БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында өңірліктелеарналар мен басылымдардың журналистеріҚарағанды облысы әкімінің "Алтын сұңқар" сыйлығымен марапатталды. Байқау жеңімпаздары11 номинация бойынша анықталды.
"Алтын сұңқар" сыйлығына барлығы 108 адамүміткер болды.
Марапаттау Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында өтті. БАҚ қызметкерлерін облысәкімінің орынбасары Ербол Әліқұлов құттықтады:
– Біздің қарағандылық журналистер мемлекетпен халық арасындағы байланыстырушы буынболып табылады. Сіздер бізді қамқор, адал жәнеашық болуға үйретесіздер. Әрқашан барлықжағдайға дайын болуға шынықтырасыздар. Көбінесе Қарағанды облысын кадрлар ұстаханасыдеп атайды. Біздің жерлестеріміз әлемнің түкпір-түкпірінен келген оқиғаларды баяндайды. Мен журналистика ардагерлеріне ерекше алғысымдыбілдіремін. Дәл сіздер Қарағандыжурналистикасының негізін қалап, дамыттыңыздар. Баршаңызды кәсібимерекелеріңізбен құттықтаймын!
Жеңімпаздар:
- "Мамандығына адалдығы үшін" – журналистика ардагері Ермек Балташұлы, "Нұра" газетінің бас редакторы. Еңбек өтілі – 40 жыл;
- "Белсенді өмірлік ұстанымы үшін" – "Новое Телевидение" телеарнасының бас директоры (Қарағанды) Руслан Никонович;
- "Объектив шебері" – "Saryarqa aqparat" ЖШС жаңалықтар және интернет-БАҚ бөлімініңбейнеоператоры Жасұлан Мақұлбеков;
- "Ауыл тақырыбын үздік жариялау" – Ақтоғайаудандық Аqtogai ajary газетінің журналисі ДуманҚабыл;
- "Өндірістік тақырыпты үздік жариялау " – теміртаулық "Вечерняя газета" тілшісі Оксана Матвеенко;
- "Әлеуметтік тақырыптағы үздік жариялау" – Республикалық "31 арна" телеарнасыныңҚарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі және"ҚазТАГ" ХАА Диана Мұқанова;
- "Алғашқы жетістіктері үшін" – "Дидар" ТК журналисі (Жезқазған) Мұқағали Сейтқазы;
- "Жылдың үздік шығармашылық жұмысы" – Aqsham (Сәтбаев) телеарнасының директоры Ғалымжан Нұрпейісов;
- "Стилі мен функционалдығы үшін" – "Қазақстан" республикалықтелерадиокорпорациясы" АҚ Қарағанды облыстықфилиалының бейнемонтажері Роман Копылов.
Байқау жеңімпаздары миллион теңгеден және"Алтын сұңқар" мүсініне ие болды.
"Қарағанды журналистикасының дамуынақосқан үлесі үшін" екі миллион теңге көлеміндегіарнайы сыйлықтың иегері "Балқаш өңірі" газетініңредакциясы болды. Басылым биыл 90 жылдығынатап өтеді.
– Біздің "Балқаш өңірі" газетінде 15 адам еңбекетеді. Ол аптасына екі рет екі мың данадан асады. Бұл – біздің ұжымдық еңбегіміз, ортақ жеңісіміз. Біз әрі қарай да шындықты жазуға тырысамыз, – деді газеттің бас редакторы Қуаныш Аманқұлов.
Сондай-ақ, мерекелік кездесуде "Әлеуметтікжелілердегі өзекті мәселелерді үздік жариялағаныүшін" атты жаңа номинацияның жеңімпазыжарияланды. Сыйлықты блогер Денис Денскиалды.
Қарағанды облысы әкімінің "Алтын сұңқар" сыйлығына байқау 2006 жылдан бері өткізіліпкеледі.