Қоржын

Қоржын

Қазақтың қолөнері – атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ең қастерлі кәсіптердің бірі. Көшпелі қазақ халқының  үй тұрмысында пайдаланған бұйымдары көшіп-қонып жүруге өте ыңғайлы болған. Мәселен, қоржын –  сол қолөнер бұйымдарының бірі. Қоржын жүннен иірілген жіптен тоқылады. Қоржынның түрлері де көп. Мысалы, түкті кілем, тықыр кілем, яғни кілем тоқу әдісімен тоқылған қоржындар және алаша тоқу әдісімен тоқылған қоржындар үй тұрмысында жиі пайдаланылған. Тағы бір түрі – қалың киізден тігілген қоржындар жаз айында сусынды салқын күйінде сақтауға, қыста ас-ауқаттың мұздап кетпеуіне арналған. 

Қоржынды түйенің өркешіне, аттың екі қапталына асып алуға өте ыңғайлы етіп жасаған. Көшпелі халқымыз қыс қыстауға, жаз жайлауға көшкенде ішетін ас-ауқатын алып жүруіне ең ыңғайлысы қоржын болған.

Қоржын тек үй тұрмысында ғана емес,  қазақтың той-томалағында да ерекше рөл атқарған. Құдалықта қоржын  ашу  деген  салт  бар. Баланың сүндет тойында нағашы жұрты балаға атап әкелген тайға жабуымен бірге қоржын салып әкелу ата-бабадан келе жатқан ізгі дәстүрлердің бірі. Ұлттық мұраны, қазақтың қолөнер кәсібін дәріптеу – музей қызметкерлерінің міндеті. Бәйдібек ауданындағы сәулет-көркем музейінде қоржынның бірнеше түрі бар.

– Түкті кілем, тықыр кілем, алаша тоқу әдісімен тоқылған қоржындардың нағыз шеберлердің қолынан шыққанын ою-өрнектерінен-ақ байқауға болады. Музейге келушілер біздегі көне жәдігерлер қатарындағы қоржындарды қызыға тамашалайды, – дейді Бәйдібек аудандық сәулет-көркем музейінің экскурсия жетекшісі Эльмира Жамашова.

Иә, ұлттық құндылықтарды сақтауда, жаңғыртуда музей қызметкерлерінің еңбегі ерекше. Әрине, оларға ұлттық жәдігерлерге жаны ашитын әрбір қаны қазақтың көмектесуі, қолғабыс жасауы маңызды. Сонда ғана ұлтымыздың құндылықтары келешек ұрпаққа сақталып қалмақ.   

 

Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ, Түркістан облысы
25.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 130
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 129
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 645
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 763
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 677
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 688

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8824
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8222
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11449
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9204
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10433