2022 жылғы Түркі елдерінің мә- дени астанасы – Бурсада өткен жина- лыста мақұлданған шешім бойынша Әзірбайжанның Шуша қаласы, 2023 жылы Түркі елдерінің мәдени астана- сы болып бекітілді. Шуша Қарабақ тауында орналасқан тарихи қала. Тарихи деректерде 1752 жылы іргесі қаланған делінеді. 1977 жылы қаланың тарихи бөлігін
тарихи-архитектуралық қорық деп жария- ланды. Сол кезден бастап бүкіл Кеңестер одағына танымал демалыс аймақтары- ның біріне айналған. Өкінішке қарай 1992 жылғы бірінші Таулы Қарабақ соғысына кейін Шуша Арменияның басқаруына өтті де, қаладағы әзірбайжандар қуғынға ұшы- рады. 2020 жылғы Қарабақ соғысынан кей- ін Әзірбайжан әскерлері қаланы қайтарып алды. 2021 жылы мамырда Әзірбайжан
президенті Илхам Әлиевтің қаулысымен Шуша – «Әзірбайжанның мәдени астана- сы» болып жарияланды.
Шуша қаласында Газанчетсоц соборы, Саатре мешіті, Панах хан сарайы мен кітапханасы, Хан сарайы мен Керуен поштасы, Ашахигов Харага және Саатре мешіті, Вадифу кесенесі, Натанван үйі және т.б. әйгілі орындар бар.