Құқықтық саясатты жетілдіріп отыру заман талабы

Құқықтық саясатты жетілдіріп отыру заман талабы

Құқықтық саясат туралы сөз қозғаған тұста ең алдымен жалпыға түсінікті болу үшін Құқықтық мемлекет атауын түсініп алған жөн. «Құқықтық мемлекет  – конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны. Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқығы бұзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет». Біз тәуелсіздіктен бергі 30 жылда өз бағытымызды айқындаған, өз даму жолымызды таңдаған зайырлы, демократиялық қоғам құруға бетбұрған, заңның үстемдігін бәріне биік қоятын ел ретінде таныла бастадық. Әрине дамыған елдердің деңгейіне жету үшін де әлі талай күш-жігер таныту керектігі баршаға түсінікті болса керек. 

Жалпы құқықтық саясат саласына арналған академиялық еңбектерде бұл мәселелерге арнайы түсінік берген. Біз жалпыға түсінікті болу үшін ішнара деректерді келтіре кетпекпіз. «Құқықтық мемлекет идеясының мәні – оның бірізді демократиялылығы, билік көзі ретіндегі халық егемендігін бекіту, мемлекеттің қоғамға бағынуы. Құқықтық мемлекет идеясындағы бастысы – мемлекеттің және оның органдарының зорлық-зомбылығынан, басынуынан азаматтарды қорғау кепілі болатын мемлекеттің құқықпен байланыстылығы. Құқықтық мемлекет ең алдымен, барлық мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және азаматтар бағынуы тиіс өзіндегі құқықтық ережелермен өзін-өзі шектейтіндігімен ерекшеленеді, ал ондағы басты принцип – құқық үстемдігі. Құқық үстемдігі деген ең алдымен заң үстемдігін білдіреді. Басты, маңызды, негізгі қоғамдық қатынастар заңмен реттеледі. Қоғам өмірінде заң үстемдігі арқылы, барлық саяси институттарда жоғарғы құқық бастаулары, құқық рухы енгізіледі. Осылайша азаматтардың құқықтарының шынайылығы әрі мызғымастығы, олардың сенімді құқықтық мәртебесі, заңдық қорғалуы қамтамасыз етіледі», –  дейді.

Құқықтық саясат тақырыбына түсінік берудің алдында Құқықтық мемлекет атауына ізденіс жасап көрдік. Саясаттанушы Ғалымжан Әбсаттаровтың пікірінше: «Құқықтық саясат: ең алдымен, қоғамды саяси-құқықтық жағынан дамытуға, құқықтың саясатқа құқықтық деген лауазым беру үшін саясатқа енуі ретіндегі саяси-құқықтық басқару механизмін жасап шығаруға бағытталған мемлекет қызметінің концептуалды заңдық негізі ретінде орын алады. Құқықтық саясат қоғамның саяси жүйесіне кіретін барлық субъекттердің өзара әрекеттерінің негізінде жасалып, жүзеге асырылады және жалпыұлттық мақсатты бағдарламаларда, даму концепцияларында, елдің халықаралық келісімшарттарында, заңдары мен басқа нормативті-құқықтық актілерінде, сондай-ақ басқа да ресми құжаттарда шоғырланған көрініс алады».

Еліміздің саяси өмірінде аса маңызды мәнге ие Құқықтық саясат атауына осылайша түсінік қалыптастырдық. Тәуелсіздіктен кейінгі кезеңдерде Қазақстан Республикасы құқықтық саясатты жетілдіруге бағытталған бірнеше тұжырымдамалар қабылдады.

1994 жылы Қазақстан Республикасында құқықтық реформалар жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Мұнда конституциялық, азаматтық, банк жүйесі, салық жүйесі, қаржылық, кедендік, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу қатарлы ұлттық заңнамалардың қабылдануына негіз қаланды. Бұл саладағы келесі бір маңызды құжат 2002 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының тұжырымдамасы» болатын. Аталмыш құжатта құқықтық жүйенің негізгі бағыттарын айқындайтын маңызды заңдар қарастырылған еді. Мұның бастыларынан азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын одан ары қамтамасыз ету үшін құқық қорғау жүйесі, сот саласының тәуелсіздігі назарда болды. Мұның бір мысалы судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету мәселесі заңмен реттелетін болды.

