Қазақстанның жаһандық бастамалары тағы да еске түсті

Қазақстанның жаһандық бастамалары  тағы да еске түсті

Күллі әлем көз тігіп отырған Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстардың қашан тоқтайтынын қазір ешкім болжай алмай отыр. «Путин шабуыл жасамайды» деген болжамға сеніп алған украиндар, «аю ақырады да қояды» деп ойласа керек. АҚШ бастаған батыс елдерінің Ресейдің Украинаға шабуыл жасап кіру мүмкіндігі өте жоғары деген ескертулеріне де сергектік таныта алмағандай болды. Екі елдің шекарасы түбіне 150 мыңдай әскердің жиналғандығы туралы ақпаратқа талдау жасағандар, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа жерінде топталған ең көп әскер осы болды деп баға берген еді. 

Война Россия Украина сегодня — последние новости, где идут бои и обстрелы  3.03.2022 - Телеграф24 ақпан күні алғашқы оқ атылды. Болмайды деген соғыс болды да кетті. Осылайша әлемді бір таңғалдырған Ресей президенті қақтығыс басталып, арада төрт күн өткенде тағы бір күтпеген сөздің шетін шығарды. Алғашқы оқ атылған 24 ақпан күні-ақ АҚШ-нан Ресейдің екі банкіне санкция салынған еді. Экономикалық тұрғыдан ауыздықтау жоспары күн өткен сайын молая түскен. Бір ғана АҚШ емес мұндай санкциялар жан-жақтан қаптады да кетті. Бұл әрине Ресейге ұнаған жоқ. 28 ақпан күні Ресей президенті бірнеше лауазымды адамдарды шақырып, шағын жиналыс өткізді. «Батыс елдері заңсыз санкциялар жариялағанымен қоймай, НАТО Ресейге қарсы әрекетке көшті» дей келіп, Қорғаныс министріне елдегі ядролық күштерді жоғары дайындыққа көшіруге бұйрық берді. Жаһандық БАҚ-тар Путиннің бұл сөзін «керек болса талай халықаралық құжаттармен шегенделіп қойылғанына қарамастан, аса ауыр қару-жарақтарды қолданудан тайынбаймын деген байламы» деп тәпсірлеп берді.

Сол қалың ақпараттық талдаулар арасында қазақ елі туралы да біраз сөздер айтылып жатты. Бұл- Кеңес одағы ыдырай сала, ядролық қару сақталып тұрған әлемдегі төртінші елдің өз еркімен, жаппай қырып-жоятын қарулардан бас тарту жөнінде жаһандық бастамасы жайында еді. Жас мемлекеттің бұл қадамының әлемге үлгі болғандығын кейбір сарапшылар Путин мырза айбат шегіп шыққан осы күндері тағы да бір мәрте еске алды. 1991 жылы әлемдік саясаттағы аса ауқымды шара, ғасыр жаңалығы Кеңес одағының ыдырауы болды. Сол кезде жаңадан тәуелсіздік алған одақтас республикалардың халықаралық қауымдастықта ресми мойындалуы, аумақтық тұтастығы мен шекара бөлінісі және ірі елдердің оларды жан-жақтылы мойындауы мен ұлттық қауіпсіздіктеріне кепілдік беруі сынды көптеген маңызды жұмыстар күн тәртібінде тұрды. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарудан бас тарту туралы батыл шешім қабылдады. Есесіне Ресей, АҚШ, Қытай секілді алпауыттардың Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен егемендігіне кепілдік беру сынды маңызды уағдаластықтарға қол жетті. Бұл күні бүгінге дейін маңыздылығын жоймаған жаһандық бастамалардың бірі деуге болады. Мұны біз ғана емес, әлемдік баспасөз беттерінде әркез айтылып келе жатқан игі іс дер едік.

