НАҒЫЗ ЭНЕРГИЯ КӨЗІ

НАҒЫЗ ЭНЕРГИЯ КӨЗІ

Дүниежүзінде 500-дей атом электр стансасы бар екен. Көбісі АҚШ пен Еуропада, сосын Жапония, Қытай, Ресейде орналасқан. Дамушы елдерді қосқанда 50 мемлекетте ядролық реактор бар екен. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін электр энергетикасы саласында біраз өзгерістер жасалды. Дегенмен де түбегейлі өзгерістер жасай алмады десек те болады. 1960-1980 жылдары пайдалануға берілген энергетикалық құрылғылар әлі де тұр. Бұдан еліміздің электр энергетика саласы алдағы жақын жылдары үлкен қауіпке келеді деп топшылауға болады. Бізде әзірше электр қуаты жеткілікті болғанымен, алдағы 2-3 жылда Қазақстан электр қуатынан тапшылық көруі мүмкін екенін ғалымдар растап отыр.

Тағы бір мәселе, электр энергетика өндірісінің өңірлерге бөліну ахуалы мен тиімді электр энергетика көздерінің салыстырмасы қазіргі экономикалық дамумен кері мәнге ие. Яғни электр энергияны көп тұтынатын дамыған өңірлерде электр стансасы аз, даму процесі баяу жүріп жатқан солтүстік өңірде электр стансасы көп. Жасыл энергия көздері – жел, күн энергиясының энергетика көздеріндегі ұстайтын салыстырмасы елімізде өте аз. Ал экологиялық таза энергия болып табылатын жел энергиясы мен күн энергиясын пайдаланып, электр энергетика сұранысы мен қауіпсіздігін түбегейлі шешудің ауылы әлі де алыс. Оның себебі: бірінші, жел мен күн таза жасыл энергия болғанымен, оның өзіндік құны су және көмір, газбен өндірілетін электрден әлдеқайда жоғары. Екінші, таза жасыл энергияның елімізде зор мөлшерде өндірілуіне және аумақтық қамту көлемін шексіз арттырудың мүмкіндігі жоқ немесе аз. Үшінші, жел энергиясы мен күн энергиясы жылу энергиясы мен атом энергиясына қарағанда тұрақсыз. Оның электр энергиясын аз беруі мен көп беруі белгісіз. Сондықтан жел мен күннен алынатын электр энергиясы қазірше жылудан, судан, атомнан алатын энергияның орнын мүлдем баса алмайды. Ол тек біртіндеп дамитын энергия көзі. Ал жылу энергиясын пайдалану арқылы электр энергиясын алу, оның экологияны бүлдіретін, энергия көзін барынша сарп ететін ерекшелігіне қарай, ендігі жерде ол өткен шақтың еншісінде қалады. Біз атом энергиясы десек, көбіне оның қауіпті жағын ғана білеміз. Ал екінші жағы – энергия көзі жағынан алып қарағанда, оның мүлдем қауіпсіз екенін, яғни өнімді энергия қайнары екенін ескере бермейміз. Ең қуатты энергия көзі – атом энергиясы ғана еліміз үшін экономикалық дамудың қажетін қанағаттандыратын, сондай-ақ энергетика қауіпсіздігін шешуге көмектесетін бірден-бір электр энергия көзі болып табылады. Бүгіндері еліміздің электр энергиясы қауіпсіздігін шешу – мемлекеттің алдындағы кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан АЭС салуды қолдаймын.

Манарбек АҚЫНҰЛЫ, Алматы қаласының ақсақал тұрғыны
03.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 59
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 584
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 699
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 613
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 622

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8758
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8158
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11387
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9141
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10372