Тәуелсіз еліміздің зайырлы да демократиялы жолда дами түсуін қамтамасыз ететін Құқықтық саясат саласын дамытуға арналған маңызды құжаттардың қатарында 2007 жылы енгізілген Конституциялық өзгерістердің маңызы ерекше дер едік. Бұл Президент пен заң шығарушы орган Парламенттің маңызын арттырған шешім болды. Ал Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтің жарлығымен 2009 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының тұжырымдамасы», тәуелсіз Қазақстан тарихындағы, Құқықтық саясатты дамытуға арналған үшінші маңызды құжат еді. Ол 2010-2020 жылдарға арналды. Елбасының «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу, Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында құқық қорғау жүйесін онан ары жетілдіру мәселесі айқындалды. Жолдауда «ведомствоішілік мүдделерді қорғаудан азаматтардың құқы мен мемлекттің мүддесін қорғауға берілуге қарай ойысуы қажет» екендігін айтылды. Бұл маңызды құжат қабылданғаннан кейін елімізде құқық қорғау жүйесін оңтайландыру, құқық қорғау қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, құқық қорғау жүйесіне қарата парламенттің бақылауын күшейту мәселелері қарастырылды.

Құқықтық саясатты жетілдіруге бағытталған келесі құжат «Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» қабылданған, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің 2021 жылғы 15 қазандағы №674 Жарлығымен бекітілген «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЯСАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ» еді. Оның нәтижесінде қоғам мен мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарын айқындап берген, адам мен азаматтың негiзгi құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ мемлекеттiк институттардың жаңа жүйесiн бекiткен Қазақстан Республикасы  Конституциясы қабылданғандығын айта кету керек. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі көрсеткен заңды құжаттарда «Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында көзделген шараларды орындау Қазақстанда демократиялық, зайырлы, әлеуметтiк, құқықтық мемлекет құруға ықпал етедi. Тұжырымдаманы iске асыру дәрежесi, тиiмдiлiгi құқықтық саясаттың, құқықтық нормалардың мазмұнын, қоғам мүшелерi секiлдi мемлекеттiк органдардың да, сонымен қатар олардың лауазымды тұлғаларының қаншалықты жете түсiнуiне де, нормативтiк құқықтық актілердiң нұсқамаларын ықыласты және адал орындау дайындығына да байланысты. 

Осы Тұжырымдаманың базасында Республиканың құқықтық саясатының түрлi бағыттары бойынша (сот жүйесiн, құқық қорғау органдары қызметiн, заңгерлiк бiлiмдi жетiлдiру жөнiнде және т.б.) салалық бағдарламалар әзiрленiп, қабылданатын болады» деп анық көрсетілген. Бұл құжат қабылданғаннан бері қарайғы қысқа уақыттың ішінде көпшілікке кеңіне танымал болғаны – Сот саласындағы реформалар десек қателеспейміз. Соның шағын мысалы ретінде мыналарды айта кеткен жөн. Кадрларды іріктеу және ілгерілету жүйесі, судьялыққа кандидаттар үшін біліктілік емтиханының рәсімдері, судьяларды конкурстық іріктеу тетіктері, судья лауазымдарына кадр резервін қалыптастыру тәртібі барынша мемлекеттік деңгейде реттелуге ойыса бастады.

Мемлекеттің дамуы экономикалық саламен қоса, құқықтық саясатының кемелділігімен де өлшенетіндігі белгілі. Біз егемендіктің 30 жылында бұл салада жоғары жетістіктерге жетіп, құқықтық саясаты кемелденген ел құруға қадам басып келе жатырмыз. Егемен елдің бағындырар белестері мен алар асулары әлі де көп. Дегенмен шетелдік тәжірибелер мен жалпы адамзаттық құндылықтарды негіз еткен заңдарымыз бен кемелді саясаттарымыз қазақстандықтардың бақытты өмір сүруіне кепілдік беретін басты құжатымыз екендігін естен шығармағанымыз жөн дер едік.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
28.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 178
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 173
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 683
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 803
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 717

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8873
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8268
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11496
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9252
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10479