюстері де жасалды. Бұдан мүсіншінің қазақ мәдениетіне деген терең қызығушылығы мен жан-жақты зерттеген қажырлы еңбегінің белгілерін көруге болады. Бұл күндерде қазақ даласында өшпестей өзінің қолтаңбасын қалдырған мүсін өнерінің патшайымы М.М.Ващенко туралы деректер Қапал ауылындағы Ақын Сараның мемориалды музейінен табылады. 

Аталған музейдің қорында мүсінші туралы 1991 жылы 10 шілдеде «Заря коммунизма» газетінің бетіне «Символы благодарной памяти» деген атпен жарияланған материал, оның өз қолымен жазған өмірбаяны, жеке құжаттары: еңбек кітапшасы, Мәскеу архитекторлар институтын архитектор мамандығы бойынша бітіргендігі туралы дипломы, жеткен жетістіктерінен хабар беретін 1951 жылы Мәскеуде өткен үшінші бүкілодақтық жас архитекторлар басқосуында архитектура саласында жеткен жетістіктері үшін алған дипломы, Мәскеудегі Ленин орденді Кеңестік архитекторлар одағында істеген бірнеше жылдық еңбегі үшін, Ұлы Октябрдің 70 жылдығына орай алған грамотасы, жанұялық өмірінен көрініс беретін фотосуреттері, өзінің  майлы бояумен жазған суреттері, тағы басқа кескіндеме суреттері сақталған. Қазақ халқының атақты да айтулы тұлғаларының бейнелерін жасап, көрнекті түрде бүкіл қазақ жұртына паш еткен өнер тарланының есімі өзі бейнелеген ұлы тұлғалардың болмыстарымен бірге ел есінде сақталуда.

Айдын ЖАКУПБЕКОВ, Ақын Сараның мемориалды музейінің қор сақтаушысы, Жетісу облысы
22.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 37
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 93
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 37
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 36
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 88
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 93
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 289
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 283
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 904

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8982
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8376
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11602
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9360
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10586