«Құт дарыған Тайқазан»

«Құт дарыған Тайқазан»

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығы қасиетті Тайқазанның тарихи орнына оралғанына 35 жыл толуына орай «Құт дарыған Тайқазан» атты көшпелі көрме ұйымдастырды. Сауран ауданындағы Молда Мұса, Әшірбек Сығай атындағы жалпы орта мектептерде өткен көрменің мақсаты – жас жеткіншектерге тарихымызды таныту, олардың дүниетанымын кеңейту, өткен тарихымызға деген қызығушылығын ояту болды.

Аталмыш музей қызметкерлерінің айтуынша, көрмеге 50-ге жуық жәдігер қойылды. Олардың қатарында Тайқазанды қайтару туралы архивтік тарихи құжаттар бар. Сонымен қатар, Тайқазанның макеттері, орыс саяхатшысы А.Кунның 1864 жылғы альбомындағы, 1935 жылы Тайқазанды Санкт-Петербургке алып бара жатқандағы, Эрмитаж музейінің экспозициясы болып тұрған сәтін, 1989 жылы елге әкелу үшін Эрмитаж музейінен шығарып жатқандағы сәтті, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келген тұлғалардың фотосуреттерін көруге болады.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде сақталған ортағасырлық аса құнды жәдігер – қасиетті Тайқазан. Ол 1399 жылы Түркістаннан 25 шақырым жерде, Қарнақ елді мекеніндегі ұстаханада құйылған. Алтын, күміс, мыс, қола, қорғасын, мырыш, қалайы сынды жеті түрлі металдың қосындысынан құйылған Тайқазанды Тұранның билеушісі Әмір Темірдің бұйрығымен ұста Әбділ Әзиз Шарафуддин Тебризи жасаған. Тайқазан 1935 жылы Ленинград, қазіргі Санкт-Петербург қаласында өтетін Иран шеберлерінің III халықаралық конференциясына үш айға жіберілген. Бірақ, тарихи отанына 54 жылдан кейін ғана, яғни 1989 жылдың 18 қыркүйегінде қайтарылған. 

Көрмеде Тайқазанның тарихи мекеніне оралуына мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің қосқан үлкен үлесі де тарихи құжаттармен нақтыланып, көрсетілді. Көшпелі көрме мектеп ұжымы мен оқушылардың зор қызығушылығын тудырды.

Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ, Түркістан облысы
25.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 132
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 131
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 647
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 765
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 680
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 690

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8827
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8225
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11452
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9209
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10436