Қазіргі қоғамның ақылшылары кімдер?

Қазіргі қоғамның  ақылшылары кімдер?

Ежелден ел аузынан тараған ұғым – ақыл-кеңес берушілер немесе ақсақалдар. Әр дәуірдің салтына сай ойын ашық айтатын, халыққа тиер пайдасын сараптап отыратын белгілі бір имам немесе абыздар болғаны рас. Олардың бірі – халық арасында тарихтағы «Үш биіміз». Атап айтқанда, үш жүздің тұтастығын айрандай ұйытып ұстап отырған Әйтеке, Қазыбек және Төле билер. Олар ел арасындағы кикілжіңнің, түсініспеушіліктің түйінін шешіп отырған-ды. Сонау түркі кезеңінен пайда болған бұл ұғым әлі күнге дейін өз құдіретін жоғалтқан жоқ. Ұлы жүздің берекесін арттырып, ел қамын ойлаған бабаларымыз ұлт берекесін ойлап отырған. Сонымен қазір түрлі желілерде коуч атымен танылғандардың айтар ақылын ашып айтайық. Қазіргілердің өсегі мен бұрынғылардың өсиеті жер мен көктей. Подкасттарда отырып біреудің масқарасын елге жайып ұрыса кететін кеңесшілер қаулап кетті расында. Оны тыңдап, отбасыларының шаңырағын бұзып алып жатқандар қаншама? Сондай данагөйлердің бірі – Ақбота Әнуарбек. Желідегі сайқымазақ бейнесі біреудің күлкісін келтірсе, екіншісінің ашуын тудырып жатты. Жеке ойым ол өзінің ерсі ақылымен хейт жинап көтерілгісі келді. Ол бір сөзінде «Кітапты кедей адамдар оқиды. 7-8 мыңға бизнес кітап аласың және 1 айдың ішінде оқып боласың. Дәл сол информацияны эксперттен 2 сағатта біліп аласың» деп топшылайды өз сөзін. Трендке сай ақпаратты консультация арқылы алсақ, сонда өткен ғасырлық Абай мен Мұхтарлардың еңбегі ұмытылып кетуі керек пе? Оның даналығы бұнымен біткен жоқ. Өзінің тағы бір сөзінде «Ақша табатын және таппайтын адамның айырмашылығын білесіз бе? Ақша таппайтын адамды қымбат ресторанға апарса, өзін білдіріп қояды, плов бар ма дейді ғой. Дүниежүзінде содан басқа тамақ құрып қалғандай», – дейді. Оқырмандары оның бұл сөзін күлкі етіп сөз қылды. «Мынаның өзінің ақшасы жоқ сияқты ғой, не оттап отыр?», «Аштық болса, бірінші өлесіңау!..» деген секілді сөздерді көп оқып қалдым. Табысы төмен адамдарды сынағандай сөйледі ме, әлде негативті сөздермен танымал боламын деді ме, түсініксіз. Бұрынғы сөзбен астарлағанда осындай ойшылдар жетіп жатыр. Бірі қыз тағдыры бұндай болмауы қажет деп сөз қылады, енді бірі дін жайлы сайрайды, одан қалса осындай жолдармен алаяқтыққа баратындардың барлығын меңзеп тұрмын. Бұрын абыздар кеңесінде дау-дамай шешілетін болса, қазір тікелей эфирде сайрап біреудің ертеңін болжайды кеп. Айтқым келгені ешкімнің ақылы көне ғасырлық ақылшылардың даналығына жетпейді емес, керісінше қазіргі қоғам әділдікпен шеше алатын адамдарды керек етеді. Өкінішке орай, олардың меңзегені халықтың дауына ортақтасу емес, ақша талап етіп атақ жинау болып тұр. Тұрпайы сөзбен туралап біреудің мұңын жарияға паш ететіндерді мен қоғам ақылшылары демес ем... «Ақылды қыз білімге жүгірер, ақылсыз қыз сөзге ілігер» дейді халқымыз. Білімге ұмтылмағанның бәрін ақылсыз дейміз бе, көрген білімі осы болса? Қызды қырық үйден тыйып өсірген бабамыздың салтын сыртқа теуіп, болмашы сөзбен қаншама шаңырақты шайқалтатындардың ертегісіне сену аңқаулық секілді. Айта-айта жауыр болған сөздеріне таңғалмайтын болдық бүгінде. «Сен балаңды емізгің келмесе емізбей-ақ қой, саған күйеуің баланы емізетін сүт ана табуы керек немесе ақша беруі керек» деп беті бүлк етпей жалғастырып алып кетсе не дейсің? Әйелдік энергияң төмендейді, өз-өзіңді төмен бағалайсың дегісі келіп тұр түсінуімше. Сонда бағаны өзіне бере ме? Әдетте бағаны айналасы, араласатын ортасы, жалпы халық бермей ме? Қазақтың біте қайнасқан салтымен осыған дейін өмір сүрген әжелеріміз жаман болған жоқ, расында. Мотиватор, коучтардың 6 сағатқа созылатын сабақтарын алып ауаға қыруар ақша шашқанша, 1 кітапты шыдамым жеткенше отырып оқып, талқылап, миға сіңіру мейлінше пайдалы болары анық. «Сенген қойым сен болсаң, күйсегеніңді ұрайын» демекші, қазіргі қоғам ақылшыларын тыңдаудың пайдасы жоқ, меніңше. Зиялы ұлт болып қалыптасу үшін қоғамды ыдырататын адамдарды тыңдап емес, болашақ жайлы ойлайтын адам болып қалыптасуымыз керек деп пайымдаймын. 

Қарақат АРДАҚҚЫЗЫ
11.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 49
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 108
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 21
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 53
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 51
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 108
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 138
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 141
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 131
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 138
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 144
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 138

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11268
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10204
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13451
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12405
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17413