Алты айда туған 48 баланың 12-сі кеміс”. ”Невада-Семей” қозғалысы не үшін  күресті: 28 февраля 2019, 15:09 - новости на Tengrinews.kzЕнді Украина жағдайына оралайық. Кеңес одағы ыдыраған сол өтпелі кезеңде Ресей мен АҚШ-тан кейінгі үшінші ядролық держава Украина болатын. Украинада ядролық қарудың айтарлықтай қоры болды. 1900-ге жуық стратегиялық ядролық оқтұмсықтар, оның ішінде әрқайсысында 6 оқтұмсықты сақтай алатын 130 «СС-19» құрлықаралық зымырандар және 46 «СС-24» құрлықаралық зымырандар жұмыс істеп тұрды. 45 стратегиялық бомбалаушы ұшағы, оның 19-ы «Ту-160» және 25 «Ту-95» ұшағы, бұл стильдерді Ресей әлі де ұрыс даласына пайдаланып жатыр. Жалпы 2500 дана тактикалық ядролық қару болған екен. Сондай-ақ жартылай фабрикаттар мен ядролық материалдардың үлкен қорын және қосыңыз. 

Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы, бұрынғы одақтастарын да ойландырғандай қалмаған секілді. Киев кінәздіктерінің Шыңғыс империясына бодандығы, онан кейінгі Патшалық Ресейге деген бағыныштылық, кейінгі Кеңес одағының құрамына енуі... Украина 7 ғасырлық бодандықтан соң жеткен егемендігін басқа ештеңеге айырбастағысы келмеген еді. Қазақстан ядролық қарудан әлем алдында бас тартты да маңызды халықаралық келісімдерге қол қойды. Егемендігіне ешқандай сызат түспейтіндігіне айналасындағы алпауыттардан уәде алды. Міне осыдан барып «Будапешіт келісімі» сынды маңызды құжатқа Украина елі де қол қойған болатын. Алайда соңғы кездегі саяси жағдайларді ешкім күтпеген еді. 

2013-2014 жылдары болған Қырым аннексиясынан кейін жалпы жұрт «Будапешт келісімінің» маңыздылығына күдік келтіре бастады. Алайда Ресей болса, бір кездегі уәделері мен «мына тықырдың» мәні басқа екендігін түсіндіруден жалыққан  жоқ. Әлемдік сарапшылар ядролық қауіпсіздіктің халықаралық және ұлттық қауіпсіздік жүйесінің аса маңызды бөлігі болса да, адам өміріне, қоғам дамуына қауіп төндіретін, биосфера мен экожүйе жағдайына орны толмас зардап келтіретіндігін маңызды орынға қойып отыр.

«Қазақстанның тәуелсіздіктен кейінгі жасасқан «Ядролық қаруды таратпау туралы шарты»  және «Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарты» күні бүгінге дейін маңыздылығын жойған жоқ дейді британиялық сарапшы Хью Барнс. Журналист, жазушы, ресейтанушы Хью Барнс осыдан бірнеше жыл бұрын жазған бір мақаласында «Каспий теңізінің арғы бетіндегі көршілерімен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру үшін Қазақстан осы мақсатта үлкен күш-жігер жұмсады. 2013 жылы Иранды қатыстыра отырып, екі кезек жиналыс өткізді. Осының нәтижесінде 2015 жылы Иран жоғары байытылған уранның барлығын және төмен байытылған уранның 98 пайызын тастап, небәрі 300 келі төмен байытылған уран қалдырды» деп еске алыпты. Сондай-ақ «Қазақстан төмен байытылған «уран сақтау банкінің» ашылғанын жариялады. Бұл Қазақстанның ядролық мәселелердің жаһандық реттеушісіне айналу идеясы бар екендігінің белгісі» деп баға беріпті. Яғни әлемде ядролық қарудан бас тартпай отырған елдер үшін Қазақстан жолы үлгі дегенді түсіндірген екен. Иә, бұл қақтығыс та басылар. Әлем бейбітшілікті сүйеді. Адамзатқа ажал себетін қырғындағыш қарулардың көбеюіне халықаралық қауымдастық жол бере қоймасы анық. Осылайша жас мемлекеттің жаһандық бастамасы жер бетіне іргесін кеңейте береріне шүбәміз жоқ. Себебі Қазақстанның жолы – Бейбітшілік жолы.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
10.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 195
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 189
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 698
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 821
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 734

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8890
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8285
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11513
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9269
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10497