Қарағандылық құтқарушылар су тасқынына дайындық туралы айтты

Қарағандылық құтқарушылар су тасқынына  дайындық туралы айтты

Қарағанды облысының ТЖ департаменті қарды қопсыту бойынша жару жұмыстарын бастады. Бүгінгі күні Нұра өзенінің Ботақара кентіндегі, Петровка, Жастілек ауылдарындағы және Бірінші Мамыр ауылдарындағы төрт учаскесінде жұмыстар жүргізілді.

Су тасқынына дайындық барысы облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен өткен төтенше жағдайлар жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысында талқыланды.

Қарағанды облысындағы су тасқыны жағдайы тұрақты. Барлық тоғандар қысқы режимде. Өзен бассейндеріндегі су қоры нормадан 28%-ға төмен, деп атап өтті Қазгидромет филиалында. Сонымен қатар, өңірде 1-14 наурыз аралығында 15 мм қар жауды. Бұл айлық норманың 100% құрайды.

21 наурыздан бастап ТЖД-мен бірлесіп қардың соңғы өлшемі өткізіледі.

– Космомониторинг деректері бойынша облыс аумағының 68%-ы бүгінгі күні қармен жабылған. Облыстың солтүстік-шығыс және оңтүстік шекараларында жер қарая бастады, – деді ТЖД басшысы Мұрат Қатпанов. – Қазгидромет Нұра, Шерубай-Нұра, Сарысу, Кеңгір, Тоқырауын өзендерінің бассейндеріндегі ылғал қорының көлемі орташа көпжылдық мәннен 10–45%-ға төмен екенін хабарлайды.

Самарқанд және Ынтымақ су қоймаларынан санитарлық су ағызулар жүргізілуде. Еріген қар суының келуімен барлық су қоймаларында толық төгінділер басталады.

Жолдарға ерекше назар аударылды. 320 көпір мен 3 673 су өткізу құбыры тазартылды. Республикалық маңызы бар трассалардағы су өткізу құбырлары толығымен дайындыққа келтірілген. Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың 69 су тасқыны қаупі бар учаскелері бақылауға алынды.

Материалдық-техникалық құралдар мен инертті материалдар қорына тексеру жүргізілді.

ТЖ департаменті 80-нен астам арнайы, өтімділігі жоғары және инженерлік техника, соның ішінде халықты тасымалдау және эвакуациялау үшін, батпақ-жол талғамайтын көліктер, жүзу құралдары, мотопомпалар дайындады. Су тасқыны қаупі бар өңірлерде жеке құрам гидрокостюмдармен жабдықталған.

Жеңіс Қасымбек 20 наурызға дейін барлық кемшіліктерді жоюды тапсырды. Гидроқұрылыстардың тасқын суларды апатсыз өткізуге барынша дайындығын қамтамасыз ету қажеттігін еске салды. Халықтың көлік қатынасымен проблемалары болмауы үшін автожолдардың реконструкцияланатын учаскелерін ерекше бақылауға алу және кенттік жолдардың дайындық жағдайын тексеру тапсырылды. Өңір басшысы әкімдерді сырттан ғана бақылап қоймай, белсенді атсалысуға шақырды.

– Біздің негізгі міндетіміз – тұрғындардың қауіпсіздігін, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің және көлік инфрақұрылымының аумақтарын қорғауды қамтамасыз ету. Мүмкіндігінше материалдық шығын көлемін болдырмау немесе барынша азайту. Әрқайсысыңыздан жауапкершілік талап етіледі, – деп атап өтті облыс әкімі.

Жомарт Шаймұрат
15.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 129
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 167
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 163
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 129
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 273
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 277
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 490
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 449

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9148
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8546
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11774
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9540
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10754