Қаракемер ауылында 25 келушіге арналған емдеу пунктінің құрылысы жүргізілуде

Қаракемер ауылында 25 келушіге арналған емдеу пунктінің құрылысы жүргізілуде

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Жамбыл ауданында болып, бірқатар құрылыс жұмыстарды аралап, тұрғындармен жүздесті.

 Алдымен аймақ басшысы ауыл тұрғындарының өтініші бойынша салынып жатқан Қаракемер ауылындағы амбулаториялық пунктінің құрылыс жұмыстарын көрді. Еске сала кетсек, өткен жылдың есептік кездесуінде қаракемерліктер ауылда емдеу пунктінің жоқтығынан, көп жылдан бері аудан орталығына барып, ем-дом қабылдап жүргендерін жеткізген. Бүгінде ауыл азаматтарының бұл өтініші аймақ басшысының назарына жетіп, тиісті жұмыстар қолға алынды. 

Аудан әкімі Сәкен Арубаевтың айтуынша, 25 соттық аумаққа 25 келушіге арналған аммбулаториялық пунктінің құрылысы өткен жылдың қазан айында басталған. Ағымдағы жылға өтпелі нысанның құрылысын «ҚазМұнайҚұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Бүгінде іргетасы қаланып, шатырын жабу жұмыстары қолға алынуда. Жалпы сметалық құны 198 млн теңгені құрайды. Жазға дейін нысан ел игілігіне беріледі деп күтілуде. 

Құрылыс жұмыстарын аралаған облыс әкімі Б.Сапарбаев нысан мерзімінен кешіктірілмей, сапалы жасалуын назарға алу керектігін тапсырды.

Жалпы 85 мыңнан аса тұрғыны бар Жамбыл ауданында 35 медициналық орталық бар. Жамбылдықтарға 1 аудандық, 1 ауылдық емхана, 1 орталық аурухана, 3 фелдьшерлік-акушерлік, 15 медициналық пункт, 14 дәрігерлік аммбулатория үздіксіз қызметсе етсе, 16-шы пункт көп ұзамай қатарға қосылмақ.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз
14.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» президенті маңызды мәлімдеме жасады
«Ордабасы» футбол клубының президенті Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы - 25.04.2024 11
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 20
КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУ БОЙЫНША  «ПЛОГГИНГ» МАРАФОНЫ ӨТТІ
Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 26
 ШАРДАРАЛЫҚ 9 ОҚУШЫ РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША ИСПАНИЯДАҒЫ ЖАРЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.04.2024 24

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 996
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7045
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10889
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7114
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7256