Отандық тауар өндірушілерді қолдау – басты назарда

Отандық тауар өндірушілерді қолдау – басты назарда

Алматыда өнеркәсіпті дамыту, отандық тауар өндірушілерді қолдау және бизнес үшін қолайлы орта жасау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  Жолдауында жергілікті кәсіпорындардың дамуына ықпал ету және оларға ірі мемлекеттік тапсырыстарда басымдықты қамтамасыз ете отырып, отандық тауарлар өндірісінің көлемін ұлғайту қажеттігін айқын атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Америка, Еуропа, Азияның дамыған мемлекеттерін аралап, дүниежүзіне танымал кәсіпорын басшыларымен кездесіп, оларды елімізге жұмыс істеуге шақырды. Жолдауында қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету екенін де ерекше атап өтті.

Кеңес Одағы кезінде Алматы қаласында еліміздің жеңіл және тағам өнеркәсібінің ірі зауыт-фабрикалары орналасқан еді. Ауыр өнеркәсіп, оның ішінде машина жасау Алматы қаласы экономикасының 30 пайызынан астам бөлігін беретін. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін сол көп зауыт-фабриканың жұмысы тоқырап, ақырында жабылды. Қазіргі уақытта Алматы қаласында отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша белсенді жұмыс атқарылып келеді. Тұтыну нарығының тұрақты жұмыс істеуі мен қанығуын қамтамасыз ететін – ұлттық экономиканың өзегі. Өндіріс саласы қай мемлекеттің болмасын дамуында маңызды рөлге ие екені сөзсіз. Өйткені экономикасы мықты мемлекеттердің бюджетінде де ақшасы көп, халқының да әл-ауқаты жоғары бо¬ла¬ды.  Президенттің қойып отырған талабы: тауарларды өзімізде өндіру керек, ол тауарлар сапалы болуы тиіс және тек ішкі нарықты қамтып қана қоймай, шетелге де бәсекеге қабілетті тауарларды шығаруымыз қажет. Отандық өндірушілерді қолдау шаралары жөнінде Мемлекет басшысының тағы бір тапсырмасы – өнімдердің елімізден шыққанын растайтын тетіктерді қайта қарау мәселесі. Бүгінде жаңа тәсілдерде бірқатар үдерістерді автоматтандырып, цифрландыруды және өз өнімдерін өзге елдерге экспорттайтын отандық компаниялар үшін жүктеменің төмендетілу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Қаржы министрлігі отандық өндірісті қолдауға және оның дамуын ынталандыруға бағытталған бірқатар бұйрыққа түзету енгізетінін ресми жариялады. Ондағысы ел экономикасында шешуші рөл атқаратын сатып алуға қатысты болмақ. Мемлекеттік және ұлттық компаниялардың сатып алу қағидаларына енгізілген түзетулер отандық өндірушілерге бірқатар артықшылықты береді деп күтіліп отыр. Жеңілдіктер қатарында 30% аванс төлеу, шарттың орындалуын қамтамасыз етуден босату, сондай-ақ міндеттемелерді орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын азайту бар. Мемлекеттік сатып алу аясында өзге елге экспортталатын тауарлар сертификатына қатысты да бірқатар түйткілді мәселе бар екенін айтып өткен жөн. Техникалық реттеу туралы заңнамада сәйкестікті растайтын өнімдер техникалық регламентке сай, сертификаттау кезінде аккредиттелген зертханалардың сынақ нәтижесін пайдалануға тиіс. «Самұрық-Қазына» қоры, «СҚ-Фармация» компаниясының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұзақ мерзімді сатып алулары, тауарларды, оның ішінде еркін қоймалар мен еркін экономикалық аймақтан ЕАЭО елдеріне экспорттағанда бизнес өкілдері СТ – KZ және индустриялық сертификаттарын ұсынуы керек. Тек осы жағдайда ғана шығындар өтелетін болады. Бұл сертификаттардың әрқайсысы өз кезеңінде отандық өндірушілерді қолдауда белгілі бір рөл атқарады. Алматыда отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында  2021 жылы жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Соның негізінде  Алматыда жергілікті тауар өндірушілерді қолдау жұмыс тобы құрылған болатын. 

«Масло-Дел» ЖШС, «Папироне» ЖШС, «Дор-Хан-Алматы» ЖШС, «Солнечный сүт зауыты» ЖШС цехтары 2020 жылы модернизациядан өтті. «Масло-Дел» ЖШС жұмыс істеп тұрған өндірісін кеңейтуді қолға алды. Түрлі соус, майонез, кетчуп шығаратын цех пен өсімдік майын құятын қойма кешенінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Осылайша, кәсіпорынның қуаты жылына 10 мың тоннадан 30 мың тонна өнімге дейін артты. Сонымен қатар, «Солнечный» сүт зауытын жаңарту процесі және өнім ассортиментін көбейту үшін қосымша құралдар сатып алды. «Үш қабатты дәретхана қағазын, қағаз сүлгілері мен майлық шығаратын «Папирон» ЖШС, металл өңдеу, жылжымалы қоршау конструкцияларын, автоматты қақпалар мен жапқыштар өндіретін «Дор-хан-Алматы» ЖШС және «Солнечный» сүт зауыты өнім түрлерін көбейтіп, өндірісті кеңейту үшін қосымша жабдықтар сатып алған.

Өндірістік цех салу және кеңейту жұмыстары «Алматы-2050» стратегиясының «Шетсіз қала» бағыты аясында қалада полиорталықты дамыту мақсатында орындалды. Алматы қаласының әр ауданында бірегей мүмкіндіктер және дамыған өндірістік салалар болуы үшін жаңа нысандар салынуда.

Жаңа өндіріс орындары ішкі нарықты отандық тауарлармен қамтамасыз етеді. Осылайша, түрлі салалар бойынша отандық өнім өндіріс көлемінің кеңеюі күтілуде. Бұл импортты алмастыруға ғана емес, сонымен бірге экспорттық әлеуеттің кеңеюіне де ықпал етпек. Өзге елдердің үкіметтері отандық тауар өндірушілерге қолдаудың әр алуаны механизмін жасап отыр, мысалы қосымша құн салығын қайтарып беру, газ бағасын арнайы тарифпен төмен беру т.б. 

 

Гауһар ТҰРСЫНҚОЖА

 

26.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 133
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 16
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 73
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 63
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 48
 МАҚТААРАЛДА ЖЫЛЫНА 80 МЫҢ ТОННА МАҚТА ТАЛШЫҒЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 16
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 465
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 433
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 457
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 449
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 447
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 464
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 454
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 647

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9689
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9068
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12302
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10073
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11282